Бижанова Нұржанар Кәкенқызы



бет43/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70
Байланысты:
111Sa

Эксперименттің қорытындылау кезеңінде:

  • болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының динамикасы тексерілді, кесінділер алынды;

    • педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің тиімділігі туралы біздің тарапымыздан әзірленген модельдің ықпал ету дәрежесі айқындалды.

Біз ұсынған эксперименттік жұмыс сызбасы 5-суретте көрсетілген.

Осылайша, экспериментті ұйымдастыру эксперименттік жоспарға сәйкес бақылау және эксперименттік топтарды пайдалану, бастапқы және қорытынды тестілеу, сондай-ақ бастапқы деректерді жазып, әрбір топтағы өзгерістер динамикасын қадағалайтын аралық кесінділерді жүзеге асыру негізінде жүргізілді.



2016-2017 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу үдерісінде біз әзірлеген модельдің тиімділігін тексеру және оның тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайды анықтау мақсатында ұйымдастырылған педагогикалық эксперимент өткізілді. Экспериментке 5В011000–Физика, 5В011700–Қазақ тілі және әдебиеті мамандықтарының екінші және үшінші курс студенттері қатысты. Педагогикалық экспериментті жүзеге асыру үшін бақылау (БТ) және эксперимент (ЭТ) топтары құрылды.


Сурет 5 - Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру моделінің жұмыс істеу тиімділігін бағалау бойынша эксперименттік жұмыс жоспары

Экспериментке алынған мәліметтердің объективтілігі профессор- оқытушылар құрамының, оқытушылардың, оқу топтары эдвайзерлерінің, болашақ мұғалімдердің кәсіптік білім беру саласындағы мамандары мен өкілдерінен тұратын сараптау тобының қатысуымен қамтамасыз етілді. Сараптамалық топтың жұмысын құру және ұйымдастыру сараптама жүргізудің жалпы принциптері мен қазіргі заманғы ғылыми талаптарға сәйкес жүргізілді [190-192]: сараптамалық жұмысты ұйымдастыруды жүйелеу және оны нормативтік-әдіснамалық қолдау бірлігі; сараптама үдерісіне қатысушылардың тәуелсіздігі, олардың құзыреттілігі және объективті нәтижелерге қызығушылығы; сараптамалық бағалаудың ғылыми негіздемесі; сараптама қорытындылары бойынша жасалған қорытындылардың объективтілігі; жариялылығы, бағалаудың кешенділігі және т.б. Сарапшылар тобының негізгі міндеті анықталған өлшемдер дәрежесін бағалау және біз әзірлеген модельдің іске асырылуымен байланысты барлық өзгерістерді және шарттар жиынтығын жазу болды.

Педагогикалық эксперимент эксперименттік жоспарды таңдаумен қатар оның диагностикалық аппаратын дамытуды педагогикалық жоғары оқу орындары студенттері арасында басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау, тиісті диагностикалық әдістерді таңдау қамтиды және төменде олардың түрлері ұсынылады.

Диагностика әдістері: негізгі диагностика әдістері: тестілеу және сауалнама, олар зерттеудің барлық деңгейінде пайдаланылды, сонымен қатар стандартты тестілік әдістемелер қолданылды.

Мынадай диагностикалық әдістемелер пайдаланылды:


  1. «Құндылықты бағдарлар қалыптасу деңгейін анықтаушы» Б.С.Круглов (М.Рокич әдістемесінің бейімделген түрі);

  2. О.И.Мотковтың тұлғаның өзін-өзі бағалауға арналған сауалнамасы.

  3. Н.Қ. Тоқсанбаеваның «Ерік жігеріңіз мықты ма?» сауалнамасы.

  4. Тұлға бағыттылығын диагностикалауға арналған Б.Басс әдістемесі;

  5. Дж.Роттер бейімдеген әдістеме – субъективті бақылау деңгейін анықтаушы сауалнама;

  6. Т.Элерстің сәтсіздіктен қашу және жетістікке жету мотивациясын анықтаушы әдістеме;

  7. И.М. Юсуповтың эмпатия деңгейін анықтауға арналған әдістемесі;

  8. Ұйымдастырушылық және коммуникативтік бейімділігін анықтау әдістемесі және т.б.

  1. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс деңгейінде біз Б.С.Кругловтың

«Құндылықты бағдарлар қалыптасу деңгейін анықтау» әдістемесін қолдандық. Айқындау эксперименті барысында аталған әдістемені қолдану сыналушылардың дифференциация механизмінің қалыптасу деңгейінің көрсеткіші бойынша бірнеше топты ерекшелеуге, яғни құнды таңдау жасай алу қабілеттерін анықтауға мүмкіндік берді. Айқындау экспериментте аталған әдістеме студенттердің құндылықты бағдарлар жүйесін мазмұндық бағытын анықтауға, сыналушылардың өзге адамдарға, өзіне және қоршаған ортасына

деген қатынасын анықтауға мүмкіндік берді. М.Рокичпен қатар, Б.С. Круглов құндылықтардың екі жүйесін ұсынады: 1) құнды – мақсаттар – бұл адамның негізгі мақсаттары, олар ұзақ мерзімді өмір жоспарын көрсетеді, яғни тұлғаның қазіргі және болашақтағы ұмтылысы. 2)құндылықты құралдар өмір мақсатына қол жеткізу құралдары ретінде сипатталады. Мақсатты құндылықтарды іске асыруға болатын құрал ретінде көрінеді.



  1. О.И.Мотковтың тұлғаның өзін-өзі бағалауға арналған сауалнамасы.

Әдістеме тұлғаның өзін-өзі бағалауы мен жалпы даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Сыналушыға 24 қасиеттен тұратын тізім ұсынылады, ол өзінің бойындағы осы қасиеттердің қандай деңгейде екенін обьективті 5 баллдық өлшем түрінде көрсетуі қажет. 24 қасиет келесі факторлар бойынша топтастырылады. Олар: адамгершілік, ерік-жігер, дербестік, шығармашылық, әуендестілік, жалпы тұлғаның жағымды өзін-өзі бағалауы.

  1. Н.Қ.Тоқсанбаева ұсынған «Ерік жігеріңіз мықты ма?» сауалнамасы. Әдістеме арқылы студенттердің бойындағы еріктік салалары анықталды. Әдістеме 6 сұрақтан, әрбір сұрақ үш нұсқадан тұрады.Қорытынды, психологтың кеңесі мен диагнозы:

Егер, сіздің жауаптарыңыздың ішінде «а» жауабы көбірек белгіленсе,«байсалдылық адамға ажар береді» деген сіздің өмірлік ұраныңыз болуы мүмкін. Десек те, бұл мақал әркез өмірге сай келе бермейді. Көбіне сіз біріншілікті басқа адамға беріп, өзіңіз көлеңкеде қаласыз. Тыныш қана бір бұрышта отыра бересіз. Басқаның сізді елемегенін көңіліңізге кейде ғана аласыз. Жұрт сізді сыпайылығыңыз үшін жақсы көреді. Бірақ бұл қасиетіңізді біреу бағаласа, екінші біреу содан пайда табуды көздейді.

Егер, жауаптарыңыз ішінде «б» жауабы көбірек болса, сіз өзгелерді қағып- соғып жүруге бейімсіз. Ерік-жігер күші сізде жеткілікті болуы мүмкін. Ол қасиетті тек мадақтауға лайықты уақытта ғана пайдалануыңыз мүмкін. Сіз жарқырап жүруді, өзгенің көңілін өзіңізге аударғанды жақсы көресіз. Басқаларды сынап, баға бергенді ұнатасыз. Сондай-ақ, адамның күші, тапқырлығы, білімі сізге ұнаса, керісінше оның сезімталдығы, көнгіштігі, жұмсақ болуы таң қалдырады. Көбінесе көздеген мақсаттарыңызға жетесіз. Бірақ сол жетістіктеріңіздің сізге қаншалықты абырой әкелетіні белгісіз. Сізге ұқсайтын адамдар сәттілігіне қарамастан көбіне жалғыз болатынын ұмытпаңыз. Егер, жауаптарыңыздың ішінде «в» жауабы көбірек белгіленсе, сіздің ерік жігеріңіз күшті дамыған. Сондай-ақ, сіз тумаңыздан дипломат әрі іс- әрекетіңізді бақылай аласыз. Шектен тыс тапсырмаларды орындауға мақсат қоймайсыз, мұратыңызға жүйелі түрде баппен жетесіз. Сіз өз-өзіңізге сенімдісіз және өзгеден басымдырақ екеніңізді де білесіз. Біле тұра, бұл қасиетіңізді басқаға ашық білдіріп, міндет етпейсіз. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді. Қойған мақсатыңызға да жетесіз. «Сабыр түбі – сары алтын» демекші, жеңіске жету үшін кейбір жағдайда сабырлық та таныта аласыз. Егер,берген жауаптарыңыздың саны тең болып жатса, сіздің аралас түрге жататыныңыз болса керек. Демек,

мінезіңіз көңіл-күйіңізге, жағдайға байланысты өзгеріп тұрады. Құбылмаңыз.

Н.Н.Обозов ұсынған «Ерік жігеріңді бағала» сауалнамасы» ерік жігерді анықтауға арналған.

Нұсқа: Төменде көрсетілген 15 сұраққа жауап беріңіз. Әрбір берілген жауапқа «иә» - 2 балл, «білмеймін», «кейде болады», - 1балл, «жоқ»- 0 балл беріледі. Жауап беру кезінде бірден балды қойып отырыңыз.



Сауалнама мәтіні:

  1. Сізге қызықты емес істі аяқтай аласыз ба?

  2. Өзіңіз істегіңіз келмеген істі ерік жігеріңізді мәжбүрлеп істейтін кезіңіз болды ма?

  3. Жұмыста немесе достарыңыздың арасында кикілжің жағдайы болған кезінде өз-өзіңізді қолға алып барынша объективті қарай аласыз ба?

  4. Сізге диета ұсынылған жағдайда барлық аспаздық мәзірден бас тарта аласыз ба?

  5. Кешкісін жоспарланғандай күнделікті уақыттан ерте тұра аласыз ба?

  6. Куәгер болу үшін оқиға болған жерде қала аласыз ба?

  7. Хаттарға тез жауап жазасыз ба?

  8. Ұшақпен ұшу немесе тіс дәрігеріне бару секілді жағдайлар сіз үшін қорқыныш ұялатса соңғы сәтте бас тарта аласыз ба?

  9. Дәрігер ұсынған дәмі жағымсыз дәріні қабылдай аласыз ба?

  10. Қызулықпен берген уәдеңізде тұра аласыз ба? Тіпті оның жұмысы қиындық тудырса да?

  11. Сіз басқа қалаға еш уайымсыз жұмыс барысымен кете аласыз ба?

  12. Күн тәртібін қатал орындайсыз ба?

  13. Кітапханаға кітап қарыз студенттерге жағымыз қарайсыз ба?

  14. Қызықты бағдарлама сіздің жұмысыңыздың орындалуына кедергі бола ала ма?

  15. Сіздің көңіліңізге тиетін сөз айтса үндемей тұра аласыз ба?

  1. Тұлға бағыттылығын тексеру мақсатында біз «Тұлға бағыттылығын анықтау» сауалнамасын қолдандық (Б.Басс). Анкета бірнеше сөз тіркестері жүйесінен тұрады, әрқайсысында тұлғаның үш бағыттылығына сәйкес үш жауап бар. Студенттерге өздерінің күйлеріне жақын және шынайылыққа жақын жауапты таңдау ұсынылған. «Жақындау» деген жауап – 2 балл, «жақындығы төмендеу» деген жауап 0 балл, өзге таңдалмаған жауап – 1 балл. 27 бөлім бойынша таңдалған балдар, әр бағыт үшін бөлек есептелінеді. Әдістеме арқылы бағыттылықтың келесідей түрлері айқындалған:

    • Өз-өзіне деген бағыттылық, тікелей қанағаттану мен марапаттау, белгілі бір белгіге жетудегі агрессия, билік, қарама-қарсылыққа бейінділік, үрейлену, интроверттілік.

- Қарым-қатынасқа түсуге деген бағыттылық (ҚҚ) – қандай жағдайда болмасын адамдармен қарым-қатынасқа түсу, бірлескен іс-әрекетке бейінділік, бірақ көп жағдайда ол белгілі бір тапсырмалар немесе адамдарға шынайы көмек көрсетуге зиян келтіре орын алады, әлеуметтік қолдауға бағыттылық, топқа тәуелділік, адамдармен эмоционалды қарым-қатынасқа тәуелділік.

қызығушылық таныту, жұмысты неғұрлым жақсы орындау, іскерлік ынтымақтастыққа бағытталу, жұмыс мақсатымен тұспа тұс өзіндік пікірді қорғау.

  1. Айқындау және қалыптастырушы деңгейлерде біз Дж.Роттердің бейімделген әдістемесін пайдаландық, ол Е.Ф.Бажин, Е.А.Голынкина, А.М.Эткинд өңдеген субъективті бақылау деңгейін анықтаушы сауалнама оның мақсаты жауапкершілік динамикасын, «Мен» құбылмалы өзгерістері мен белсенділікке даярлықты зерттеуге арналған.

Қазіргі уақытта психологияда жауапкершіліктің екі түрі туралы тұжырымдама кең тараған [52, с.114]. Бірінші түрдегі жауапкершілік егер тұлға өзімен болған барлық жағдайларға өзін жауапты сезінсе орын алады. Екінші типті жауапкершілік жағдаятқа байланысты, адам өзімен болған барлық жағдайға өзге адамдар немесе сыртқы әсерлер, жағдаяттар жауапты деп ойлаған кезде болады. Жауапкершілік түріне қарай тұлғаға белгілі бір бақылау шамасына сәйкес: интерналды немесе экстерналды.

Интерналды (ішкі) бақылау жүргізуші адам, өмірінде орын алған жағдайларға өзі жауапкершілік сезінеді, ол оны өз мінез-құлқымен, мүмкіндіктерімен түсіндіріп, алға қойылған мақсаттарға қолжеткізуде үлкен күш-жігер танытады. Экстерналды (сыртқы) бақылау, керісінше барлық жауапкершілікті сыртқы факторларға аударуға тікелей байланысты.

Жауапкершілік мәселесін субъективті бақылау категориясы арқылы көрсетуге болады, ол адамның кәсіби және тұлғалық өсуінің өлшемі болып табылады. Субъективті бақылау жүйесінің тұрақтылығы тұлға тұтастығының алғышарты, тұлғалық еркіндік ретінде қарастырылады.

Субъективті бақылау деңгейі сауалнамасы көп өлшемді шкала, ол түрлі өмірлік жағдайларға қатысты бақылаудың жеке ерекшеліктерін айқындайды. Тест авторларының іс-әрекетті реттеу жүйесі құрылымы туралы иерархиялық ойларынан туындаған. Сауалнама 44 бөлімнен тұрады, онда төмендегідей көрсеткіштер ерекшелінген: бақылаудың жалпы көрсеткіші (жалпы интерналдылық шкаласы - Иж); жалпыламалықтың орташа деңгейінің екі көрсеткіші (жетістіктер аясындағы интерналдылық шкаласы – Ид және сәтсіздіктер Ис); сонымен қатар нақты жағдаятқа қатысты қарым-қатынасы бар арнайы төрт көрсеткіш, жағдаяттар отбасылық (Ио), оқу іс-әрекетіне қатысты (Иоі), тұлғааралық (Ит), денсаулық және т.б. (Иа) [33, с. 89].



  1. Сәттілік туралы тұлғалық маңызды бейнелерді анықтау үшін маңызды шамалар тұлғаның түрткісін диагностикалау және сәтсіздіктен қашуды анықтау. Ол үшін төмендегідей әдістемелер қолданылды: «Жетістікке деген түрткі»,

«сәтсіздіктерден қашуға деген түрткі». «Жетістікке деген түрткі» әдістемесін Т.Элерс жетістікке, мақсатқа жету мотивациясының күшін бағалау үшін өңдеген. Сауалнама 41 сұрақтан тұрады. Т.Элерстің тұлғаның сәтсіздіктерден қашу түрткісін диагностикалаушы әдістеме, тұлға қауіпсіздік деңгейін бағалауға, сәтсіздіктерден қашу түрткісін, белгілі бір қайғы алдындағы қорқынышты анықтау. Сыналушыларға 30 жолдан тұратын сөз тізімі беріледі, әр жолда 3 сөзден болады. Әр жолдан нақты сипаттама беруші бір сөзді таңдап белгілеу

керек.


  1. Өзгені тұлғааралық қарым-қатынаста түсінуін анықтау үшін біз И.М.Юсуповтың «Эмпатия деңгейін диагностикалау» әдістемесін қолдандық.

Эмпатия (ағылшын тілінен «сезіну») – өзге адамдар сезіміне адамның эмоционалды жауап беруі, ол аяушылық, өзге қайғысына ортақтасуда көрінеді. Эмпатия тұлға мінез-құлқының әлеуметтік тұрғыда реттелуіне маңызды әсер етеді. Студенттерге төмендегідей мазмұндағы нұсқаулық берілді: «Бірнеше сөзтіркесін бағалауды ұсынамыз. Сіздердің жауаптарыңыз жақсы және жаман деп бағаланбайды, сол себепті шынайылық танытуларыңызды сұраймыз. Сөзтіркестерін оқу кезінде ұзақ ойланудың қажеттігі жоқ».

Әдістеме жастардағы эмпатиялық тенденциялар дамуын айқындауға мүмкіндік берді. Біздің зерттеуімізде эмпатия деңгейі жауапкершілікті қабылдау немесе одан бас тартуға әсер етуші фактор ретінде қарастырылды.



  1. Коммуникативтік және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерін айқындау әдістемесі тұлғаның өзге адамдармен тез және нақты байланыс орната алу біліктілігін, байланыстарды кеңейтуге ұмтылысын, өзгелерге әсер ете алуын, бастамашылдық танытуын, топтық іс-шараларға қатысуын және т.б. қамтыды.

Әдістеме 40 сұрақтан тұрады, жауап беру барысында сыналушы оларға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруі керек. Әдістеменің орындалу уақыты 10- нан 15 минутқа дейін. Мәліметтерді өңдеу әдістеме кілтіне сәйкес жүреді, сонымен қатар коммуникациялық деңгейі бөлек және ұйымдастырушылық деңгейі бөлек анықталады.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты іске асыру кезінде біз жоғарыда аталған әдістемелермен қатар, қосымша диагностикалық әдістемелерді қолдандық. Қорытындалай келе, көрсетілген әдістемелерді қолдану бізге:



    • студенттердің басқарушылық құзыреттіліктерін және соның құрамында қарастырылатын тұлғалық қасиеттерін анықтауға;

    • әдістеме мен оның құралдарының тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Эксперимент барысында тұлға параметрлерін айқындау үшін диагностикалық әдістемелердің сенімділігін қайтара қолдану арқылы және көптеген қосымша әдістер арқылы анықталды.

Болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуы оқу және оқудан тыс уақытта жүреді. Оқу жұмысы формальды негізде, ал оқудан тыс оқытушы мен студенттің бейресми өзара әрекеттестігі негізінде туындайды. Оқу жұмысы, оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізілген сабақтар, бұл жерде пәндер бойынша қосымша берілетін сабақтар да кіреді. Оқу сабақтары оқу-тәрбие үдерісінің нақты жоспарлануы мен ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, үдерісті жүйелі түрде басқару мен студенттердің оқу-танымдық іс-әрекет нәтижелерін көрсетеді.

Оқу іс-әрекеттерінде басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру үдеріс сабақ барысында келесідей оқытудың формалары мен әдістерін пайдалану арқылы жүреді: бинарлы-дәрістер, кеңес беру дәрісі, проблемалық дәрістер, теориялық семинар, семинар-практикум, семинар-әңгіме, семинар-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет