Бижанова Нұржанар Кәкенқызы



бет2/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
111Sa

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар қолданылған:



Ақпараттық қорлар кiтапханалық қор, электрондық және оқу- әдiстемелiк материалдар жиынтығы.

Басқару – реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету процесі.

Басқарушылық құзыреттілік – өз қызметі мен оқушы қызметін басқару тәсілі мен әдісін білу.

Басқару құжаттамалары жоспарлау, үрдістерді басқару, әртүрлi рәсімдерді қолдану, лауазым нұсқаулары және құрылымдық бөлiмшелердің құжаттамалары.

Бiлiм бағдарламасы – жоғары оқу дәрежесі және (немесе) академиялық бакалавр, магистр дәрежелерін иемденудегі мамандарды дайындауға бағытталған жоғары кәсiби бiлiмнің оқу бағдарламасы.

Білім берудегі менеджмент – ғылым ретінде ұйымның тиімді және әсерлі жұмыс жасауы.

Бiлiктiлiк маманның кәсiби қызметтi орындауына немесе бiлiмін жалғастыруына бiлiм туралы құжатындағы дайындығының дәрежесiн көрсететін түрі.

Бiлiм берудегі маркетинг –ЖОО тұтынушыларының мұқтаждықтары мен қажеттiліктерiнiң қанағаттылығын зерттеуге және қоғамда сұраныстарға ие мамандарды әзiрлеуге бағытталған қызмет түрі.

Бiлiм берудегі мониторинг – бiлiм қызметтеріндегі үрдістер мен рәсімдер туралы мәлiметтердiң жиынтығы және оларды талдау.

Бiлiмнiң сапасы МЖМБС талаптарына және ЖОО-ға қойылған қосымша талаптарына сай студенттер және бiтiрушiлердiң бiлiм деңгейлерiнiң сәйкестiгi. Инновациялық білім – ғылыми iзденіс пен ҒЗЖ нәтижелерінің коммерциялану дағдыларына ие мамандар дайындаудағы ғылым, бiлiм және

өндiрiстiң бiрiктiрілуi.



Кәсіби құзыреттілік жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті арттыруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.

Қамтамасыз етуші үрдістер қорлармен қамтамасыз ету, қорлар менеджменті, қолдаушы үрдістер.

Лидерлік жеке тұлғалар арасындағы қатынаста үстемдік ету.

Құзыреттілік (латын сөзі) competenens – қабілетті, қатысты деген мағынада. Белгілі бір саланың тұлғаларының білімінің, білігінің, тәжірибесінің сәйкестігінің мөлшері деген анықтама берген.

Менеджмент – (ағылшын тілінде – manage) «басқару» деген мағынаны білдіреді. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.

Менеджменттік іс-әрекет басқару барысында әлемді және өзін-өзі саналы түрде өзгертетін процесте адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.

Менеджмент үрдістері басқару қызметтерінің үрдістері және өлшеу, талдау және жақсарту үрдістері.

Нәтижелiлiк жоспарланған іс-әрекеттердің iске асырылуы және жоспарланған нәтижелердiң табысты дәрежесi.

Нәтижеге бағдарланған басқару – мақсаттық бағдарлар және ағымдағы күтiлетiн міндеттердің әлеуметтiк және ғылыми мағыналы нәтижелерімен байланыстырылатын білім жүйесіндегі ғылым және білім беру қызметтеріндегі жоспарлауға бағытталған жол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет