Бижанова Нұржанар Кәкенқызы


Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұны



бет25/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70
Байланысты:
111Sa

Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұны


Біз 1.1 параграфында негіздегендей, педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі оның кәсіби құзыреттілігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің құрылымы мен мазмұнын анықтау үшін алдымен басқару бағытына, стиліне, функцияларына, құрамына, сапалары мен түрлеріне талдау жасаудың қажеттілігі туындады.

Басқару психологиясында басқару және лидерлік мәселесі негізгі мәселелердің бірі болып табылып, басқару басшылық және лидерлік деп бөлінеді. Басшылық билікпен байланысты арнайы қарым-қатынас феноменінен туындаса; ал лидерлік арнайы емес қарым-қатынас жүйесінен пайда болған.

Басшылық пен лидерліктің айырмашылықтарына қарамастан Р.Л.Кричевский олардың 3 түрлі ұқсастықтарын көрсетеді:

-басшы және лидер әлеуметтік топтар мүшелерін ұйымдастырушы рөлін атқарады;



  • басшы және лидер ұжымда әлеуметтік құбылысты жүзеге асырады, бірақ әртүрлі тәсілмен;

  • басшы да, лидер де субординациялық қарым-қатынасты ұстанады [91].

Негізінен менеджер мен лидер, кәсіпкер рөлдерінің арасында біраз айырмашылықтар бар. Шетел практикасында лидер деп тәуекелге бел буған, басқаруда жаңа тәсілдер қолданатын, ұйымдастырушылық және ғылыми- техникалық жаңалықтар енгізетін кәсіпкерлерді айтады. Батыс зерттеушілерінің пікірлерінің негізінде лидер мен менеджерлер арасындағы айырмашылық белгілер төмендегідей көрсетілген:

Лидерлер қарапайымдылық жетістікке жетудің басты принципі деп есептейді. Ол барлық қызметкерлерін өз әрекеттерін қарапайым тәсілмен атқаруға үйретуге тырысады. Ол өзінің ізбасарларына жоғары мақсаттарды меңзей отырып ерекше назар аударады. Пайда төмендегенде немесе төменгі нәтижелерді көрсеткенде осы жағдаяттан шығу жолын ұсыну үшін көмек қолын ұйым мүшелеріне, топтарына созады.

Лидерлерөз қателерін мойындайды және оларды шешу үшін қажетті шараларды ашық түрде қолданудан қорықпайды. Олар өз жұмыскерлеріне сыйластықпен қарайды, оларды бағалайды, сенімдерін үнемі қорғайды. Ал өз кезегінде жұмысшылар лидерге адал және тіпті олар үшін жанын қиюға дайын болады.

Лидерлерқоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам лидер ретінде танылады.

Ол тұлғаға деген адал және сыйластық қарым-қатынас, жоғары мақсатқа жетудегі қайсарлық мынадай құндылықтарға ие.

Лидерлер адамның және оның әрекеттерінің үнемі жоғары сатыға көтерілуі үшін жағдай жасайды және олар өз қызметкерлерінің жетістікке жеткен жұмысын мойындап марапаттайды.

Лидерлер өзіне пікірлес, сыбайластар іздейді. Басшылардың, лидерлердің жеке қасиеттеріне байланысты тұжырымдар қалыптасқан:


  1. Харизматикалық (харизма - грек тілінен charisma- қабілет, талап деген мағына береді) – өзіне баурап алатындай қасиеттерінің болуы.

  2. Айрықшалық - жоғары зияттылық; жан-жақты білімділік; өз-өзіне сенімділік; бастамашылық сияқты қасиеттердің жинақталуы.

Е.Кричевскийдің құндылықтар алмасу теориясы бойынша, топтың құндылықтарын толық іске асыра алатын адамдар ғана лидер бола алатындығын айтады [92].

Б.Д.Парыгин «лидер» және «басшы» ұғымдары мазмұнының айырмашылықтарын айқын көрсеткен. Лидер жеке адамдар арасындағы қатынастарды реттесе, ал басшы әлеуметтік ұйымдардағы топтардың ресми қатынастарын реттейді. Лидерлік – микроортаның, ал жетекші макроортаның элементі. Лидерлік құбылыстың тұрақтылығы төмен, себебі оның тұрақтылығы топтың көңіл-күйіне байланысты, ал жетекшілік – едәуір тұрақты құбылыс. Қоластындағыларды басқаруда жетекшіде лидерге қарағанда әртүрлі мүмкіндіктер жүйесі бар, ал лидерде ондай мүмкіндік жоқ. Басшының шешім қабылдауы анағұрлым күрделі және топқа қатысты болуы міндетті емес түрлі жағдайлардан талап етілуі мүмкін, ал лидер барынша топқа тікелей қатысты шешімдерді қабылдайды [93].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет