Бижанова Нұржанар Кәкенқызы


Қорғауға ұсынылатын қағидалар



бет12/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70
Байланысты:
111Sa

Қорғауға ұсынылатын қағидалар


  • Басқарушылық құзыреттілік басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіби-тұлғалық қабілеттер мен басқару білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы. Ал, болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігідегеніміз оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақ үдерісін басқару іс-әрекетін қамтамасыз ететін тұлғалық қабілеттерінің, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы.

  • Педагог-менеджер демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы, әдіскер, сарапшы, басқарушы, орындаушы, эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі.

  • Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық және өлшемдік құрамдас бөліктерінің бірлігін, оған сәйкес өлшемдер мен көрсеткіштерді қарастырады.

-Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктерді жасау және теориялық тұрғыда негіздеу; кәсіби педагогикалық, менеджерлік білімдермен қаруландыратын базалық міндетті пәндердің (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі); бейіндік міндетті пәннің (Бағалаудың өлшемдік технологиялары) бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; іскерліктерін қамтамасыздандыратын «Педагог-менеджер» үйірмесі мен аудиториядан тыс іс- шараларды жүргізу, оларды оқу және оқудан тыс іс-әрекеттердің кіріктірілуінде жүзеге асыру студенттердің басқарушылық тұрғыдан жан-жақты дамуына тиімді ықпал етеді.

Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру кезеңдермен (рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық) жүзеге асырғанда нәтижелі болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет