Бижанова Нұржанар Кәкенқызы



бет53/70
Дата16.05.2022
өлшемі1,36 Mb.
#34655
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70
Байланысты:
111Sa

t (1)

мұндағы:


d – эксперименттік және бақылау топтары нәтижелерінің арасындағы айырма;

Компоненттері

Кезеңдер

1- жоғары

2- орташа

3-төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық-

құндылықты



бастапқы

3




19

27

39

38

соңғы

15




44

30

2

35

Когнитивтік

бастапқы

2




24

28

35

37

соңғы

12




46

29

3

36

Іс-әрекеттік

бастапқы

3




23

31

35

34

соңғы

12




40

30

9

35

Нәтижелік-

бағалаушылық



бастапқы

1




29

31

31

34

соңғы

13




46

33

2

32

d – жеке топ (эксперименттік және бақылау) арасындағы айырмалардың қосындысы;

d2 – жеке топ (эксперименттік және бақылау) айырмалардың квадраттарының қосындысы.


Кесте 28 – Эксперимент және бақылау топтарындағы студенттердің басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының әрбір компоненті бойынша деңгейінің сандық салыстырмалы көрсеткіштері

Алынған нәтижелер формуладағы t мәнімен тексеріледі, онда n-1 еркіндік дәрежесіне ие мәнді іздейміз; бұл жағдайда n эксперименттік және бақылау топтары нәтижелерінің саны болып табылады (кесте 29).


Кесте 29 – Стьюденттің T-критерийі бойынша эксперименттік және бақылау топтары нәтижелерінің арасындағы салыстырмалы шамалары


Компоненттер

Экспериментке

дейін


Эксперименттен

кейін


d

d2

Эксперим. тобы (61)













Мотивациялық-

құндылықты



20

21

-1

1

Когнитивтік

20

21

-1

1

Іс-әрекеттік

21

20

+1

1

Нәтижелік-

бағалаушылық



20

20

0

0

Бақылау тобы (65)













Мотивациялық-

құндылықты



22

21

+1

1

Когнитивтік

21

22

-1

1

Іс-әрекеттік

22

21

+1

1

Нәтижелік-

бағалаушылық



21

22

-1

1

d= -1

d2=1










Кестеден көріп отырғанымыздай, эксперименттік және бақылау топтары нәтижелерінің арасындағы айырмасы: (-1 + (-1) + 1 + 0) + (1+ (-1) + 1 + (-1) = (-

1+0) = -1.


d= -1

Эксперименттік және бақылау топтары нәтижелерінің арасындағы айырмалардың квадраттарының қосындысы:



d2= (-1) = 1

Жоғарыда келтірілген формулаға қоятын болсақ, t=0,039 болады, осы t=0,039 деген шамасы 0,05 мәнділік деңгейінен кіші болып тұр, басқаша айтсақ t үшін ықтималдылық табалдырығы 0,05 төмен.

Сөйтіп нөлдік болжам қабылданбайды, студенттердің басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының әрбір компоненті бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері арасындағы айырмашылық дәл. Оны келесі жолмен көрсетуге болады:

t=0,039; р<0,05 дәл.

Стьюдент әдісі тәуелді және тәуелсіз таңдаулар үшін айырмасы болады. Тәуелсіз таңдаулар сыналушылардың екі түрлі топтарын зерттеуде алынады (біздің экспериментте ол бақылау тобы мен эксперименттік топ).

Зерттеудің нәтижесіне талдау жасау барысында эксперимент топтағы студенттердің бақылау тобына қарағанда басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының барлық компоненттерінің деңгейі көтерілгендігі байқалады (кесте 30).
Кесте 30 - Эксперимент және бақылау топтарындағы студенттердің басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының әрбір компоненті бойынша деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері (%)


Компоненттері

Кезеңдер

1- жоғары

2- орташа

3-төмен

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық-

құндылықты



бастапқы

5,07




31,16%

41,37%

63,77%

58,63%

соңғы

24,67%




72,24%

46,17%

3,09%

53,83%

Когнитивтік

бастапқы

2,07




39,87%

43,59%

58,06%

56,41%

соңғы

19,94%




76,17%

45,37%

3,89%

54,63%

Іс-әрекеттік

бастапқы

3,77




37,53%

47,11%

58,07%

52,89%

соңғы

18,91%




65,48%

45,97%

4,11%

54,03%

Нәтижелік- бағалаушылық

бастапқы

2,87




45,81%

48,01%

53,39%

51,99%

соңғы

21,49%




75,64%

51,27%

2,87%

48,73%

Сонымен қорытындылау кезеңінде алынған кесінді болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығы әдістемесінің тиімді болғандығы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік берді.

Қорытындылау кезінде алынған кесінді көрсеткендей, эксперимент топтарындағы студенттердің бастапқы күйге қарағанда барлық көрсеткіштер бойынша тұрақты дамуы байқалады. Сонымен, эксперименттік диагностиканың соңғы мәліметіне сәйкес, эксперимент тобының динамикалық өзгерісі барлық өлшемдерге сай келеді. Тәжірибелік-эксперимент нәтижелері растағандай, біз ұсынған әдістеме студенттерді басқарушылық құзыреттілігін дамыту үдерісінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.



Қорыта айтқанда, зерттеудің міндеттері толығымен орындалды және болжамы теориялық және эксперименттік мәліметтермен дәлелденді.

ҚОРЫТЫНДЫ





  1. Басқару, менеджмент, лидерлік мәселесі қарастырылған психологиялық- педагогикалық еңбектерге жасаған талдау нәтижесі басқару, менеджмент феноменінің әдебиеттерде жан-жақты талданғанын, лидерлік пен басқарушылық арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтардың топтастырылғандығын; басқару іс-әрекетінің құрамында лидерліктің болуы қажеттігінің негізделгенін көрсетті.

  2. «Басқару», «менеджмент» анықтамаларын талдау бізге ғалымдардың осы ұғымдарды ғылыми әдебиеттерде синоним ретінде қарастырғанын байқатты. Дегенменен, «басқару» ұғымы іс-әрекеттің әртүрлері мен салаларында қолданылуына байланысты ауқымы кең. «Менеджмент» кәсіби басқару дегенді білдіреді. Ал, біздің зерттеуімізде педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру, нақты мұғалім мамандығына қатысты болғандықтан, осы кәсіп саласындағы басқару қағидаттары, теориялары, ұстанымдары негізге алынды. Бұл диссертациялық зерттеуде басқару ұғымы мен менеджмент түсінігінің синонимдік қатарда қолданылғанын білдіреді.

  3. Білім берудегі басқару, яғни педагогикалық менеджмент ғылыми әдебиеттерде іс-әрекет түрі, үдеріс, технологиялық жүйе, шарт, ғылым және өнер тұрғысынан айқындалған. Сондай-ақ, «басқару» ұстанымының үш бағыты қалыптасқан: іс-әрекет оның мәні басқару әлеуметтік іс-әрекет түрінің бірі ретінде, заттық нәтижеге жетуді мақсат етіп қояды (Й.Кхол, В.С.Лазарев, Л.И.Суворов, Г.X.Попов, М.М.Поташник және т.б); бір жүйенің екінші жүйегеәсері, бір адамның келесі адамға немесе топқа әсері ретінде қарастырылған, оның мәні басқарушы объектіні өзгерту (В.Г.Афанасьев, А.А.Орлов, Н.С.Сунцов, С.Ю.Трапицын, Н.Д.Хмель және т.б.); субъектілердің өзара әрекеттестігі бұл негізде өзгерістер тек өзара байланысты емес, сонымен өзара шартталған негізде болады (А.Т.Абрамов, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова, Д.В.Юдин және т.б.). Біз өз тарапымыздан басқаруды соңғы бағытқа, яғни субъектілердің өзара әрекеттестігіне сәйкес қарастырамыз.

  4. «Басқару» түсінігін қарастыра келе, зерттеушілер оны екі негізгі аспектіге бөліп анықтағанын байқадық: функционалдық бөлу және басқару функцияларын талдау негізінде «ғылыми басқару» мектебінің идеялары (Ф.Тейлор, Л.Маллинз); жеке тұлғалық бөлу көшбасшы тұлғаның қасиеттерін анықтау негізінде «адами қатынастар» мектебінің идеялары (Сократ, Аристотель, Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Иассауи, А.Иүгінеки, М.Қашқари, Э.Мэйо, В.М.Шепель және т.б.).

  5. Сондай-ақ, білім берудегі басқарудың екі негізгі деңгейі бар. Бірінші деңгей – оқу орнын ұйым ретінде басқару. Екінші деңгей – мұғалімнің басқару деңгейі. Біз жұмысымызда басқарудың екінші деңгейін, яғни, мұғалімнің басқару іс-әрекетін қарастырамыз.

  6. Жоғарыдағы талдаулар нәтижесінде біз басқару ұғымын өзіміздің зерттеу пәнімізге сәйкес «оқыту мен тәрбие үдерісінде субъектілердің өзара

әрекеттестігінің адами қарым-қатынаста нәтижелі жүзеге асуын қамтамасыздандыру» деп тұжырымдаймыз.

  1. Ғылыми әдебиеттердегі «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарын анықтамаларын талдау бізге педагогтың кәсіби құзыреттілігін тұлғаның психологиялық, педагогикалық және пәндік саладан білімділік, біліктілік деңгейін тиімді жүзеге асырудағы кіріктірілген қасиеті, деп тұжырымдауға мүмкіндік берді. Сонымен біздің ұғынуымызша «Басқарушылық құзыреттілік

– кәсіби құзыреттіліктің құрамдас бөлігі», «Басқарушылық құзыреттілік басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз ететін кәсіби-тұлғалық қабілеттер мен білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы».

  1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін зерттеуде жүйелік, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік, аксиологиялық тұғырлар негізге алынады.

  2. Ғылыми әдебиеттерде қарастырылған басқару стилін, бағытын, рөлін, функцияларын, түрлерін талдау бізге басқарушылық құзыреттіліктің құрамдас бөліктерін (тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік) анықтауға мүмкіндік берді және

«педагог-менеджер» дегеніміз «демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы; әдіскер, сарапшы, басқарушы, орындаушы, эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі» деп анықтауымызға түрткі болды.. Ал, педагогтың басқарушылық құзыреттілігі дегеніміз оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақты басқару үдерісін қамтамасыз ететін тұлғалық қабілеттерінің, педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларының кіріктірілген жиынтығы.

  1. Біз болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуын оқушының, сынып ұжымының, сабақ үдерісін басқаруға қажетті мотивациялық-құндылықты, когнитивтік, іс-әрекеттік, бағалаушылық-өлшемдік құрамдарын жеке тәжірибесінде жүзеге асыруға дайын болуы деп тұжырымдаймыз. Біздің зерттеуімізде басқару құзыреттілігінің қалыптасуы рефлексиялық, танымдық және жобалаушылық кезеңдерінен тұрады.

  2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үдерісінің моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өлшемдік төрт бөліктен тұрады. Мақсаттық блок аталған үдерістің мақсатын, әдіснамалық тұғырларын, принциптерін, стратегиясын қамтиды. Технологиялық- диагностикалық әдістемелерден, қалыптастыру бағдарламаларынан, оны жүзеге асыру формалары, әдістері мен құралдарынан тұрады. Ұйымдастырушылық айқындау, қалыптастыру, қорытындылау экспериментін педагогикалық шарттарды сақтай отырып жүргізуді көздейді. Өлшемдік блокта болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқандығының нәтижесін айқындайтын өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер қарастырылады.

  3. Біз диссертацияда басқару ұғымын субъектілердің өзара әрекеттестігі деп қарастырғандықтан, шарттарды түзгенде де осы білім беру субъектілерінің өзара әрекеттестік мәселесіне мән береміз. Осыған байланысты біз анықтаған педагогикалық шарттар төмендегідей 1) басқарушылық іс-әрекетін білім беру үдерісі субъектілерінің ұстанымдарының өзара әрекеттесуін жүзеге асыратын

формалар, құралдармен толық қамтамасыздандыру; 2) субъектіге-субъектілік өзара әрекеттестік негізінде оқытушы мен студент арасында педагогикалық тұрғыдан тиімді қарым-қатынас орнату; 3) болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру кеңістігі тұрғысынан педагогикалық практика үдерісінде студенттердің, оқытушылардың оқу-кәсіби қоғамдастығын құру.

  1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың әдістемесі оны кезеңдермен (рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық) жүзеге асырудың мазмұнын, әдістері мен формаларын, құралдарын қарастырады.

  2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптасқандығының жоғары, орта, төмен деңгейлерін айқындау диагностикалық, мазмұндық-технологиялық қамтамасыздандырғанда және оларды кезеңдермен жүзеге асырғанда ғана нәтижесінің тиімділігі артатындығын көрсетеді.

  3. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жасалған базалық міндетті пәндердің (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі); бейіндеуші міндетті пәннің (Бағалаудың өлшемдік технологиялары) бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; педагог-менеджер үйірмесінің мазмұны осы проблеманы тиімді шешуге ықпал етеді.

Жүргізілген зерттеу бойынша мынадай ұсыныстар жасауға болады:

  1. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен құрылымы және педагог-менеджер тұлғасының сипаттамасы, аталған қалыптастыру моделі осы саладан білім алушыларға теориялық білімдерді жүйелі меңгертуге септігін тигізеді. Оларды мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін институттардың және жас ғалымдар мектебінің әдістемелік бағдарламаларына енгізу қажет.

  2. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруда жоғары педагогикалық оқу орындарының білім беру мен тәрбие ортасын тиімді пайдалану қажет.

  3. Менеджер мектебін қалыптастыру, ұжымдық шығармашылық топтар құру, басқару іс-әрекетінде білім беру субъектілерінің өзараәрекеттестігін жүзеге асырудың педагогикалық шарттарын практикаға ендірген жөн.

  4. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруды біздің ұсынып отырған бағдарлама мазмұнына қосымшалар, үйірме жұмысы, оқудан тыс іс-шаралар жоспары аясында интербелсенді технологияларды қолдану негізінде жүзеге асырған дұрыс.

  5. Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша әдістемелік нұсқауларды жоғары педагогикалық, орта кәсіптік педагогикалық оқу орындарының, жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде тақырыптық іс-шараларды өткізуде негізге алу қажет.

  6. Ұсынылып отырған болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға болады.

Зерттеу проблемасының ауқымы кең болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта үздіксіз білім беру жүйесінде болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру; педагогикалық колледж білім алушыларының басқарушылық қабілетін дамыту; жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі басқару іс-әрекетін дамыту; магистранттарды білім берудегі менеджерлік іс-әрекетке даярлау және т.б. проблемалар арнайы зерттеуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет