Біз зерттеудің басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру тақырыбына өте отырып, басқару құзыреттілігін қалыптастырудың жоғарыда аталған тәсілдердің шеңберінде басқарудың функционалдық және жеке аспектілері төмендегі мәселелерді қамтитынын атап өтеміз:
- бірқатар зерттеушілер (A.A.Деркач, Е.А.Климов, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, В.В.Лаптев, А.П.Тряпицына, т.б.) басқару құзыреттілігін жеке тұлғаның басқарушылық қызметте туындайтын мәселелерді және типтік міндеттерді шешу қабілеті ретінде қарастырады. Мысалы, А.К.Маркова [67, с.157] мамандықтың кең ауқымы үшін іргелі болып табылатын белгілі кәсіптік қасиеттерді айқындайды, ол ең алдымен басқару үшін және жалпы кәсіпаралық
компоненттерді әртүрлі құзыреттілікке бөледі:арнайы құзыреттілік (өндірістік үдерістерді жоспарлау, компьютермен жұмыс істеу мүмкіндігі, офистік техника, техникалық құжаттаманы оқу, қолмен жұмыс істеу дағдылары); жеке құзыреттілік (өз жұмысын жоспарлау, оны басқару, шешімдерді өз бетімен қабылдау мүмкіндігі; стандартты емес шешімдерді (шығармашылық) табу, икемді теориялық және практикалық ойлауды, проблеманы көре білу қабілеті, жаңа білімдер мен дағдыларды өз бетімен меңгеру қабілетті); тұлғалық құзыреттілік (жетістікке ұмтылу, табысқа жету ресурсы, өз жұмысының сапасын көруге ұмтылу, өзін-өзі ынталандыру қабілеті, өзіне сенімділік, оптимизм). Мәселелерді шешу құзыреттілігінің компоненттері білім мен іскерлікті қалыптастыруға бағытталған, көп жағдайда бірлестікті талап ететін проблемалық сипаттағы міндеттерді жедел шешу іс-әрекеті, белсенді ойлау қызметі, шығармашылығы [83].
Достарыңызбен бөлісу: |