Бижанова Нұржанар Кәкенқызы


Тәжірибелік-эксперимент жұмыстың нәтижелері



бет51/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
111Sa

Тәжірибелік-эксперимент жұмыстың нәтижелері


Бүгінгі қоғам талаптарынан туындаған нарық сұранысы болашақ педагогтардың басқарушылық құзыретілігінің жоғары болуын талап етеді. Болашақ мұғалім өз пәнінің мазмұны мен мәнін шыңдай алумен қатар, басқарушылық құзыреттілігі де айқын болуы тиіс. Сондықтан да, эксперимент барысында біз зерттеудің ұсынылған болжамын практикалық түрде тексеру мақсатымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тәжірибелік-эксперимент жұмысын жүргіздік. Эксперимент болашақ педагогтардың теория және практика тұрғысынан басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға арналып жасалған құрылымдық-мазмұндық модельді тәжірибелік-практикадан өткізуге бағытталды. Теориялық модель компоненттерінің мазмұндық сипаты және оның тиімді қолданылуы тәжірибеден өткізіліп, оның жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес, эксперимент кезеңдері айқындау, қалыптастырушы және қорытындылау деп алынды.

Эксперимент университеттің «5В011000 – Физика», «5В011700 – Қазақ тілі және әдебиеті» мамандықтарында жүргізілді. Экспериментке барлығы 126 студент қатысты. Соның ішінде бақылау тобында 65 адам және эксперимент тобында 61 адам болды.

Айқындау эксперименті зерттеу міндеттерінің көкейкестілігінің айқындалуымен; мақсатқа бағдарлануымен және болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрамы (тұлғалық сапалары, кәсіби білімдері, менеджерлік іскерліктері) нақтылануымен, осы бойынша олардың бастапқы деңгейлерінің айқындалуымен, олардың деңгейін көтеру мақсатында аталған қалыптастыруды жүзеге асырудың мазмұны, формалары, құралдары, әдістерінің анықталуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптасу деңгейін өлшеу белгіленген көрсеткіштер (1.3 параграфында ол туралы кеңінен айтылған болатын) негізінде жүргізілді.

Жоғары оқу орны бітірушісінің басқарушылық құзыреттілігінің құрылымын анықтау мақсатында оқытушылардан, мектеп мұғалімдерінен және

студенттерден сауалнамалар мен сұрақ-жауаптар алынды. Сауалнама мен сұрақ- жауаптар нәтижесінде оқытушылар мен студенттердің, тіпті олардың арасында гуманитарлық сала студенттері мен жаратылыстану бағытындағы студенттердің басқарушылық құзыреттілік туралы ойларының барлық сұрақтар бойынша бірдей емес екендігі айқындалды. Оған мысал келтіре кететін болсақ болашақ физика пәні мұғалімдері оқушыны дамытуды басқаруда жобалық іс-әрекеттің ықпалы басым болады десе, болашақ қазақ тілі пәні мұғалімдері тәрбие іс- шараларын ұйымдастырудың басымдылығын айтады, сондай-ақ физика мамандығындағы студенттердің басым көпшілігі басқару іс-әрекетінде бірінші кезекте оқушының зияткерлігін дамыту керек десе, қазақ тілі мамандығындағы студенттер сөйлеуін, коммуникативтік қарым-қатынасын дамытуды қажет деп тапты, физик студенттер басқарудың ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылуына аса мән берсе, қазақ тілі мамандығындағы студенттер шығармашылық тұрғыдан басқарудың қажеттілігіне ден қойды. Сондай-ақ, оқытушылар жауаптарында болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуында мектеп практикасының басым ықпал ететіндігі айтылды.

Зерттеу барысында студенттердің сауалнама сұрақтарына берілген жауаптары талқыланды. Талдау негізінде эксперимент барысында оқытушылар мен студенттердің жауаптарында ұсынылған жобалық іс-әрекет пен тәрбие іс- шаралары, жұмыстары мен шығармашылық істері де қамтып алуды жөн көрдік. Сондай-ақ, олардың айқындау эксперименті кезеңінде сауалнамаға, сұхбаттасуда берген жауаптары мен айтқан ойлары бізге диссертациялық жұмыстың 1.3 параграфында берілген болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымын жасауға және оларды үлкен үш топқа, іштей тоғыз топшаларға бөліп қарастыруға себеп болды. Болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің тұлғалық сапа, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларын ескере отырып, бір-біріне ұқсас, жақын келетін сапаларды топтастыра отырып білім беру үдерісінің қатысушылары болып табылатын, оқытушылар мен студенттерге ортақ өлшемдер мен көрсеткіштерді белгіледік. Ал бұл болса, бізге басқарушылық құзыреттілікті және оларды қалыптастыру әдістерін анықтауға септігін тигізді. Болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісін жоспарлау мақсатқа жету үшін тиімді болып табылатын педагогикалық шарттарды

анықтау міндеттерін қамтиды.

Осыған байланысты тәжірибелік зерттеудебірқатар міндеттер анықталды:



    • студенттердің педагог-менеджер тұлғасы туралы негізгі түсініктерін,

    • жоғары оқу орны білім беру ортасындағы студенттің өмір сүру әртүрлі ортасында басқарушылықтың көрініс табуына олардың қарым-қатынасын,

    • басқарушылық туралы пікірлеріне іс-әрекеттің ықпалын,

    • студенттер, оқытушылар кімді менеджер деп қабылдайтындығын,

    • студенттердің менеджерлік іс-әрекеттерді тиімдірек зерттеп, қалыптастыратынын белгілеу және т.б.

Сондай-ақ, сауалнамаға қатысушылардың басқарушылық құзыреттер құрамының қай бөлігі (тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік) басымдық

танытатынын анықтадық. Оның 1-тобында менеджер туралы білім түсінігі меноны қалыптастыру ортасын айқындауды, 2-топтағылар басқарушылық құзыреттердің маңыздылық мәнін анықтауды, өзінің басқарушылық құзыреттілігін білу, 3-топта өзін-өзі жүзеге асыруына байланысты сұрақтар қамтылды.

Алынған мәліметтерді өңдеу кезінде басқарушылық құзыреттілік маңыздылығының басымдылық мәні сауалнамаға қатысқандардың жауап нәтижелері көрсеткіштерінің сандық дәрежесімен бағаланды. Сол мақсатпен математикалық әдістер пайдаланылды. Осыған орай, басқарушылық құзыреттілік басымдық дәрежесі эксперимент тобындағы қатысушылардың көп басымдығы негізінде шыққан санына басымдық орнының маңызы ортадан жоғары көрсеткішінің және жеке басымдығының ортадан жоғары көрсеткішіне қатынасы арқылы айқындалды. Тұжырымдау барысында көпшілігі атаған басқарушылық құзыреттер есепке алынды. Осы басқарушылық құзыреттілігін жоғары оқу орнында қалыптастыруға бола ма және қандай жағдайларда, формаларда іске асыруға болады, деген сұрақтарға да жауаптар алынды. Соның біріне тоқталып кететін болсақ, студенттердің басқарушылық құзыреттілікті жоғары оқу орнында көрсетуге болады ма, деген сұраққа жауаптарының нәтижесі мынадай болды (кесте 17):
Кесте 17 – Басқарушылық құзыреттіліктің танылатын жағдайларының басымдылығы (1 – ең жоғары дәреже)


Танылатын жағдай

Басымдылық дәрежесі

Физика

студенттері (1-курс)

Қазақ тілі

студенттері (1-курс)

Физика

студенттері (4-курс)

Қазақ тілі

студенттері (4-курс)

Педагог-менеджер

үйірмесі


2

3

5

4

Өзін-өзі басқарушылық

1

4

2

6

Топтық жұмысты басқару

5

2

6

5

Педагогикалық практика

3

5

3

3

Жобалық іс-әрекет

4

1

4

1

Сабақ үдерісі

6

6

1

2

Осы кестеденстуденттің басқарушылық құзыреттілігінің қай жағдайларда таныту басымдығы анықталды. Сондай-ақ, студенттер пікірлері мамандықтарына сәйкес және курстарына сай бірдей емес екендігі көрінді.

Соның негізінде олардың бойында басқарушылық құзыреттілік қалыптастыруда, олардың осыпікірлері есепке алынды.

Болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің педагогикалық білім, білік, дағдылардың қалыптасқандығы бойынша бірдей басымдық танытқандарына куә болдық. Олай дейтініміз, олардың барлығы бірдей зияткерлік біліктерді бірінші орынға қойса, коммуникативтік дағдыларды, атап айтқан басқарудағы қарым-қатынас, тіл табысушылық, түсіністік және т.б. қабілетін екінші орынға жайғастырды.

Кесте 18 – Студенттердің пікірі бойынша, басқарушылық құзыреттілік құрамындағы педагогикалық білім, білік, дағдылардың басымдылығы (1 – ең жоғары дәреже)


Педагогикалық іскерліктер

Басымдылық дәрежесі

Физика студенттері

(1-курс)


Қазақ тілі студенттері

(1-курс)


Физика студенттері

(4-курс)


Қазақ тілі студенттері

(4-курс)


Зияткерлік біліктер, саралау,

талдау бағалау және т.б.



1

1

1

1

Коммуникативтік дағдылар

2

2

2

2

Танымдық білімдер

3

4

3

4

Кәсіби білімдерінің толықтығы

4

3

4

3

Ақпараттарды жете дұрыс меңгеру

5

5

5

5

Ал, басқарушылық құзыреттілік, соның ішінде менеджерлік білім, білік, дағдылар бойынша басымдылықты анықтауда мынадай нәтижеге куә болдық. Физика мамандығы студенттерінің бірінші орынға мақсатқа жетушілік іскерлігін шығарса, қазақ тілі мамандығындағы студенттері шығармашылыққа қабілеттілікті қоятындығын көрсетті. Біздің ойымызша бұл бір-біріне жақын сапалар. Сондай-ақ менеджерлік біліктер арасынан стандартты емес шешімді табу, бастамашылдық, тындырымдылық, қолжеткізген нәтижелерді дұрыс бағалау қабілеттерін бөлектеп көрсетеді.


Кесте 19 – Студенттердің пікірі бойынша, менеджерлік қабілеттердің басымдылығы (1 – ең жоғары дәреже)

Менеджерлік қабілеттер



Басымдылық дәрежесі

Физика студенттері

(1-курс)


Қазақ тілі студенттері

(1-курс)


Физика студенттері

(4 -курс)



Қазақ тілі студенттері

(4- курс)



Мақсатқа жетушілік

1

4

2

1

Бастамашылдық

2

6

2

3

Көшбасшылық

3

5

6

5

Стандартты емес шешімді табу

4

2

1

2

Шығармашылыққа қабілеттілік

5

1

3

4

Қол жеткізген нәтижелерді

дұрыс бағалау



6

3

5

6

Басқарушылық құзыреттілік құрамындағы ұйымдастырушылық дағдылар бойыншакестеден байқалып тұрғандай, зерттеуге қатысушы екі мамандық нәтижелерінен айтарлықтай айырмашылық көрінбейді. Сапалардың басымдығы шамамен бірдей қойылған, бірінші орынға топта жұмыс істей алу іскерлігі, екінші орынға ұйымшылдық және өзіне жауапкершілік алу дағдысын қойған.

Кесте 20 – Студенттердің пікірі бойынша, басқарушылықтағы ұйымдастырушылық дағдылардың басымдылығы (1 – ең жоғары дәреже)


Ұйымдастырушылық сапа

Басымдылық дәрежесі

Физика

студенттері (1-курс)

Қазақ тілі

студенттері (1-курс)

Физика

студенттері (4-курс)

Қазақ тілі студенттері

(4-курс)


Топта жұмыс істей алу

1

4

2

1

Ұйымшылдық

2

5

2

3

Өзіне жауапкершілік алу

3

5

5

5

Жекелік

4

2

1

2

Жеке шешім қабылдай алу

5

1

3

4

Кесте 21 – Студенттердің пікірі бойынша, басқарушылық құзыреттіліктегі тұлғалық сапалардың басымдылығы (1 – ең жоғары дәреже)




Тұлғалық сапалар

Басымдылық дәрежесі

Физика

студенттері (1-курс)

Қазақ тілі

студенттері (1-курс)

Физика

студенттері (4-курс)

Қазақ тілі студенттері

(4-курс)


Адалдық

1

2

1

1

Көпшілдік

2

3

2

2

Намысқойлық

4

5

4

4

Еңбекқор

3

1

3

3

Эмпатия

6

6

6

6

Толеранттылық

5

4

5

5

Сонымен, айқындау экспериментіне қатысқан студенттердің барлығы да

«басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыруға арнайы уақыт бөлудің мәні бар ма?» деген сұраққа, «әрине мәні бар» деп жауап берді, ішінара студенттер ғана танысу мақсатында уақыт бөлуге болатындығын айтты және әртүрлі тренингтер мен іскерлік ойындарға үлкен қызығушылық танытты.

Жүргізілген зерттеу мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік берді: жоғары оқу орнында оқу кезеңінде студенттің басқарушылық қабілетін қалыптастыру бірінші кезекте осы менеджерлердің білім беру үдерісінің субъектілеріне (оқытушылармен қатар) айналуы тиіс және басқару іс-әрекетінде өзара әрекеттестікті жүзеге асыру мақсатын негізгі алғаны дұрыс. Менеджерлік бағыттылық оқу үдерісінің міндеттерін жаңғырту үшін басқарушылық құзыреттілігін тәрбиелеу барысында – менеджер іскерлігін«көрсететін» жағдайларда менеджер тәрбиелеу тұғырларын пайдалану қажет.

Сауалнама нәтижелері бойынша әртүрлі мамандықтағы студенттердің жауаптарындағы айырмашылықтарды мамандықтың ерекшелігіне тән деп түсіндіреміз.

Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі құрамындағы менеджерлік білімдер, біліктер мен дағдылар арасындағы көрсеткішбасымдылығын анықтау кезінде сауалнамаға қатысқандардыңбір-

бірімен келіспейтіндігі байқалды. Менеджерлік білім, біліктің көшбасшылық құрамы бойынша сауалнамағажауап бергендердіңтопқа ықпал ету қабілетін, жылдам тез, адекватты шешімдер қабылдау іскерлігін, жоспарлы әрекет ету білігін атады; және стратегиялық пен қырағылыққа мән берді. Ұйымдастырушылық дағдылар бойыншатопта біргелікте жұмыс істей білу, ұжымшылдық, жеке шешім шығара білубілігін, топтағы міндеттерді шешудегі өзіне жауапкершілік артады; қарым-қатынас пен серіктестікті басым көпшілігі атап өтті.

Тұлғалық құрам бойынша педагогтың басқарушылық құзыреттілігі құрамында эмпатия мен толеранттылыққа қарағанда ізгілік қасиеттерінің болу керектігіне баса назар аударды. Бұл жауаптар біздің зерттеуде аса қызығушылық тудырды. Ол бір жағынан экспериментке қатысқан студенттердің ізгілікті тұлғалық қасиеттерді жоғары бағалайтыны қуантса, екінші жағынан басқарушылық іс-әрекетте эмпатия мен толеранттылықтың маңызын түсіне бермейтіндігін байқатты. Бұл бізге осы бағытта жұмыс істеуіміз тиіс деген қорытындыға әкелді.

Сауалнаманың бір бөлігінде болашақ педагогтардың кәсіби даярлығында олардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың қалай жүзеге асып жатқандығы жағдайына көңіл аударылды. Жауап берушілердің 39%-ы жоғары оқу орнында менеджерлікті қалыптастыруға аз көңіл бөлініп жатқанын айтса, 51%-ы олардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға пән бағдарламаларының үйірмелік сағаттардың, шағын курстардың, тәрбиелік іс- шаралардың, жобалық іс-әрекеттің мүмкіндіктері бар екендігін жоққа шығармады. 68%-ы университетте кәсіби қарым-қатынасқа, өзарасубъектілік қарым-қатынасқа аса мән берілмейтіндігін, командалық жұмысқа көп көңіл бөлінбейтіндігін, оқытушылар жағынан бақылаудыңбасымдығы мен топ міндеттерінің өзара нақты, дұрыс бөлінбеуін және т. б. жасырған жоқ.

Ал, сауалнамалардың оқытушылар мен студенттар берген жауаптарын салыстыруда болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілік құрамындағы құзыреттердің басымдығы бойынша оқытушылар бірінші орынға педагогикалық білім, білік, дағдылар мен тұлғалық сапаларды қойса, төменгі курс студенттері ұйымдастырушылық дағдылар мен көшбасшылыққабілеттерді; бітіруші курс студенттері – менеджерлік пен педагогикалықбілім, білік, дағдыларды қояды. Мектеп мұғалімдері мен төменгі курс студенттері көп жағдайларда басқарушылық құзыреттілік құрамындағы менеджерлік білім, білік, дағдылар өмірлік жағдайларда дамиды деп, көрсетсе, ал оқытушылар мен бітіруші курс студенттері оларды туылғаннан бойына беріледі және тәрбиелеуге болады деп санады.

Сонымен сауалнама нәтижелерін қорытындылар болсақ, қатысушылардың басым бөлігі басқарушылық құзыреттілікті оқу үдерісінде қалыптастыру қажеттілігін жоққа шығармады. Респонденттердің көпшілігі, болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінжоғары оқу орнының білім беру ортасында қалыптастырудың дұрыстығын жоғары бағалады. Сондай-ақ,

олароны қалыптастыруда пән бағдарламаларының, үйірмелердің, мектеп практикасының маңыздылығын айтып өтті.

Айқындау экспериментінде алынған сауалнамаға жауаптар, диагностикалық әдістемелер негізінде алынған нәтижелер негізінде мынадай ой тұжырымдауға негіз болды:


    • айқындау экспериментіне қатысушылар біз ұсынған басқарушылық құзыреттілік құрамдарының басымдығын қолдады, оның құрамдас бөлігі болып тұлғалық сапалар, педагогикалық, менеджерлік білім, білік, дағдылар болатындығын дұрыс деп тапты;

    • болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастыруда пән бағдарламалары, үйірмелер, педагогикалық практикада жүзеге асыру мүмкіндіктері зор екендігімен келісті;

    • осы мүмкіндіктерді іске асыруда субъектілік өзараәрекеттестікке және субъектілік қауымдастықта жүргізілу қажеттілігіне мән берілді;

    • қалыптастыру барысында интербелсенді әдістерді қолдану жағдайына назар аударылды.

Айқындау экспериментінің маңызды міндеттері болып студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін бағалауға арналған өлшемдер анықталды. Олар жоғары оқу орнында басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру бойынша жасалған модельдің дұрыстығын көрсетуге қызмет ете алады (өлшемдер (мотивациялық-құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік, бағалаушылық-нәтижелік) мен көрсеткіштер, деңгейлер (жоғары, орта, төмен)

1.3 параграфында жан-жақты сипатталған).

Содан соң әрбір студентке арналған әрбір көрсеткіш бойынша кешенді бағалау жүргізілді. Соның ішінде біз айқындау экспериментінде алынған болашақ педаготардың мотивациялық-құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік, бағалаушылық-нәтижелік құрамдары бойынша басқарушылық құзыреттілігінің бастапқы деңгейін жинақтап кесте және диаграмма түрінде көрсеттік (кестелер 22-25, суреттер 7-10).
Кесте 22 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының мотивациялық-құндылықты компоненті бойынша бастапқы деңгейі (%)


Компоненттері

Кезеңдер

1- жоғары

2- орташа

3-төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық-

құндылықты



бастапқы

5,07%

-

31,16%

41,37%

63,77%

58,63%


Сурет 7 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының мотивациялық-құндылықтық компоненті бойынша бастапқы мәліметтері
Кесте 23 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының когнитивтік компоненті бойынша бастапқы деңгейі (%)


Компоненттері

Кезеңде р

1- жоғары

2- орташа

3-төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Когнитивтік

бастапқ

ы


2,07




39,87%

43,59%

58,06%

56,41%


Сурет 8 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының когнитивтік компоненті бойынша бастапқы деңгейі



Кесте 24 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының іс-әрекеттік компоненті бойынша бастапы деңгейі


Компоненттері

Кезеңдер

1- жоғары

2- орташа

3-төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Іс-әрекеттік

бастапқы

3,77




37,53%

47,11%

58,07%

52,89%




Сурет 9 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының іс-әрекеттік компоненті бойынша бастапы деңгейі


Кесте 25 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуының нәтижелік-бағалаушылық компоненті бойынша бастапқы деңгейі


Компоненттері

Кезеңдер

1- жоғары

2- орташа

3-төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Нәтижелік-

бағалаушылық



бастапқы

2,87




45,81%

48,01%

53,39%

51,99%




Сурет 10 – Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуыныңнәтижелік-бағалаушылық компоненті бойынша бастапқы деңгейі

Сонымен айқындаушы экспериментте болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуы бойынша алынған кесінді олардың барлық төрт компонент бойынша да, атап айтқанда мотивациялық-құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік бастапқы деңгейлерінің төмен екендігін көрсетті.

Осыған байланысты қалыптастыру экспериментінің рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық кезеңдері (2.2бөлімінде баяндалған) жүзеге асырылды. Қалыптастырушы эксперимент барысында жасалған болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі білім беру үдерісіне ендірілді және оның тиімділігі тексерілді.

Қалыптастыру экспериментінде эксперимент тобындағы студенттерге базалық, бейіндеуші пәндер бағдарламаларының мазмұнына ендірілген қосымшалар (Базалық пәндер бойынша «Педагогика», «Білім берудегі менеджмент», «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндері және бейіндеуші пәндер арасынан «Бағалаудың өлшемдік технологиялары») меңгертілді. Оның мазмұны, оқытудағы интербелсенді әдістер туралы 2.2 бөлімінде жан-жақты айтылған болатын. Осы пәндерге қосымшалардың студенттерге меңгертілуі олардың басқару, оқушы тұлғасын басқару, сыныпты басқару саласынан, сондай-ақ, педагог-менеджердің құрылымы мен мазмұны бойынша білімдерін тереңдетті. Олардың педагог-менеджер болуға қызығушылықтары мен ұмтылыстарының артуына ықпал етті. Демек, олардың мотивациялық-құндылықтық, когнитивтік компоненттерінің жоғарылауына септігін тигізді. Ал педагог-менеджер үйірмесі (бұл туралы да 2.2 бөлімінде терең айтылған) аясында жүргізілген шағын курстар, оқудан тыс жүргізілген практика, жобалық іс-әрекет сабақтары, тәрбиелік іс-шаралар олардың басқарушылық құзыреттілігінің іс-әрекеттік, бағалаушылық-рефлексивтік) компоненттері деңгейінің артуына ықпал етті.

Қорытындылау эксперименті кезінде студенттердіңбасқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтау мақсатында осы саладан игерген білімдерін және олардың менеджерлік қабілеттерін таныта алу мен бағалай алу өлшемдеріне қатысты практикалық іс-әрекеттерінде жүзеге асыру деңгейін бағаладық. Кешенді бағалау оқытушылардың сараптау бағалары мен студенттердің өзін-өзі бағалау нәтижелерінің жиынтығынан құрылды (кесте 26).


Кесте 26 - Болашақ педагогтың басқарушылық саласындағы іс-әрекеттік, бағалаушылық - рефлексивтік компонеттерінің қалыптасу динамикасы (10 балдық шкаламен)

Менеджерлік білім, білік, дағдылар



Бақылау тобы

Эксперименттік топ

бастапқы

соңғы

бастапқы

соңғы

1

2

3

4

5

Оқушыға ықпал ету, сыныпты басқара алу

5,3

5,7

5,4

7,1

26 – кестенің жалғасы


1

2

3

4

5

Сабақ үдерісін басқаруға белсенділік

таныта алуы



6,5

6,7

6,5

7,1

Топта жетекші және орындаушы

тұрғысынан жұмыс істей алуы



5,6

6,4

5,5

7,2

Оқушының дамуын бақылау, бағалау

6,9

7,3

6,9

8,1

Әріптестерімен оң қарым-қатынас жасай

алуы


6,9

7,7

6,8

8,3

Өзіне жауапкершілік ала білуі

6,9

7,1

7,0

8,3

Рефлексияға, сынға, өзін-өзі сынауға (сыни ойлауы, сыни тұжырымдар жасай

білуі) қабілеттілігі



6,5

6,8

6,5

7,3

Өзараәрекетестіктегі ізгілікті, кәсібилікті

ажырата алуы



5,3

5,7

5,4

7,1

Жеке және қоғамдық мақсаттардың ара

қатынасын білуі



6,5

6,7

6,5

7,1

Жаңа жағдайларға бейімделуі, сыни

жағдаяттарды бағалауы, талдауы



5,4

6,4

5,5

7,3

Жаңа идеяларды ойлап табуы

6,3

6,5

6,4

7,3

Проблемаларды өздігінен шеше алуы

6,6

7,4

6,5

8,3

Білім беру субъектілерімен өзара

әрекеттестіктің аясын кеңейте алуы



6,4

7,4

6,3

8,0

Өзінің стратегиялық қырағылығын

көрсете білуі



5,3

6

5,4

8,2

Практикалық іс-әрекетті жүзеге асыру деңгейіне қол жеткізуге мынадай болжау жасалған болатын: 7 баллға дейін – төмен деңгей, 7 мен 8 балл аралығы



  • орта деңгей, 8 балл – жоғары деңгей.

Бұл бізге болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасуында практикалық іс-әрекеттер нәтижесінің маңыздылығын көрсетеді. Кестеден көріп отырғанымыздай, бақылау тобы даму өзгерістеріне қол жеткізе қоймаған. Ал эксперименттік топтарда біз жасаған болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін қолдану нәтижесінде олардың айтарлықтай жоғары көтерілгендігі көрінді. Атап айтқанда, эксперимент тобындағы студенттердің сабақ үдерісін басқаруға аса белсенділік таныту іскерлігі, өзіне жауапкершілік ала білу іскерлігі, сыни эмпатиясын, толеранттығын таныту іскерлігі, әріптестерімен оң қарым-қатынас жасай алу білігі 1-1,5 балл аралығында өскен болса; оқушыны жаңа жағдайларға бейімдеу, олардың тұлғалық дамуын бақылау, бағалау білігі, сыныпты басқара алу, топта жетекші және орындаушы тұрғысынан жұмыс істей алу, өзара әрекеттестіктегі ізгілікті, кәсібилікті ажырата алу, өзінің стратегиялық қырағылығын көрсетудағдылары 2 балға жуық артқандығын көрсетеді. Ал бұл болса, біз ұсынған әдістеменің тиімділігін дәлелдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет