Қорытындылау экспертиментінде алға қойылған міндеттің шешімін табу үшін алдын-ала айқындау экспериментінде қолданған салыстырмалы-талдамалы
тапсырмалар мен таңдау әдісі, сауалнама, әңгімелесу, бақылау әдісін және т.б. диагностикалық әдістемелерді қайта қолдандық.
Қорытынды экспериментте алынған нәтижелер болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің құрамындағы сапалар бойынша талданды. Диссертацияда соның бірінен мысалдар кетіріп отырмыз, мәселен басқарушылық құзыреттіліктің тұлғалық сапалары бойынша, бастапқы мен соңғы кесіндіні салыстыру негізінде қорытынды мәліметтерді ұсынамыз (кесте 27).
Кесте 27 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің тұлғалық құзыреті құрамының үйлесімділігі
Тұлғалық құзыреті
|
ІЗГІЛІГІ
|
қайырымдылық
|
адалдық
|
әділдік
|
э.дейін
|
э.кейін
|
э.дейін
|
э.кейін
|
э.дейін
|
э.кейін
|
төменгі
|
62,82%
|
50,12%
|
60,94%
|
48,82%
|
56,22%
|
46,04%
|
орташа
|
31,08%
|
29,81%
|
31,59%
|
29,65%
|
37,61%
|
31,71%
|
жоғары
|
6,09%
|
20,07%
|
7,47%
|
21,53%
|
6,17%
|
21,89%
|
Тұлғалық құзыреті
|
ЭМПАТИЯСЫ
|
аңғарымпаздық
|
жанашырлық
|
түсінушілік
|
э.дейін
|
э.кейін
|
э.дейін
|
э.кейін
|
э.дейін
|
э.кейін
|
төменгі
|
61,56 %
|
56,02%
|
61,76%
|
49,62%
|
57,38%
|
53,94%
|
орташа
|
32,53%
|
33,08%
|
31,67%
|
29,87%
|
34,51%
|
31,27%
|
жоғары
|
5,91%
|
23,12%
|
6,57%
|
20,51,%
|
8,11%
|
22,67%
|
Тұлғалық құзыреті
|
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҒЫ
|
төзімділік
|
татулық
|
құрметтеушілік
|
э.дейін
|
э.кейін
|
э.дейін
|
э.кейін
|
э.дейін
|
э.кейін
|
төменгі
|
59,58%
|
48,06%
|
60,49%
|
47,08%
|
59,94 %
|
53,16%
|
орташа
|
32,91%
|
29,67%
|
33,07%
|
31,87%
|
33,47%
|
30,07%
|
жоғары
|
7,51%
|
21,73%
|
5,81%
|
20,33%
|
6,59 %
|
23,09%
|
Кестеде көрсетілген мәліметтер болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі құрамындағы тұлғалық сапаларының бастапқы деңгейіне қарғанда соңғы деңгейінің айтарлықтай жоғарылағандығын көрсетеді. Ал бұл біздің қалыптастыру әдістемеміздің тиімділігін айқындайды. (диаграмма түрінде Қосымша Г –да көрсетілген).
Сондай-ақ, тәжірибелік-экспериментті қорытындылау барысында алынған болашақ педаготардың мотивациялық-құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік, бағалаушылық-нәтижелік құрамдары бойынша басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуы деңгейін жинақтап кесте және диаграмма түрінде көрсеттік (кесте 27, сурет 11).
Сурет 11 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының мотивациялық-құндылықты компонентінің деңгейінің
көрсеткіштері (эксперименттің соңы)
Мына суретте эксперимент тобындағы болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының мотивациялық-құндылықты компонентінің деңгейінің көрсеткіштері мынадай: егер эксперимент басында жоғары деңгей 5,07% болса, соңында - 24,67%-ға жетті, орта деңгейге жататын студенттер саны – бастапқы да 31,16%, төмен деңгейдегі студенттердің қалыптасу кезеңінде орта деңгейге көтерілуі есебінен соңғы кесінді де орта деңгей 72,24%, құрап отыр, ал төмен деңгейдегі студенттер саны бар болғаны 3,09%-ды құрап отыр.
Сондай-ақ эксперимент тобындағы көптеген студенттер басқару іс-әрекеті саласынан білімі бойынша жоғары танымдық білімдерін көрсетті (сурет 12).
Сурет 12 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының когнитивтік компонентінің деңгейінің көрсеткіштері
(эксперименттің соңы)
Суреттен көрініп тұрғандай, қалыптастыру эксперименті барысында басқарушылық құзыреттілігінің когнитивтік компонентінің даму көрсеткіші жақсарғаны байқалды.
Бұл суретте қорытынды кезеңдегі эксперимент топтарының көрсеткіштері,егер эксперимент басында жоғары деңгей 2,07 % болса, соңында - 19,94%-ға жетті, орта деңгейге жататын студенттер саны – бастапқыда 39,87% болса, қортындыда төмен деңгейдегі студенттердің орта деңгейге көтерілуі есебінен соңғы кесіндіде орта деңгей 76,17%, құрап отыр, ал төмен деңгейдегі студенттер саны азайып, 3,89%-ды құрап отыр.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының іс-әрекеттік компонентінің деңгейінің көрсеткіштерінің динамикасын 13- суретте ұсындық.
Сурет 13 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының іс-әрекеттік компонентінің деңгейінің көрсеткіштері
(эксперименттің соңы)
Суреттен байқалып тұрғандай, эксперимент топтардағы студенттерде басқарушылық құзыреттіліктің іс-әрекеттік компоненті деңгейі көрсеткіші жақсарды. Осы компонент бойынша студенттердің жоғары деңгейі тұтастай 18,91%-ды құрады. Айқындау экспериментінде төмен деңгейді көрсеткендердің қорытындылау кезеңінде орта деңгейге көтерілуіне байланысты ол көрсеткіштің азайғандығы байқалады (58,07%-дан 4,11%-ға дейін).
Мұндай өзгерістер бақылау тобында да ішінара орын алды.
Алынған мәліметтің салыстырмалы талдауы көрсеткендей, қалыптастыру эксперименті кезінде эксперимент топтағы студенттердің іс-әрекеттік компоненті бақылау тобына қарағанда қарқынды дамыды.
Болашақпедагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының нәтижелік-бағалаушылық компонентінің деңгейінің көрсеткіштері динамикасы 14-суретте берілді.
Сурет 14 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының нәтижелік-бағалаушылық компонентінің деңгейінің
көрсеткіштері (эксперименттің соңы)
Суретте көрсетілген мәліметтерді баяндауда эксперимент тобындағы студенттердің бағалаушылық-нәтижелік компонентіндегі деңгейінің сапалық өзгерісін айтуға болады. Айқындау кезеңінен алынған нәтижеде төмен деңгей 53,39% құраған болса қорытындылау кезеңіндегі нәтижеде 2,87% дейін азайды. Сонымен қатар жоғары деңгейде 2,87% -дан 21,49%-ға дейін өсу көрсеткіші байқалды. Бақылау тобының студенттері осы компонент бойынша даму көрсеткіші жағынан аздаған өзгерістер көрсетуі біздің экспериментімізден тыс жалпы университеттік тәрбие іс-шараларына олардың қатысуынан деп білеміз.
Эксперимент және бақылау топтарындағы студенттердің басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының әрбір компоненті бойынша деңгейін анықтау тәжірибелік-эксперимент жұмысының біртұтас нәтижесін көрсетуге мүмкіндік берді.
Біздің зерттеу жұмысымыздың болжамын дәлелдеу үшін студенттердің басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының әрбір компоненті бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері үшін де, жеке эксперименттік топ үшін де, жеке бақылау тобы үшін Стьюденттің T- критерийінің көмегімен бастапқы деңгеймен эксперименттен кейінгі деңгейдің арасындағы айырмашылықтың дәл екендігі жайлы болжамды тексердік. Педагогикалық-психологиялық зерттеулер барысында математикалық- статистикалық әдістердің тәуелділікті таңдау үшін орташа мәндері айырмашылықтарының дәлдігін анықтау үшін келесі формуланы қолдандық:
Достарыңызбен бөлісу: |