Биіктік артқан сайын ландшафттық белдеулердің өзгеруін


Аласа таулар ландшафттары



бет2/2
Дата13.04.2023
өлшемі1,58 Mb.
#82140
1   2
Аласа таулар ландшафттары
Биіктігі 1000 м-ге дейінгі таулар аласа болып есептеледі. 10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 2000°С мөлшерінде, жылдық орташа жауын-шашын – 500-600 мм шамасында. Ландшафттарының сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар қызғылт қоңыр және кәдімгі қара топырақта астық тұқымдастар өскен акумулятивтік-бөктерлік таулар ландшафттары, сұр топырақтарында көктерек, қайың, қарағай өскен граниттен және басқа магмалық жыныстардан құралған ұсақ шоқылы ландшафттар, саздақты, шөлейтті сұр топырақта жусан, бетеге, боз өскен аласа таулар ландшафттары, эрозияға көп ұшыраған, топырақ-өсімдік жамылғысы өте құрғақ климаттық жағдайда нашар қалыптасқан денудациялық ұсақ шоқылар мен төбелер ландшафттары. Кейде сұр қоңыр топырақтарында жусан, сораң, астық тұқымдас өсімдіктер өскен шөлді адырлар кездеседі.
Орта биіктікті таулар ландшафттары
Орташа биіктікті тау ландшафттарының қалыптасуына әртүрлі климаттық факторлар әсер етеді. Оларға ауаның таулы-жазықтық циркуляциясы, ауаның тау беткейлерімен көтерілуі, орын алмасуы жатады. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері – 550-800 мм, Алтайдың орта биіктігі тауларында 1000-1500 мм-ге дейін жетеді. Ауаның жылдық орташа температурасы 5-10°С шамасында. Суық кезең 3-6 ай аралығында. 10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 1000-2000°С-тай.
Биік таулар ландшафттары
Биік таулы ландшафттық зона 2200-2700 м биіктіктерден басталады. Ландшафттың қалыптасуына атмосфераның жоғарғы биіктіктеріндегі циркуля­циясы себепші болады. Климаты өте салқын, жылдық орташа температура 0-5°С, 10°С-тан жоғарғы жылдық температура қосындысы 1000°С-тан төмен. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 500-700 мм-ге дейін. Жауын-шашын негізінен қар түрінде түседі. Түнгі төменгі температура, қысқа вегетациялық кезең, күшті желдер ландшафт биоқұрылымдарының дамуына қолайсыз әсер етеді. Сауыр, Тарбағатай, Алтай тауларындағы биік таулық ярус тек гляциальдық-нивальдық белдем түріне келеді. Тянь-Шань мен Жетісу Алатауында ландшафттың шалғындық-далалық және гляциальдық-нивальдық белдемдері анық байқалады. Теріскей экспозиция беткейлерінің биіктігі Алтай тауларында 2800 м, Сауыр мен Тарбағатайда 3100 м, Жетісу Алатауында 3300 м, Тянь-Шаньда 360 м. Биік таулардағы климаттық жағдай өте қатал, ландшафттары аңғарлық, қазан­шұңқырлық және беткейлік мұздықтардан, биік таулар беткейлеріндегі фирн алаңдары мен аспалы қарлық мұздықтардан, көшкінді-қорымдық және мореналық типтерден тұрады.
Қазақстан тауларындағы биік ландшафттық құрылымының бірнеше типтері бар. Олар: Батыс Алтай биік таулы ландшафттық типі, Сауыр-Тарбағатай типі, Жоңғар Алатауы типі, Солтүстік Тянь-Шань типі және Батыс Тянь-Шань типі.
Барлық факторлардың: зоналылық, секторлық, барьерлік, сатылық әсер ету механизмдері бірдей. Олардың барлығы жылу мен ылғалдылықтың таралуына әсерін тигізеді. Ал олар өз кезегінде ландшафт сферасының басқа компоненттеріне де әсер етеді.
Сонымен қатар ландшафт қабығының құрылымына әсер ететін тағы бір фактор бар, ол: литосфераның беткі қабатының құрылысы мен заттық құрамы. Тау жыныстары:

  • 1) ландшафт субстратын құрайды;

  • 2) топырақтың минералды құрамын анықтайды;

  • 3) маңызды физикалық химиялық және трофиктік қасиеттерін;

  • 4) өсімдік өсуі үшін эдафикалық жағдайларды анықтайды;

  • 5) жер бедері мен гидрографиялық тордың қалыптасуына да әсерін тигізеді.

Қазақстан тауларындағы биік ландшафттық құрылымының бірнеше типтері бар. Олар: Батыс Алтай биік таулы ландшафттық типі, Сауыр-Тарбағатай типі, Жоңғар Алатауы типі, Солтүстік Тянь-Шань типі және Батыс Тянь-Шань типі.

Батыс Алтай биік таулары Сібірлік ландшафт тұрпатымен сипатталады. Бұл биік таулы ландшафт типі басқаларынан жауын-шашынның мол түсуімен ерекшеленеді. Ол орман белдеуінің кең таралуына әсерін тигізеді. Мұнда 800 м-ден 1700 м-ге дейінгі тау беткейлерінде Сібір қара самырсыны мен қайыңды-шыршалы орман өседі. Бұдан жоғары 2300 м, кейде 2600 м-ге дейінгі биіктікте самырсын, балқарағай орман балдеуі таралған. Одан биікте нивальды-гляциальды белдеу басталады.


Биіктік ландшафт белдеуінің Сауыр-Тарбағатайлық типі Сібір-моңғолдық ландшафттардың басымдылығымен сипатталады. Сонымен қатар мұнда орта азиялық ландшафт түрі де кездеседі. 1000 м-ден 1600 м-ге дейін бетегелі-бозды, түрлі шөпті, бұталы дала ландшафттары кездеседі. Бұдан 2200 м-ге дейінгі биіктікте Сібір балқарағайы, Шренк шыршасы, сонымен қатар шетен мен тал өсетін орманды-далалы белдеу таралған. Субальпілік және альпілік ландшафттар 2000-2200 м биіктіктен 3000 м-ге дейінгі аралықта орналасқан. 2800-300 м-ден жоғарыда биік таулық нивальды-гляциальды белдеу басталады.
Биіктік ландшафттар белдеуінің Жоңғар Алатауы типі Сібірлік және орта азиялық ландшафттарымен сипатталады. Таулық қара топырақта өскен астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер мен бұталар формациялары 700-1400 м биіктіктері аралығында таралған. Жалпақ жапырақты орман 1600 м-ге дейін кездеседі. 2200-2300 м биіктікке дейін таудың қарасұр және шалғынды қара топырағында шыршалы-май қарағайлы орман өскен. 2200-3100 м биіктіктерден субальпілік аршалы-шалғынды өсімдіктер басталады. 3200-3500 м биіктіктен ары нивальдық-гляциальдық белдеу кетеді.
Солтүстік Тянь-Шань типі кәдімгі ортаазиялық ландшафттармен сипат­талады. 1700-2100 м аралығындағы биіктіктерде шыршалы-көктеректі орман, ал 2000-2100 м биіктіктеріндегі беткейлерде шыршалы алқаптар басым болып келеді. Жоғарғы 2300-2700 м биіктіктер аралығында шыршалы алқаптар сирек кездесетін альпілік шалғын орын алған, 3000 м-ден 3400 м-ге дейін субальпілік шалғындар өссе, 3800 м-ге дейін субнивальдық ландшафттар таралған. 3800 м биіктіктен жоғары нивальдық-гляциальдық белдеу орналасқан.
Батыс Тянь-Шань ландшафт тұрпатында ортаазиялық ландшафттар басым болып келеді, сонымен бірге алдыңғы азиялық ландшафттар да кездеседі.
Орманда шалғындық далалық белдем 1200 м-ден 2500 м-ге дейінгі биік­тіктерде таралған. Бұл белдеу екі бөліктен тұрады. Төменгі бөлігінде 1200-2000 м аралығында ормандық қоңыр топырақта грек жаңғағы, жабайы алма өсетін жал­пақ жапырақты орман таралған. Ал 1700-2500 м аралығындағы жоғарғы бөлі­гінде таудың қара топырағында өсетін бұталар өседі. Олардың құрамында дола­на, итмұрын, пісте, бадам бар. 2300-3100 м аралығындағы биіктік белдеуінде шыршалы орман таралған. 3400 м биіктіктен гляциальды-нивальды белдеу кетеді.



  1. Биіктік белдеулігі деген не және оның негізгі факторлары қандай?

Биіктік артқан сайын ландшафттық белдеулердің өзгеруін биіктік белдеулігі деп атайды. 1 Биіктік бойынша температураның өзгеруі.
2 Жылу мен ылғалдылық өзгерісі.
3 Тау жүйелерінің географиялық орны.

  1. Таулы аймақтар ландшафттарының ерекшеліктері




  1. Ендік зоналылық дегеніміз не?

Ендік зоналылық дегеніміз – физикалық-географиялық процестердің, компоненттер мен табиғи кешендердің (геожүйелердің) экватордан полюстерге қарай заңды өзгерісі.

  1. Секторлық ландшафттық зоналар жүйесі дегеніміз не?

Меридиандық зоналық қазіргі уақытта секторлық деген терминмен аталады

  1. Азоналдылық дегеніміз не?

Азоналдылық (грек тілінен. а-теріс бөлшек және zōnē-белдеу, аймақ), белгілі бір аумақтың аймақтық ерекшеліктерімен себептік байланыстан тыс кез-келген табиғи құбылыстың таралуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет