Қалыптастыру кезеңдері
Рефлексиялық
Танымдық
Жобалаушылық
1
Педагог менеджер үйірмесі: шағын курс, оқу жоспарынан тыс практика, тәрбие іс- шаралар
Базалық, бейіндеуші пәндер бағдарламаларына қосымшалар мазмұны
Диагностика
Мазмұны
Компьютер, тест, проектор
Құралдары
Ақпараттық құрылғылар, оқу кітаптары, постерлер
Электрондық техника, дидактикалық материалдар
Тестілеу, сауалнама, әңгіме, сұрақ жауап
Фестиваль, апталықтар, көрмелер
Жобалау, презентациялау
Оқытудың тәрбиелік интербелсенді әдістері
Әдістері
Ойындар, тренингтер
Формалары
Дәріс-конференциялар, менеджерлік шеберлік сағаттары, мерекелік кештер, көшбасшы сайысы
Сурет 6 - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі
Жоғары оқу орны басшылығымен оқытушы профессорлар тарапынан студенттердің басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін айқындауға және олардың алдағы уақытта одан әрі дамуы бойынша нақтылы ұсыныстарды қалыптастыру бағытында таныстыру сипатына ие әдістерді, амалдар мен құралдарды пайдалану негізінде жүзеге асырылады.
Студенттердің басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін айқындауға арналған сауалнама, олардың білім берудегі басқарушылық, соның ішінде оқушының, сынып ұжымының дамуын басқарудың маңыздылығын түсінуі мен өздерінде басқарушылық құзыреттілікті дамытуға ұмтылуын, яғни гуманды басқарушылыққа оң қарым-қатынасының болуын; басқарушылық саласынан білімі мен басқаруды феномен тұрғысынан түсінуін зерттеуге бағытталған; басқарушылық құзыреттілігін таныта алуы, өзінің басқарушылық әрекеттерін жете түсінуі мен өздігінен бағалай алу деңгейін анықтауға бағытталған.
Студенттердің ізгілікті басқарушылыққа құндылықтарға оң қарым- қатынасының болуын айқындау барысында «Студент және менеджер» атты сауалнаманың «Сіздің менеджерлікті үйренгіңіз келе ме және қайда?» деген сұрағына қатысушылардың 91% – үйренгісі келетіндігін, олардың 32% – сабақтарда, 21,9% -элективтік курстарда; 20,7% –оқудан тыс іс-шараларда, 16,4%
–арнайы іс-шараларда үйренгісі келетіндігін айтты. Сонымен бірге,студенттердің 9% басқарушылықты үйренгісі келмейтіндіктерін жасырмады. Олармен болған сұхбатбасқарушылыққа қызығушылықтарының жоқ екендігін көрсетті. «Менеджерлік сапаңыздыкөрсете аласыз ба?» деген сұраққа жауап бергендердің 65,3% менеджерлікті көрсеткісі келетіндігін, оның үстіне жалпы жауап бергендердің 26,5% менеджерлік сапасын нақты бір жағдайларда көрсете алғандығын айтса, 8,2% менеджер болғысы келмейтіндіктерін білдірді.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығын айқындауға арналған сауалнаманың бірі – олардың педагогикалық менеджмент, басқарушылық құзыреттілік саласынан білімінің толықтығы. Университет оқытушылары қатысқан педагогикалық сараптама студенттердіңбілім берудегі басқарушылық саласынан ақпараттану деңгейінің төмен екендігін анықтады. Сарапшылар, студенттердің менеджмент туралы түсініктері болғанымен, олардың басым бөлігі педагог-менеджер болудағы маңыздылығын жете түсінбейтіндігін, басқарушылық стильдерін, атқаратын қызметтерін, рөлін, ерекшеліктері туралы түсініктері жоқтығынатап көрсетті.
Олардың басқарушылық құзыреттілік туралы түсініктерін және оның түрлерін ажырата алатындықтарын айқындау мақсатында өзіміз құрастырған педагог-менеджер тұлғасы құрылымынан студенттерге барынша түсінікті саналатын басқарудағы ұйымдастырушылық құзыреттілік жиынтығы мұқият оқуға ұсынылды. Сондай-ақ олардың ұсынылған сапалар арасында менеджер болу үшін қай сапалар маңызды емес деп есептегендерін сызып тастауларына болатындығы айтылды.
Сауалнаманың нәтижесі бойынша студенттердің көпшілігі (93,2%) менеджер рөліне сайлану үшін белсенділік, бастамашылдық, табандылық, өзін- өзі ұстай білу, еңбекқорлық, ұйымшылдық, байқағыштық (қырағылық), дербестік, көпшіл болу, зияттылық т.с.с. сияқты 10 сапаны баса көрсетті.
Одан соң, студенттерге ұсынылған басқарушылық сапаларының 25 түрі ішінен олардың пікірінше қазіргі заман менеджері үшін маңызды саналатын түрлерін көрсету ұсынылды. Сұрақтардың жауаптарын талдай келе, менеджерлік сапалардың мына түрлері студенттер үшін көбірек таныс болды:
«сендіре алу шеберлігі» – 91% студент (231) көрсетті; «эмоционалды тартымдылық» –82,3% студент (209) көрсетті; «өзіне деген сенімділік» – менеджерге тән бұл қасиетті 69,7 % студент (177) көрсетті; «білімдарлық» – бұл сапаны 65% (165) студент таңдады; «толеранттылық» – менеджерге тән бұл сапаны тізімге 62,3% (158) студент қосты; «ұжымда оң ахуал орната алу шеберлік» сапасын 56,3 % студент (143) көрсетті.
Сауалнама алу кезінде студенттер басқарушылықтың 11 сапа түрін (көпшіл болу, белсенділік, бастамашылық, ұйымдастырушылық, дербестік, сендіре алу шеберлілік, толеранттылық, білімдарлық, өзіне деген сенімділік, эмоционалды тартымдылық, ұжымда оң ахуалорната алу шеберлігі) жақсы білетін болып шықты.
Экспериментке қатысушылардың басқарушылық құзыреттілігін көрсете алу деңгейін анықтау үшін олардың әртүрлі оқу барысындағы, аудиториядан тыс іс- әрекеттеріндегі, ғылыми және т.б. студенттік қызметтеріндегі белсенділіктері бақыланды.
Бақылаудың нәтижелері басқарушылық құзыреттілігінің көрінуінің орта және төмен деңгейлерінің басымдығын көрсетті.
Экспериментке қатысушыларға бақылау жасау кезінде, олармен әңгімелесу барысында, олардың оқытушылар мен эдвайзерлерімен пікір алмасу кезінде студенттерге айналадағы ортамен қарым-қатынас орната білу тәжірибесі жетіспейді деген шешімге келдік. Мысалы, белсенділігі жоғары студенттердің (Аружан, Сара және т.б) топтық тапсырмаларды біргелікті жасау кезінде басқа да студенттердің әлеуеті елемейді. Олардың мүмкіншіліктері жетпейтін тапсырмаларды, қарсыласқанына қарамай тапсырған. Ал тағы біреулері (Айшолпан, Сабира және т.б) командалық дауыспен, оларды сескендірумен, кейбір қоғамдық, мерекелік шараларға мәжбүрлі қатыстырып отырған. Олар өз тобындағы құрбыларынан қолдау таппаған.
Экспериментке қатысушылардың тағы бірі басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының орта және төмен деңгейін байқатты. Олар топтық жұмыс барысында белсенділік танытпай, ынтымақтастықта қарым-қатынас жасау әрекеттерін көрсете алмады. Басым бөлігінде ортақпікірге келе алмады, бірінің ойына екіншісі мән бермеді. Олар өз ойларын қорғап шығуға ұмтылған да жоқ. Практикалық жұмыстар мен оқудан тыс іс-шараларға әзірлік барысында оқытушылар мен эдвайзерлер осындай көрсеткіш көрсеткен болашақ педагогтарды жауапкершілікті істергежауапты, ұйымдастырушы етіп қойды.
Ұйымдастырушылық дағдылары аз студенттер бұл тапсырмаларды орындай алмайтындарын айтты.
Сауалнама нәтижелерінде орта көрсеткіштері байқалған болашақ педагогтар өз тапсырмасын аяғына жеткізе алған жоқ. Біздің зерттеуімізде 41,5%өз ойларын қорғап, дәлелдей алмады, басқалардың пікіріне қосыла салуды жөн көрді. 27,1% топта қолайлы жағдай туғызуда қиналды; (25,2%)топқа ықпалының жоқ екендігін байқатты, құрбыларын жұмысқа тарта алмады, өйткені өздерінің оған қызығушылығы болған жоқ. 38,6%-ыкөп жағдайда шыдамсыздығын көрсетті, 49%-ы эмпатиясын көрсете алмай, 47,8%-ы толеранттылық қарым-қатынасқа аса мән бермеді, оның маңыздылығын түсінбеді. Аса белсенді және сәтті студенттер белсенділігі төмен студенттерге назар аудармады, көнгіш қатысушыларға өзін көрсетуге мүмкіншілік бермеді. Белсенді студенттердің көпшілігі, оларға «біреуге түсіндіріп, көмектесіп, қатесін жөндеп жатқаннан» гөрі, негізгі жұмысты өздері-ақ орындап тастаған оңайға соғатынын айтты. Кейбір студент менеджерлер өз тобының студенттері арасында тапсырмаларды үлестіру барысында, оларға тапсырманың ұнайтыны- ұнамайтыны туралы сұрап жатпай-ақ, ол тапсырманы орындауға қызығушылығының бар не жоқ екендігін білмей-ақ, тапсырманы беріп отырған. Бірқатар экспериментке қатысушы студенттердің педагог-менеджер болғысы келгенімен, оның тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құрылымының мазмұнын білмеді. Оның демократиялық стиліне, ізгілікті бағытының мазмұнына аса мән бермеді. Болашақ педагогтың басқару құзыреттілігіндегі эмпатия, толеранттылық қабілеттеріне баса назар аударған жоқ. Педагог-менеджердің бойында педагогикалық, менеджерлік білім, білік, дағдылардың болуы қажеттігін түсінгенімен, ондағы зияткерлік, танымдық құрамына көп көңіл бөлінбейтіндігі байқалды. Көшбасшылық біліктерді білгенімен, оларды іс-шараларды ұйымдастыру, тапсырмаларды топта орындау барысында көрсете алмады. Басқару іс-әрекетіндегі негізгі құрамының бірі коммуникативтік біліктері екендігін біледі, бірақ оларды практикалық іс-
әрекетінде, жағдаяттарда көрсете алмайды.
Сонымен қатар, оқытушылар мен эдвайзерлер тарапынан студенттермен қарым-қатынас жасауда тұлғалық-бағдарлық қарым-қатынас принципі негізінде құрастырғысы келетіндігі анықталды, мұндайда басқарушылық құзыреттіліктің қалыптасу үдерісі кезінде студент пен оқытушының (эдвайзердің) арасында бірлескен өзара әрекеттестіктің оңтайлы әсері пайда болатыны анықталды.
Сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша, бір жағынан, студенттердің басқарушылық құзыреттілікті дамытуға талаптануы айқындалды, ал екінші жағынан олардың білім берудегі басқару, соның ішінде оқушының жеке тұлғасын, сынып ұжымын басқаруға, яғни олармен өзараәрекеттестік негізіндегі диалогке даярлығы саласынан білімдерінің аздығы, басқарушылық құзыреттілігін көрсете алу мен өзінің менеджерлік қабілеттерін бағалай алу деңгейлерінің төмендігі анықталды (2.3 параграфта баяндалады).
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың жоғарыда баяндалған әдістемесінің тиімділігінің динамикасы келесі параграфта баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |