Шағын курстардың дәріс семинарлары ұйымдастырылды және өткізілді. Соның бірінен мысалдар келтіріп өтейік «Білім беру ортасын жобалау» дәрісінің негізгі мақсаты – қазіргі заманғы оқу ұйымдарының білім беру ортасын жобалау және жабдықтау туралы ақпаратты жүйелеу. Осы дәрістерді меңгеру барысында студенттер кәсіптік мектептерде білім беру ортасын дамытудың негізгі бағыттарын, жеке ғимараттар мен оқу орнының құрылымдық компоненттерін, жабдықтармен оқыту семинарларын, зертханалар мен кеңселер стандарттарын, оқу мен оқу-әдістемелік мүмкіндіктеріне қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары мен дербес өндірістік, қауіпсіздік мәселелері, санитарлық- гигиеналық кабинеттердің жабдықтары мен жабдықтарға арналған техникалық талаптарды игереді. Нәтижесінде студенттер оқу орнының білім беру ортасын ұйымдастырудың үздік нұсқаларын табуға, білім беру және өндірістік процестің ұтқыр және өзгермелі кеңістіктік ортасын құру бойынша мақсатты жұмыс жүргізуге үйренеді.
«Білімдегі ақпараттық технологиялар» дәрісін игеру олардың ақпараттық технологиялар тұжырымдамаларын қорытуды қамтамасыз етеді; студенттерді тарихты, кәсіби білім беруді ақпараттандыру қағидаларын, білім беру ұйымдарында компьютерлік техниканы, видеотехниканы және коммуникацияны пайдаланудың негізгі бағыттары мен білім беруді басқару жүйесімен таныстырады. Оқудың негізгі мақсаты – студенттерге білім беру материалдарының фрагменттерін немесе Power Point бағдарламасының көмегімен негізгі оқу бағдарламаларының мазмұнын ұсынуға, қалыптасқан ұғымдарды түсіну, зерттелетін технологиялық объектілердің көрінісі, суреттері және т.б. үйрету.
«Шығармашылық – ғылым – ғылыми зерттеулер» дәріс семинары мұғалімнің ғылыми басқарудағы шығармашылық әлеуетін дамытады.
Оқу жоспарынан тыс практика (эксперимент тұрғысынан) оқушылардың мектептегі оқудан тыс үйірме сағаттары есебінен өткізілді. Оқу жоспарынан тыс практиканың мақсаты – болашақ педагогтардың оқушылармен өзара әрекеттестікке түскенде басқарушылық дағдыларын дамытуға ықпал ету. Оқу жоспарынан тыс практика аптасына бір рет 2 сағат барлығы 32 сағат көлемінде жүргізілді. Сағат екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлім – жобалық іс- әрекет сабақ өткізіледі. Екінші бөлім – оқушылармен оларды қызықтыратын тақырыптарында әңгімелесу, біргелікте серуендеу, мұражайға, театрға, концерттік бағдарламаларға бару, оның нәтижелерін талдау, ой бөлісу, қорытындылау, эссе жаздыру және т.б. Осы сабақтар арқылы олардың сабақты, сынып ұжымын, оқушы тұлғасының дамуын басқару тиімді болады.
Экспериментке «5В011000 – Физика», «5В011700 – Қазақ тілі және әдебиеті»мамандықтарындағы студенттер қатысқандықтан олардың мектепте оқушылармен жүргізілген жобалық іс-әрекет сабақтары, физика саласынан жобалық іс-әрекет, қазақ тілінен жобалық іс-әрекет, қазақ әдебиетінен жобалық іс-әрекет болып үш топқа бөліп оқытылды. Оқушылар сабақты меңгеру нәтижесінде «Латын әліпбиін үйрену ерекшеліктері», «Әдепті сөздер әлемі»,
«Шешендер шешкен даулы мәселелер», «Түркі ғұлама ойшылдары еңбектеріндегі басқару туралы ой-пікірлер», «Күн энергиясын пайдалану»,
«Баламалы энергия көздерін алу жолдары», «Робототехниканың даму перспективалары» және т.б. тақырыптар бойынша жобалар қорғады.
Болашақ педагогтардың оқу жоспарынан тыс педагогикалық практикасы төрт кезеңнен тұрды: 1) практикаға даярлық (кеңес, жеке жұмыс жоспары, күнделік, сабақ және тәрбие жұмысының сценарийлері және т.б.); 2) білім алушылардың практика алдын ала қорғауы (есеп); 3) Білім алушылардың практика қорғауы (есеп); 4) практиканың қорытынды конференциясы (баяндама) және негізгі әдістемелік принциптері өзін-өзі бақылау, өзара бақылау жеке кеңес алу, түзету болып табылады.
Педагог-менеджер үйірмесінің жұмыстары сабақтан тыс уақытта жүргізілетін университетте және мектепте өткізілетін тәрбие іс-шараларын (бұқаралық мәдени шаралар, демалыс күнін тиімділікпен өткізу, спорттық жарыстар, байқаулар және т.б.) ұйымдастыру және өткізуден тұрады. Мектеп оқушыларымен бірлестікте бір тәрбие іс-шарасын ұйымдастыру осы үйірменің қорытынды кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастыру мен өткізу сценарийі үйірме сағатында талданады. Тәрбиелік іс-шара сценарийі мақсат қою, жоспарлау, мазмұны, формасы, құралдары, күтілетін қауіптер, күтілетін нәтижелер, талдау, бағалау, түзету және т.б. құрамдас бөліктерден тұрады. Осы дағдыларды игеру нәтижесінде болашақ педагогтардың басқарушылық тәжірибені молайту стратегиясы, көшбасшылық әлеуетін ашу, оқушылармен өзара субъектілік әрекеттесуде диалогке даярлықтары, ұйымдастыру қабілеттері артса, оны өткізу барысындағы процедураларда әртүрлі жағдаяттық мәселелерді шешу барысында эмпатиясы мен толеранттығы дами түседі. Осы бағытта
экспериментке қатысқан студенттер оқушылармен біргелікте рухани жаңғыру бағыты аясында «Елім деп соққан жүрегім» атты мерекелік кеш, «Қазақстанның негізгі ұстанымы – толереанттылық» тақырыбында диспуттық бағдарлама,
«Қазақстанның болашағы» тақырыбында оппозициялық пікір-талас және т.б. өткізсе, «Ұстазым ұлылығыңды пір тұтам» атты концерттік бағдарлама,
«Интеллектуалды сайыс олимпиадасы», «Көшбасшылар сайысы», «Қайырымды жанмын» атты қайырымдылық акциясы сияқты іс-шаралар өткізді.Осы жоғарыда көрсетілген пән мазмұнына қосымшалар мен педагог-менеджер үйірмесінің жұмыстарын жүргізуде интербелсенді әдістерін қолданған жөн. Осы тұрғыдан біз диссертациялық жұмыста жоғарыда көрсетілген бағдарламалар мазмұнын оқыту барысында қолданған әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіргенді жөн санадық. Бұл туралы автордың өзінің жарық көрген еңбегінде де айтылады [197].
Алдымен аталған қосымшалар мазмұнын студенттерге меңгертудегі сабақтардың өзара байланыстағы белгілі бір кезеңдік құрылымнан тұратындығына мән бердік.
Бірінші – басқару құзыреттілігінің мазмұны мен құрылымы туралы жеткілікті деңгейде толық ақпарат беру қажет. Студент дәрістер, практикалық жаттығулардың көмегімен және өзінің қабілетіне, ұмтылысына, өзін-өзі дамытудағы белсенділігіне байланысты не нәрсе үйрене алатындығын түсінуі маңызды.
Екінші–практикалық әрекеттер кезеңі. Бұл – тиісті әрекетке сәйкес білудің, үйренудің нәтижесі және оны иеленетін адамның әрекеті.
Үшінші–жалпы және типтік дағдыларды түсіну, практикалық әрекеттерді егжей-тегжейлі талдау кезеңі. Бұл дәрістер мен практикалық жаттығулардың ауысуына ықпал етеді. Осылайша, теориялық білімдерді практикалық әрекеттермен байланыстыруға мүмкіндік пайда болады. Өзара ауысу кезеңі өзін- өзі көрсету және өзін-өзі дамыту тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл
маманның жалпы кәсіби даму процесінің құрамдас бөлігі.
Басқару дағдыларын қалыптастыру және дамыту практикалық сабақтарда өтеді. Кәсіби дағдыларды дамытудағы технологиялық көзқарас бастапқы мақсатқа (мақсаттарға, қағидаттарға, мазмұнға, бағалауға) негізделіп, объективті технологиялық атрибуттарға (субъект, әдіс, құрал, тиімділік шарттары) сүйеніп, оны процесс ретінде құруға бағытталған.Басқарушылық құзыреттілікті дамыту процесі біз қол жеткізген нәтижелердің реті ретінде анықталады. Ол бірнеше кезеңде өтеді (кесте 14).
Болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін дамытуды басқаруды айқындайтын құралдар мен әдістер айқындайды. Практикалық менеджменттің құралдары ретінде мыналар қолданылады:
іскерлік (басқару) ойындар әдісі;
кейс-стади әдісі;
менеджменттің практикалық мәселелерін шешу;
бақылау сынақтарының әдісі.
Кесте 14 - Сабақтарда басқарушылық құзыреттілікті дамыту кезеңдік құрамдары
Басқарушылық құзыреттілікті дамыту
үдерісінің құрылымдық бөліктері
|
Мазмұны
|
1. Диагностикалық
|
Студенттердің басшылық қызметке қатысты
пікірлерін анықтау
|
2. Мақсаттық
|
Басқарушылық білімнің негізгі деңгейін қалыптастыру (пәндік білім мен дағдылар, құндылықтар, сапа және т.б.). Кәсіби маңызды
қасиеттерді дамыту
|
3. Мазмұндық
|
Бағдарламаға қосымшалардағы тақырыптар
мазмұны
|
4.Ынталандырушы-мотивациялық
|
Мұғалімнің басқарушылық қызметіне қызығушылықты дамыту, басқару
құзыреттілігін дамытуға бағыттау
|
5. Іс-әрекеттік
|
Белсенді оқыту әдістерін қолдану, басқарушылық құзыреттілікті дамыту үшін шағын топтарда жұмыс жасау
|
6. Бағалаушылық
|
Басқарушылық құзыреттілік деңгейін дамытудың диагностикасы.
Өзін-өзі диагностикалау
|
Барлық тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде студенттерге оқушыны, сыныпты дамыту стратегиясын қалыптастыру және педагогикалық іс-әрекетте басқару дағдыларын қолдануды қоса алғанда, кіріктірілген дағдылар берілуі керек. Практикалық менеджмент бойынша оқыту – педагогтар мен технологтарды оқыту үдерісінің бөлігі, сондай-ақ кәсіби мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау үдерісі. Практикалық менеджменттің әдістерін пайдалану студенттерді оқыту үдерісінде шешімдерді дайындау мен қабылдауда тұрақты дағдыларды игеруге бағытталған.
Практикалық сабақтардың жалпы мақсаты төмендегідей болуы мүмкін: үйренушілердің мінез-құлқын дұрыс бағытта өзгерту; әрбір студенттің, топ жетекшісінің және мүшесінің сапасын арттыру; өзара дұрыс қарым- қатынастардың орнамау себептерін, жасырын шиеленісті және эмоцияларды анықтауға үйрету. Барлық практикалық сабақтар бірыңғай принцип бойынша құрылады. Құрылымның логикасы басында анықталған сабақтың мақсатына негізделеді, содан кейін нақты жағдайдың сипаттамасы беріледі, содан кейін сабақты өткізу тәртібі анықталады және оқытудың бағалау кезеңі міндетті болып табылады. Рөлдік ойындарда мұғалім қатысушыларға рөлдерді бөліп береді. Егер қатысушылар саны рөлдерден көп болса, қалған ойыншылар сарапшылар рөлін атқарады. Рөлдік емес ойындар қандай да бір жағдайдың белгілі бір ережелерін талқылауға негізделген [198, с. 10].
Болашақ мұғалімдердің кәсіби білім беру жүйесіне басқару элементтерін органикалық енгізу мәселесінде, барынша нәтижелі оқу нәтижелерін алуда және бір уақытта бітірушілердің жаңа кәсіби қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етуде мәселе туындайды. Болашақ мұғалім мұны қалай жасау керектігін біліп қана
қоймай, сонымен қатар оны өзі жасай білуі керек. Бұл жағдайда оның білімі оқытудың тиісті тәсілдері мен әдістеріне негізделуі керек.
Студенттерге проблемаларды шешу жолдарын және проблемаларды қалай шешуді үйрету керек, шабыттандыру, ынталандыру, мотивация беру, сұрақтар қою, үйренушінің жұмысын басқару дегенді білдіреді [199, с. 179]. Халықаралық және отандық тәжірибеде оқытудың кіріктірушілік нысаны, белсенді оқыту технологиялары практикалық басқаруды зерттеуге тән болып келеді.
А.К.Казанцев жоғарыда аталған басқару құралдарын кәсіби білім беруде пайдаланудың үш негізгі бағытын анықтайды:
түрлі факторларды ескере отырып, белгілі бір жағдайларда басқару шешімдерін қабылдау;
әзірленетін ұйымдық жобалар шеңберінде жаңа және жетілдірілген ескі жүйелерді жобалау;
басқару проблемаларын ғылыми зерттеу, әртүрлі ұйымдық жүйелердің сипаттарын талдау және ұйымның жеке іс-әрекеттерін дамыту үшін болжамдар жасау [200, с. 42].
Анықталған басқару құралдарының әрқайсысы өзінің ерекшелігіне ие болады және арнайы қолдану талаптарын талап етеді.
Іскерлік (басқару) ойындары басқару жүйелерін немесе олардың жеке элементтерін ықтимал басқару шешімдерін ойнау және оларды жүзеге асыруда күтілетін нәтижелерді бағалау арқылы жүзеге асырылады. Бұл – күрделі кешенді басқару тапсырмаларын және проблемаларды шешу үшін пайдаланылатын басқару шешімдерінің әдісін дайындау мен енгізуде көп уақытты алатын әдіс. Іскерлік ойындардың қатысушылары өздері белгілеген немесе әзірлеген ережелерге сәйкес білікті сарапшылар ретінде әрекет етеді. Көбінесе, дайындалған басқарушылық шешімдерді терең және жан-жақты бағалау үшін, іскерлік ойындарға қатысушыларға рөлдерді симуляцияланған жағдайдың түрлі аспектілерінде бөлуді қарастырады.
Халықаралық тәжірибеде белгілі «кейс-стади» әдісі – нақты жағдайлар әдісі отандық оқытуды басқару практикасында кеңінен таралған және ұжымдық шешімдерді іздестіруге бағытталған [202]. Практикалық менеджмент құралы ретінде ол топтық жұмыс әлеуетін іске асыруға, корпоративтік ойлау дағдыларын игеруге, ынтымақтастық элементтерін дамытуға және нығайтуға және командалық жұмысты жеңілдетуге мүмкіндік береді. Басқарудың практикалық мәселелерін шешу әдісі ұйымдық жобалаудың (ұйымдық құрылымдардың, бөлімшелердің және т.б.) жеткілікті типтік, жиі қайталанатын міндеттерін шешу, ұйымдастыру жұмыстарын жоспарлау және талдау үшін алгоритмдер әзірлеуді және енгізуді қамтиды. Бұл құралдың негізгі міндеті – белгілі бір ұйымда немесе нақты мамандармен ұқсас проблемаларды шешу үшін ресми рәсімдерді бөлу және бекіту [200, с. 97].
Жоғарыда көрсетілген барлық оқыту әдістері кезіндегі практикалық сабақтарда студенттерге тән жалпы мінез-құлық ережелері болады:
Топтың барлық қатысушылары 5-6 адамнан уақытша шығармашылық ұжымдарға (УШҰ) бөлінеді.
УШҰ мүшелері бағалау критерийлерімен, ережелерімен танысады, проблемалық жағдайды қарастырады, шешімдер дайындайды.
Талқылау барысында тек қана жүргізуші мен қатысушы болады. Ешкім ерекше рөл және артықшылықтар талап ете алмайды.
Кез келген өзара сынға және аралық бағалауға қатаң тыйым салынады. Талқылаудың басты мақсаты – шығармашылық, достық қарым-қатынаста жаңа идеяларды жетілдіру.
Ұсынылған идеялар барынша мүмкін болатынына көз жеткізуге тырысу керек және олар әртүрлілігімен ерекшеленеді. Жаңа, құнды идеяның пайда болу ықтималдылығы ұсыныстардың санынан талап етіледі. Өз идеяларын түсіндіру және дамыту үшін әріптестерге сұрақтар қоюға болады, бірақ олар бағалау немесе жеке қарым-қатынастарды қамтымауы керек.
Студенттің білімін меңгеру деңгейін бағалау үшін бақылау сынақтарының әдісі қолданылады. Кәсіби білім беру менеджментіндегі бақылау сынақтарының жүйесі өзін-өзі бақылау режимінде де, аттестаттау режимінде де қолданылады.
Қабылдау ыңғайлылығы үшін практикалық сабақтар жүйесі кесте түрінде берілген (кесте 15). Жұлдызша тақырып бойынша практикалық сабақтарда қолданылатын әдістерді көрсетеді.
Кесте 15 - Басқарушылық құзыреттілікті дамытуда қолданылатын практикалық менеджмент құралдыры
Практикалық сабақ тақырыбы
|
Сабақты өткізу әдістері
|
Кейс- стади
|
Іскерлік ойындар
|
Практикалық тапсырмалар
|
Тесттер
|
Заманауи оқушыны басқару
|
*
|
|
|
*
|
Басқару шешімдерін әзірлеу
|
*
|
|
|
*
|
Сынып ұжымының миссиясын
қалыптастыру
|
*
|
|
|
*
|
Оқу-тәрбие үдерісін басқару
құрылымын әзірлеу
|
|
|
*
|
*
|
Сыныптың даму стратегиясы
|
*
|
|
|
*
|
Таңдау сатысында оқушыларды
бағалау
|
|
*
|
|
*
|
Бәсекеге қабілетті түлектің
өлшемдерін анықтау
|
*
|
|
|
*
|
Проблеманы анықтауда сапалы
құралдарды пайдалану
|
*
|
|
|
*
|
Басқарудағы заманауи жүйенің негізгі сәті басқарудағы жағдайлық тәсілдерді қолдану болып табылады. Жағдаяттық тәсілдің негізгі тұжырымдамасы – бұл жағдай, яғни ұйымға белгілі бір уақытта шешуші ықпал ететін айнымалылардың нақты жиынтығы. «Іскерлік жағдай» – қоршаған орта туралы ақпаратқа бағдарланған шешім қабылдайтын адамға кездесетін оқиғалар мен проблемалардың тізімі [200, с. 35]. Кейсті құрастыру – бұл шындықты барынша толық қабылдауды, шын мәнінде объектіні максималды
имитациялауды көздейтін шығармашылық. Іскерлік жағдайда кәсіби және ойын іс-әрекеттерінің факторларын біріктіру керек. Кәсіби және ойын іс- қимылдарының бұл тіркесімі проблемалық жағдайды іскерлік-ойын фрагменті ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Кейс-стадиді қолданудың негізгі міндеттері – студенттерге ақпаратты талдау, адамдарды басқару, келіссөздер жүргізу және шешімдер қабылдау дағдыларын үйрету.
Мысал ретінде «Заманауи оқушыны басқару» атты тақырыптық зерттеуді өткізу тәртібін қарастырайық. Бұл сабақтың мақсаты студенттерді оқу орнындағы үрдістерді көруге және дамытуға үйрету болып табылады: басқару, яғни болжауды білдіреді.
Студенттер менеджменттің түрлерін (басқару модельдерін), басқару тәсілдерін білуі керек: Студенттер командада жұмыс істей білуі керек, командадағы өз рөлін түсінуі керек.
Сабақ төрт кезең бойынша өтеді:
кезең – 15-20 минут студенттер өз тізімдерін дәлелдеу негізін ойлана отырып, қазіргі заманғы оқушы тұлғасының құрылымын жасайды.
кезең – студенттер шағын топтарда 30 минут ішінде мазмұнды талқылауға қатысушылардың жалпы келісімі топтық негізінде оқушының тұлғасын жасайды.
кезең – мұғалімнің жетекшілігімен 20 минут аралығында топтарда алынған нәтижелерді талқылайды және осы негізде XXI ғасырдағы оқушының басқарудың жалпы идеясын дамытады.
кезең – 20 минутта әр қатысушының топ жұмысына қосқан үлесі бағаланады.
«Басқару шешімдерін әзірлеу» кейстерін зерттеу төрт кезеңмен жүзеге асырылады. Мақсаттары: шешімдердің тиімділігін арттыру үшін жүйелік тәсілмен байланысты аналитикалық ойлау дағдыларын дамыту; ұсыныстарды дәлелдеу және жаңа ақпарат қабылдау дағдыларын дамыту.
Студенттер менеджмент циклын және менеджмент функцияларының мазмұнын; менеджментті байланыстыратын үдерістерді білуі керек:
Студенттер басқару шешімдерін қабылдау үдерісінің сатыларын таныстыра білу керек.
Басқару шешімдерін қабылдау үшін студенттерге тақырып таңдау мүмкіндігі ұсынылады:
Бастауыш немесе орта кәсіби білім беру жүйесін рационализациялау.
Оқу үдерісінде демократиялық принциптерді дамыту.
Оқу орнында материалдық және моральдық ынталандырудың әртүрлі нысандарын қолдану.
Оқу орны ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық климатты жақсарту.
Таңдау тақырыбы.
Бірінші кезең - өзектілігін және топтың мүдделерін ескере отырып, мәселені қалыптастыру немесе таңдау. Ұзақтығы – 10 минут.
Екінші кезең – проблеманы құрастыру. Топтық талқылау барысында әр қатысушы бірнеше рет сөйлейді, ал уақытша шығармашылық топтың басшысы
бір сөйлеуде бір идеядан артық болмауын, сөйлеу ұзақтығы 1-2 минуттан аспауын қадағалайды. Топтың хатшысы хаттамаға барлық ұсыныстарды тіркейді. Ұзақтығы – 45 минут.
Үшінші кезең – ұсынылған шешімдерді талқылау. Ұзақтығы – 20 мин. Төртінші кезең – бағалау. Ұзақтығы – 15 минут.
Басқару функцияларын жүзеге асырудағы ең маңызды дағдыларды ескере отырып, басқару дағдыларын дамыту екі кезеңде жүреді:
1. Кіріспе кезеңде білім беру мақсаттарын, тұжырымдамалық аппараттарын, даму тарихын, кәсіптік білім беруді басқарудың қазіргі жағдайын таныстыру мақсатында дәріс сабақтар өткізіледі. Дәріс оқытудың монологтік түрі ретінде тек дайын материалды әңгімелеу – қалыптастырушы немесе проблемалық әдістерімен түсіндіруге мүмкіндік береді [118, с. 129].
Білім мен дағдыларды үйрету сатысы. Түсіндіру процесінде білім мен дағдыларды жетілдіру деген мағынаны білдіреді [202, с.89]. И.И.Ильясов білімдітүсінгеннен кейін, студент оларды жетілдіруге және оларды білім көздеріне қарай қолдануға қабілетті болатынын нақтылайды. Сонымен қатар білім мен дағдылардың маңызды параметрлеріне қол жеткізіледі, атап айтқанда: материалдандырылған (білім көзіне негізделген) әрекеттің нысаны; орналастырылған іс-қимылға айналады (кезең-кезеңмен); шығармашылық акция саналы іске айналады (автоматтандырылған); баяу әрекет жылдам әрі күрделі, қарқынды болады [202].
Әр практикалық сабақтың мақсаты – студенттер арасында басқару құзыреттілігін дамыту. Қажетті білім, дағдылар, сондай-ақ басқару үшін маңызды жеке сипаттамалар 1.3-тармақта көрсетілген.
Кез келген дидактикалық-әдістемелік жүйе дәстүрлі оқытуда анықталған заңдылықтарға негізделген. «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша практикалық сабақтарға сілтеме жасай отырып, біз осы үлгілерді ашамыз. Ең алдымен, танымдық пәннің субъектінің – студенттің оқу үдерісіндегі белсенді рөлін атап өтейік. Студенттердің практикалық тапсырмаларды орындаудағы белсенділігін анықтайтын себептер арасында бірінші кезекте шешім қабылдау (таңдау) жағдайында студенттердің қойылымын атап өту қажет. Бұл олардың кәсіби әлеуетін барынша арттыруға мүмкіндік береді. Басқарушылық мәселелерді шеше білу студенттер үшін өте маңызды, себебі олар оқу орнындағы нақты жағдайға және заманауи мұғалімнің кәсіби қызметінің өзектілігінен талап етіледі.
Әрбір команда мүшесінің ойын үдерісіндегі қызметінің түпкілікті нәтижесіне қосқан үлесін бағалау мәселесі іскерлік ойындар өткізудегі басты рөлдердің бірі (рөлдік және рөлдік емес ойындар). Сонымен бірге команданың неге қол жеткізгені ғана емес, сонымен қатар оны қалай істегені де маңызды. Модератордың бүкіл командаға берген бағалары көбінесе объективті болмайды, себебі мұғалім әр команда мүшелерінің үлесін емес, алған нәтижесін ғана бағалай алады. Командадағы өзара іс-қимыл үдерісінде белгілі бір оқиғалар орын алады, олар түпкілікті нәтижеге бірдей әсер етпейді. Барлық практикалық
сабақтарды бағалау бағалау парақтарын пайдалана отырып, бірыңғай әдіснамаға сәйкес жүргізіледі (кесте 16).
Кесте 16 – «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша уақытша шығармашылық ұжым қатысушыларының практикалық сабақтарға арналған бағалау парағы
Бағалау өлшемі
|
Өлшем бойынша ұпай көрсеткіші
|
Қатысушылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Идеяларды
қалыптастыру
|
10
|
|
|
|
|
|
Ұғымдар әзірлеу
|
10
|
|
|
|
|
|
Идеяларды жүзеге
асыру
|
10
|
|
|
|
|
|
Дағдарыс жағдайынан
шығу жолы
|
8
|
|
|
|
|
|
Көшбасшылық
|
8
|
|
|
|
|
|
Серіктестік
|
7
|
|
|
|
|
|
Сәйкестік
|
6
|
|
|
|
|
|
Белсенділік
|
6
|
|
|
|
|
|
Қосымша жұмыс
|
6
|
|
|
|
|
|
Идеяларды дәлелдеу
|
5
|
|
|
|
|
|
Қолайлы жағдай жасау
|
4
|
|
|
|
|
|
Этикет сақтау
|
3
|
|
|
|
|
|
Бағалау механизмінің мәні келесідей:
Әр команда мүшелерінің жалпы бағасы екі бөлікке бөлінеді: команданың өзінің бағалауы (жалпы ұпайдың 60%) және модератордың бағалауы (40%).
Іскерлік ойын аяқталғаннан кейін, бірақ мұғалімнің топтық бағалауы жарияланғанға дейін топтың әрбір мүшесіне жоғарыда көрсетілген критерийлердің тік тізімге енгізілген сауалнамасы беріліп, барлық топ мүшелерінің аттары көрсетіледі, адам өзін бағаламайды. Бұл сауалнаманы барлық топ мүшелері толтырады.
Әрбір сауалнама бойынша әр қатысушы үшін ұпайлар саны есептеледі. Содан кейін әрбір команда мүшесінің орташа бағасы есептеледі.
3-тармақтың орындалуынан кейін алынған барлық ұпайлардың ішінен ең жоғарғы ұпай таңдалады, ал ең жоғарғы ұпай – 5. Қалған ұпайлар максималды ұпай негізінде қайта есептеледі. Осылайша, топтың әрбір мүшесі үшін соңғы топтық ұпай алынады.
0,6 массасы бар топтың соңғы қорытындысы 0,4 салмақпен мұғалімнің топтық бағалауына қосылады. Нәтижесінде әрбір қатысушы үшін қорытынды ұпай шығарылады.
Топтың қызметіне әрбір қатысушының үлесін анықтау үшін бағалау парағы жасалды (кесте 16).
Барлық практикалық сабақтарда мұғалім тренер, кеңесші, сарапшы қызметін атқарады. Практикалық сабақтарда студенттер басқарудың құзыреттілігін игеру үшін қажет ерік саласын дамытады. Ерік саласы адамның
еркін ерік-жігерінің үйлесімді тіркесін және ол міндетті түрде орындалатын нормаларды болжайды [31, с. 86]. Ерікті қалыптастырған кезде, практикалық ерік ретінде анықталуы мүмкін блокты жеке бөліп алуға болады. Бұл дағдылардың төрт тобын түсінуге арналған: мақсат қою мүмкіндігі; мақсаттарға жету үшін құралдар мен әдістерді таңдау мүмкіндігі; қойылған мақсатқа жету қабілеті; мақсатты талдай білу [31].
Студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру негізінде қойылған басқа заңдылықтар кез келген пән бойынша оқу үдерісін ұйымдастыруға тән. Оларға мыналар жатады: жүйелілік, дәйектілік, студенттердің тапсырмаларға қол жетімділігі, ғылыми іс-әрекеттің және теориялық негіздердің қызметтің өзімен байланысын қамтамасыз ету. Жоғарыда аталған барлық тапсырмалардың орындалуы нәтижесінде студенттер арасында бағалау дағдылары дамиды (IV деңгей). Әрбір практикалық сабақтың құрылымы педагогикалық үдерістің негізгі компоненттері тұрғысынан толығымен дамиды. Оларға мыналар жатады: студенттер жұмысының мақсатын қою; теориялық ақпарат (студенттерді ақпараттық қамтамасыз ету); студенттердің өзіндік жұмысының жоспарлары мен тапсырмалар тізімі; жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау; бақылау сынақтары мен ұсынылған әдебиеттер. Әрбір практикалық сабақтың мазмұнын талдау курстағы теориялық білімдерді нығайтуға және операциялық- технологиялық дағдыларды игеруге бағытталғанын көрсетеді. Практикалық сабақтар жүйесі басқару дағдыларымен қатар студенттер өздерінің кәсіби қызметінде басқару міндеттеріне дербес көшу үшін индикативтік негізге ие болады.
Осылайша, басқарушылық дағдыларды дамытудың жоспарлы және құрылған үдерісі өздігінен оқытуға мүмкіндік беретін қабылдау тәсілдерін, жұмыс әдістерін қамтуы тиіс. Кәсіби мектептің мұғалімі үшін өзін-өзі оқыту үдерістері, әдістемелік шығармашылық, кәсіби дағдыларды түсіну кәсіби маңызды жеке қасиеттердің құрамдас бөлігі болып табылады. Басқарушылық дағдыларды толық көлемде кәсіби қызмет құрылымына кіріктіру менеджмент тақырыптары бойынша диплом жұмыстарын орындаған кезеңде орын алады. Диплом жұмысын орындаудың барысында таңдалған мамандық бойынша алған теориялық білімді және практикалық дағдыларды жүйелеу, дамыту және бекіту, ғылыми зерттеу әдісін меңгеру, өз бетінше жұмыс жүргізе алу және мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту, студенттен кәсіби құзыреттілікті, біздің жағдайымызда басқарушылық құзыреттілікті талап етеді [203, 204].
Технологиялық тұрғыда басқару қызметіне дайындық жүйесі білім беру үдерісіне мақсаттарды, принциптерді, мазмұнды, басқару мен өзін-өзі басқару тәсілдері мен құралдарын, студенттерді оқытуды өздігінен диагностикалауды енгізу арқылы анықталады.
Бағдарламаға жеке қасиеттерді анықтауда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау үшін бақылау сынақтары; өзін-өзі тану үшін нұсқаулық беретін басқа адамдармен бірге өздерінің қасиеттері мен «идеалды» көшбасшысы сапасы арасындағы сәйкессіздіктің дәрежесін сипаттайтын өздерінің жеке қасиеттерін
белгілі бір ауқымда салыстыру; өзіне деген сенімділікті қалыптастыратын оң қасиеттерін анықтау және тиімді пайдалану; өзінің қабілеттерін, мінез-құлқын бағалауды қалыптастыру; олардың қателерін көру, кемшіліктерді анықтау, оларды жүзеге асыру мәселелері қамтылды.
Өзін-өзі бағалау маңызды ақпарат көзі болып табылады, ол адамның өзін- өзі ақпараттандыруына әсер етеді, өзін-өзі тәрбиелеуді және өзін-өзі жетілдіруді ынталандырады. Басқаша айтқанда, адамның өзін-өзі бағалауы психологиялық әдістер көмегімен педагогикалық әсердің сенімді құралдарының бірі және басқарушылық қызметті жүзеге асыруға қабілетті қазіргі заманғы мұғалімнің тәрбиесі болуы мүмкін.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың жоғарыда баяндалған әдістемесінің тиімділігінің динамикасы келесі параграфта баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |