Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері


) Оқу процесін саралау және даралау



бет2/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
2) Оқу процесін саралау және даралау.
Оқытуды саралау дегеніміз әр түрлі қабілеттері бар балаларды бір келкі, яғни гомогенді топтарға біріктіре отырып, білім алуына жағдай жасау.
Деңгейлеп саралаудың мазмұндық негізі оқу пәндерінің материалының көлемі мен тереңдігіне қарай бағдарламаларының бірнеше нұсқаларының болуы. Әр түрлі проблемалары бар оқушыларға адекватты бағдарламамен жұмыс істету. Қабілетіңе қарай қанша алам десең де ала алатын шамаңа қарай ал, бірақ негізгі алуға қажетті мөлшерден аз болмасын.
Оның келесі артықшылықтары бар:
1.Балаларды қабілеттеріне қарамай орта деңгейде теңестірілу аяқталады;
2.Қабілеті жоғары топтарда мотивациялау деңгейі күшееді;
3.Қабілеті бір деңгейдегі оқушылармен бір топта сабақ оқу оңайға түседі;
4.әлсіз топтарға қысым азаяды;
5.мұғалімде қабілеті жоғары оқушыға көп көңіл бөлуіне, қабілеті төмен балаға көмектесе алу мүмкіндігі туады;
6.сынып артта қалушылардың жойылуы сабақ беру деңгейінің төмендеуіне жол бермейді;
7.қоғамдық нормаларға адаптациядан өте алмай жүрген, қиын оқушылармен жұмыс істеудің тиімді мүмкіндігі пайда болады;
8.қабілетті оқушылардың білім алуда терең білімге ұмтылысы жүзеге асады; концепциясының деңгейі күшейіп: күштіліер өздерінің әлсіздіктерін көре білсе, әлсіздер өздерінің оқудағы жетістіктеріне шаттанып, өздерінің комплекстерінен арылады.
Даралау дегеніміз мұғалім оқу тәрбие үрдісінде жеке қабілеттеріне сай дара моделдер негізінде, жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып топқа немесе жеке оқушыға әсер беретін педагогикалық принцип. Даралау барлық педагогикалық технологияларда, әсіресе жобалау технологиясында өнімді қолданылып келеді.
Оқытудағы даралау келесі бағытта жүзеге асырылады:
Мазмұндық вариативтілік:
1.базалық компонент;
2.мектептік компонент;
3.білім берудегі тұлғалық компонент – оқушылардың сұранысына сәйкес пәндердің, курстардың әр түрлілігі.


Билет №2



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет