БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕ БАСҚАРУ ФУНКЦИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮШІН МЕҢГЕРУ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙТЫН БІЛІМ, БІЛІК, ҚАБІЛЕТ ДАҒДЫЛАР МЕН ЖҰМЫС ӘДІСТЕРІН ТІЗІМДЕУ.
Мұғалімніңсыныптыбасқаруғақойылатынталаптары Дереккөз: И.Н.Логвинов, С.В.Сарычев «Педагогикалық психология бойынша 10 таңдаулы дәріс»
Сыныпты басқару – оқушылардың тәртіп сақтап белсенді жұмыс істеуге деген ынтасын тудыратын іскерлік оқу атмосферасын қолдау үдерісі.
Егерсыныптыдұрысбасқарса,ондасабақта:
оқушылар оқуға көп уақыт бөледі – мұғалім оқушыларға ескерту жасауға, әртүрлі ауытқуларға алаңдамайды, оның балаларды тыныштандыра алмауынан сабақтың кеш басталуына жол берілмейді.Басқарудың маңызды міндеттерінің бірі – оқу үдерісінің уақытын барынша арттыру;
басқару өзін-өзі басқаруды дамыту үшін қолданылады – дұрыс басқара отырып, мұғалім балаларды жауапкершілікке үйретеді (өзін-өзі басқару жауапкершілігі),бірлескен қызметтің ережелері мен рәсімдерін жасайды.