Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері



бет12/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46
Билет №6

  1. Біліктілік пен дағдылар жүйесі химиялық білім беру (дәстүрлі және жаңартылған мазмұнның маңызды компоненті ретінде. компоненті ретінде. Білім берудің жаңартылған мазмұнын есепке ала отырғандағы мектеп химия курсының құрылымы.

Біліктілік,меңгерілген білім; дағды және тәжірибе негізінде практикалық және теориялық іс — әрекеттерді нақты және саналы түрде орындауға дайындық арқылы анықталады. Біліктілік қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Күрделі біліктілік тек қана психология, педагогикалық білімдерді ғана емес, басқа да ғылымдарды меңгеруге байланысты болады. Химия пәнінен оқушылардың құзыреттілігін дамыту жолдары.
Қазір ғалымдардың зерттеулерінде құзыреттілікті қалыптастыру білім беру мазмұны құралдары арқылы жүзеге асатыны, осыдан келіп оқушының қабілеттілігі дамитыны және күнделікті өмірдегі шынайы проблемаларды – тұрмыстық мәселелерден бастап, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкіндіктері пайда болатындығына баса назар аударылып отыр.
Қазiргi таңда бiлiм беру жүйесiндегi оқушының құзыреттiлiгiнiң теориялық негiзiн айқындап алу үшiн, «құзыреттiлiк» деген ұғымға нақты тоқталатын болсақ: құзыреттiлiк - жеке тұлғаның кәсiби iс - әрекеттi атқаруға теориялық және практикалық әзiрлiгi мен қабiлеттiлiгінiң бiрлiгi. Яғни құзыреттілік - жеке тұлғаның бiлiмiмен тәжiриебесiн нақты бiр жағдайда қолдана бiлу iскерлiгiмен байланысты тұлға қасиетiн бiлдiретiн ұғым. Кей жағдайда бiлiктiлiк ұғымын құзыреттiлiк ұғымымен нақтылайды, алайда бұл екi ұғымда салыстарған жағдайда, құзыреттiлiк ұғымының мағынасы кең. Себебi: құзыреттiлiкке бiлiктiлiктi сипаттайтын таза кәсiби бiлiммен iскерлiкке қоса, топта, әлеуметтiк ортада жұмыс iстеуге ынталылық, ынтымақтастық, қабiлеттiлiк, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпарат алу оны пайдаланут. б. iскерлiктер жатады. «Химия» пәнін жаңартылған мазмұнда оқыту оқушыларға химиялық процестердің мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы ӛмірде қауіпсіз қолдана алуға, сонымен қатар, эксперименттік және тәжірибелік дағдыларын дамытуға негізделген. Сонымен қатар, «Химия» пәнін оқыту мен оқуда педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдану, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің тиімді жолдарын күшейту, оқытудағы сандық білім беру ресурстарын қолдану бойынша ұсынымдамалар берілген. Жаңартылған білімнің басты ерекшелігі – оқу құралында берілген тапсырмалар тізбегі – оқушы білімін өмірдегі қарапайым жағдаймен әрдайым байланыстырып отырады. Яғни, алған білімді өмірде қолдану ұстанымы қашан да басты назарда. Дәл осы тұста функционалдық сауаттылық ұғымы қалыптасып, жаңартылған білім беру жүйесінің басты нысаны анықталды. Пәнаралық байланыс принципі әрдайым жүзеге асып отырады. Қазіргі уақытта бүкіл дүние жүзі ортақ ақпараттық кеңістікте өмір сүруде, сонымен бірге әлем халықтары өміріне ғаламдастыру процесі жүріп жатыр. Ғаламдық даму көшінен қалыспас үшін білім беру саласы үнемі озық жүруі тиіс. Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты- осы заманғы кәсіптік білім мен компьютерлік, ақпартаттық технологияларға негізделген, барынша сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғарғы және бәсекелестіктің мықты тегеурініне төтеп бере алатын мамандарды даярлау процесін жоғары қарқынмен жүргізу болып табылады. Қазіргі кезең кәсіби білім берудің теориялық және технологиялық негізін жасаудың өнімді жолдары іске асырылуда. Анықтама әдебиеттерде: “технология –tehne- өнер, шеберлік және logos-ғылым, заң ”, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер)туралы ғылым деп берілген. Білім беру саласында “технология” ұғымы өндірістік процестердегі технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану ұмтылысынан туындағаны анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет