Bigdata. Деректер қоры түсінігі

бет4/6
Дата19.04.2023
өлшемі1,03 Mb.
#84671
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Bigdata

Машиналық есептеуді қолдана отырып, адам олардың қандай принциптер негізінде қабылданатындығын түсінбейді. Әрине, машиналық есептеуді тура мағынасында жасанды интеллект деп атауға болмайды, ол тек алдын-ала белгіленген тапсырманы ғана орындайды. Бірақ алгоритм негізге алатын жүздеген және мыңдаған факторларды адам санасы ескермеуі мүмкін. Ал арнайы дайындалған алгоритм қолданушы үшін қандай түйісу нүктесі қажет екендігін кез-келген пайдаланушыдан артық біледі. Бұл жерде жақсы тәжірибеге қарағанда өңделген мәліметтер базасының пайдасы көбірек

Мәліметтер келетін дереккөздердің мысалы:

  • Радиожиілікті идентификаторлардан, есептеуші құрылғылардан түсетін мәліметтер
  • Әлеуметтік желілерден келетін хабарламалар
  • Метеорологиялық есептеулер
  • Ұялы байланыс жүйесіндегі абоненттердің тұрғылықты жері туралы мәліметтер
  • Аудио және видеотіркеушілер құрылғыларындағы ақпараттар

Бұл дереккөздердің кеңінен қолданылуы Big Data-ның ғылыми-зерттеу, коммерциялық және мемлекеттік басқару салаларына енуіне себепкер болады. Мәліметтер физикалық тәжірибелік қондырғылардан да келеді. Мысалы, Үлкен адронды коллайдер үнемі өте үлкен ауқымды мәліметтер тасқынын жіберіп отырады. Құрылғыдан келген ақпарат арқылы ғалымдар бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алады.

Ақпараттың жылдам жинақталуына байланысты мәліметтерді сараптау технологиясы да жылдам қарқынмен дамып келеді. Осыдан бірнеше жыл бұрын тұтынушыларды талғамына байланысты бірнеше топқа жинақтау ғана мүмкін болса, қазір әрбір клиенттің интернеттегі нақты бір тауарды іздеген әрекеттерін сараптай отырып, жеке модель құруға болады. Тұтынушының қалауы талданып, құрылған модельге байланысты жарнама немесе нақты ұсыныстар жіберіледі. Ең қызығы, бұл модель онлайн режимде өзгеріп отырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет