Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері



бет18/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
13 – билет

  1. Химия курсының мазмұны. Білімді таңдауға қойылатын жалпы талаптар. Негізгі теориялармен заңдылықтар және оларды таңдау принциптері. Мектептегі химия курсындағы түсініктер жүйесімен принциптердің дамуы.

Химиялық білімнің мазмұнын анықтау -өсіп келе жатқан ұрпақты неге үйрету, сондай-ақ оқыту мақсатын анықтау мәселелерін шешу деген сөз. Осыған орай, мектепте қайда, қашан, кімді және не үшін оқытады деген сұрақтараға жауап берілуіне қарай оқытудың мазмұны туралы мәселе әрқилы шешіледі. Мектепте химия курсы негізгі екі білім жүйесінен құралады, олар: зат жөніндегі және химиялық реакциялар жөніндегі білім жүйелері. Ол бейорганикалық, органикалық химияда оқу материалын ашатын басты идея ретінде берілген. Оқу материалдарын іріктеуде танымдық және тәжірибелік мәні бар тақырыптар негізге алынады. Осы белгілерге сәйкес оқу материалына мыналар жатады:

  1. Танымдық үлкен мәні бар материалдар, олардың негізінде ұғымдар жүйесі қалыптасады, теорияларды меңгеруге нақты негіздер қолданылады. (мысалы, сутек, оттек, су кейбір металдар мен бейметалдар, типтік оксидтер, қышқылдар және тұздар)

  2. Практикалық мәні бар тақырыптар (минералды тыңайтқыштар, ионидтер, синтетикалық кір ашатын заттар, сабын).

  3. Тірі және өлі табиғат негіздерін құрайтын басты элементтер, заттар, қосылыстар (кремний, кальций, олардың қосылыстары, майлар, ақуыздар, көмірсулар).

  4. Кейбір технологиялық үрдістер мен химия өндірісі жөнінде мәліметтер беретін тақырыптар енгізілген (аммиак, күкірт және азот қышқылын өндіру, этилен, альдегидтер өндіру).

  5. Қазіргі ғылым мен өндірістің жетістіктерін көрсететін материалдар (Мысалы, катализатор, синтетикалық каучук, синтетикалық амин қышқылдары, жасанды талшықтар, пластмассалар, жасанды алмаз).

Оқытудың мазмұны оқушылардың қызметіне сәйкес химия пәнінің негіздерін меңгеруге қажетті іскерліктерді біріне-бірі байланысты бірнеше топтарға бөлінеді:

  1. Пәндік ұйымдастырушылық: сынақ-тәжірибелерді жоспарлайтын іскерліктер, есептер шығару жолдарын белгілейтін ізденістер, оқулықпен, әдебиеттермен өзіндік жұмыстар, кабинеттегі жұмыс орындарын даярлау, тәжірибенің қауіптілігін жою.

  2. Мазмұнды интеллектуалды іскерліктер: теориялық білімді пайдалану, танымдық әдістерді меңгеру, пәндік және пәнаралық байланыстарды тағайындау.

  3. Хабарламалы коммуникативтік химиялық тектестіктерді оқу арқылы, оқу хабарларын тыңдау кезінде анықтамалармен жұмыс істеу, білімді жинақтау. Кесте, химиялық сызбанұсқаларды, аудиовизуалдық құралдарды пайдалану, химия ғылымының тілдік қатынас жасай алуы, сөздік хабарды номенклатура, термин, белгілер бойынша өрнектей білу.

  4. Сарамандық жұмыстарды, зертханалық тәжірибелерді орындай білу, приборларды құрастыру, сынақ-тәжірибе мен теориялық дәлелдемелерді орындау, графиктер сыза білу.

  5. Есептеу іскерліктер: химиялық сандық есептерді шығара білу, өндірістік есептерді орындай білу.

  6. Бағлай білу іскерлігі: танымдық әдіс бойынша алға қойған мақсатқа жету, өз білімін, жауабын дәлелдеу, теориялық материалдарды қорытындылау, жинақтап шолу, жүйелеу.

Химия курсының мазмұнын таңдауға және оқытуға қойылатын дидактикалық талаптар
Химия курсының мазмұны химия ғылымының қолы жеткен табыстарын дидактикалық талдау арқылы мына негіздерге сай анықталады және оқытылады: ғылымилығы, жүйелілігі, түсініктілігі, саналылығы мен белсенділігі, көрнекілігі, теорияның сарамандылыққа байланыстылығы.
Ғылымилығы: Орта мектептегі химияның негізіне ғылымда толық шешімін тапқан деректер мен көз-қарастар кіреді. Олар ғылымдағы мәліметтерге толық сәйкес келіп, заттар мен құбылыстар туралы ақиқатты бұрмаламай жеткізуі тиіс.
Жүйелілігі: Оқу материалы ғылымының логикасына сәйкес бірінен бірі туындайтын ретпен орналастырылады. Жаңа материал өтілгенді ескеріп беріледі де, өзі соңындағыларға негіз болады. Жүйелік негізі, әсіресе, химияның негізгі ұғымдарын қалыптастырғанда ескеріледі.
Түсініктілігі: Бұл ғылыми негізге –кереғар, жүйелікке тура қатысты болады. Оқу материалының түсінікті болуы көлеміне және ғылыми деңгейіне байланысты, сондықтан кейбір ғылыми ақпарды оңайлатып беруге тура келеді.
Саналылық және белсенділік негізі: Оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру. Ол үшін білімнің қажеттігі мен пайдасына оқушылардың көздерін жеткізіп, өздігінен жұмыс істей білуге үйрету керек.
Көрнекілік принципі: Дидактиканың ертеден қалыптасқан түпкілікті негіздерінің бірі, химияны оқытуда маңызды орын алады. Оқушыларды білімді заттар мен химиялық әрекеттерді тікелей қабылдау арқылы алуы тиіс.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы: Бұл оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық құрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды. Реті келген жағдайда химия ғылымында ашылған жаңалықтардың өндіріске енгізілуін, ал химия өнеркәсібі қажеттілігінің ғылым дамуына түрткі болғанын нақты мысалдармен түсіндіріп отырған жөн.
Сондықтан осы принципті жүзеге асыру үшін оқушылар химиядан алған теориялық білімін сарамандық таным есептерін шығаруға қолдана білуі тиіс. Бұл есептер өмірде, табиғатта, зертханаларда және өндірісте жиі кездесетін құбылыстарға негізделіп қарастырылады.
2.Оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдыларын тексеру және бағалау әдістері. Білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеруге және бағалауға қойылатын талаптар. Тапсырма: сіз білетін кез-келген мектеп пәні (мамандық бойынша) бойынша тест мысалдарын келтіріңіз.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу–тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасуы дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне тоериялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
.
Бақылау – кең көлемде бір нәрсені тексеру деген мағынаны білдіреді. Бақылау оқыту процесінде оқушылардың оқу әрекетіне басшылық жасау қызметін атқарады, олардың творчестволық күші мен қабілетінің дамуына ықпал етеді.
Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі қорытындылау сатысы. Бағалау, бір нәрсенің деңгейін, сапасын, дәрежесін белгілеу. Оны оқушының оқу–таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі, дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал.
Келесі кезекте білім, білік және дағдыны бақылау және бағалау қызметіне тоқталамыз. Ол негізінен үш жақты сипатта болып келеді: білім беру, тәрбиелеу және дамыту.
Бақылаудың білім беру қызметі негізінде оқушылар жаңа білімдерді қабылдайды, бұрын алған білімдерін толықтырып, жетілдіріп, белгілі бір жүйеге келтіреді.
Тәрбиелік қызметі оқушыларды жүйелі түрде жұмыс істеуге үйретеді. Бақылаудың нәтижесінде олар күнделікті сабаққа үзбей дайындалады, жауапкершілдік сезімдері артады.
Дамыту қызметінің маңызы сол, оқушылар өз бетінше оқу тапсырмаларын орындауда жаңа білімдерді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар әзірлейді, хабарламалар жасайды.
Бағалаудың да қызметі үш топқа бөлінеді: хабарлаушылық (ниформирующие), басқарушылық (управляющие), тәрбиелеушілік (воспитывающие).
Бірінші топ өз алдына: белгілеп қоюшылық (фиксирующая), бағдарлаушы (ориентирующая), бақылаушы (контролующая) болып келеді. Бұл топтың қызметі білім, білік және дағдыны бағалауды, әрбір бағаның көрсеткіштері мен өлшемдеріне мұғалім мен оқушылардың арқа сүйеуі жағдайында іске асады.
Екінші топ: ұйымдастырушылық (организующая), реттеушілік (регулирующая), дәлдеп түзетушілік (корректирующая) болып келеді. Осы топты жүзеге асырудың қажетті шарты бағадағы көрініс тек қана оқытудағы қол жеткізілген нәтиженің мөлшері ғана емес, сонымен бірге сапасын белгілейтін көрсеткіш.
Үшінші топ: қалыптастырушылық (формирующая), дамытушылық (развивающая), ынталандырушылық (стимулирующая) болып келеді. Бұл топтың қызметінің нәтижелі болуының кепілі, баға оқытудың нәтижесін нақты бейнелей білуде.
1.Оттек жай зат ретінде ........... кездеседі.
A) адам ағзасында
В) атмосферада
C) жер қыртысында
D) тұздарда
E) негіздерде
2. Оксиді қышқылдық қасиет көрсететін элемент
A) K B) Ca C) Cl D) Ba E) Mg
3. Озон оттек газынан ауыр
A) 2 есе В) 2,5 есе C) 3 есе D) 1,5 есе E) 4 есе
4. Оттектің 1,25 моліндегі молекула саны
A) 6,25 ∙10 24 В) 5,07 ∙10 23 C) 7,5 ∙10 23 D) 8,02 ∙10 24 E) 8,25 ∙10 25
5. Иондық байланысқан зат:
А)Ғе В)І2 С)NаСІ Д)НСІ Е)НІ

В

С

Д

С

С



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет