Билет №1 1 Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия заттардың бір-біріне өзгеруін зерттейтін ғылыми негіздері



бет15/46
Дата05.06.2023
өлшемі0,92 Mb.
#98714
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46
Билет №8

  1. Заманауи педагогикалық және әдістемелік әдебиетте «оқыту әдісі» түсінігі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері жүйесі және оны химияны оқытуда қолдану. Оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында оқытудың белсенді әдістері.

Оқыту әдісінің мәні мен түсінігі.«Метод» (әдіс) термині - гректің «method» сөзінен шыққан, ол шындыққа жақындау, күтілген межеге жету жолдары деген ұғымды білдіреді. Педагогикалық практи-када мұғалімнің сабақ беруі мен оқушы әрекетінің тәсілдері бір-бірімен тығыз байланысты. Қазіргі заманауи оқыту жүйесінде педагогтар алдына көптеген жаңа талаптар койылуда, оқыту процесін ұйымдастыру әдістері және дәстүрлі оқытуда кәсіби қызметті орындалу барысында туындаған қиындықтар кәсіби қызметтің зерттелушілік қызметін біршама көтерді. Химияны оқыту әдістері, ғылыми зерттеу әдістерімен ұштасып жатады, оқушылардың химия объектілерін танып-білу әрекетінің ерекшеліктерімен де сипатталады. Химиялық орта білім беру бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын үш орындалатын міндеттен тұрады.Химия пәнінің білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мүмкіндіктері, химиялық орта білім берудің негізгі міндеті аға ұрпақтардың жинақтаған тәжірибесі негізіндегі білімді логикалық және дидактикалық өңдеуден өткізіп, түсінікті етіп беру.
Қазіргі кездегі оқытудың мақсаты жеке адамды жан-жақты және кешенді оқыту, тәрбиелеу және дамыту. Қазақстан мектебінің алдына қойылып отырған мақсаты инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында өскелең ұрпаққа жүйелі, нақты білім беру болып табылады.Пәнді оқытуда қолданылатын жаңашыл әдістерді қолдану тиімділігі төмендегідей;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың танымдық қызығушылығын және білім сапасын арттыру;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдің дәстүрлі білім беруге қарағанда оқушыларда алған білімді жүйелеу;
- Интербелсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда мұғалімнің уақытын үнемдеу және тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Оқушыларға химиядан жүйелі білім беруде сабақ басты орын алады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері химия пәні сабақтарында ақпараттық технологиялар жиі қолданылуда. Заттардың құрамы мен құрылымын, қасиеттерінің құрылымына тәуелділігін, қасиеттері белгілі жаңа заттар мен материалдар алуды, химиялық өзгерістердің заңдылықтары мен оларды басқарудың жолдарын зерделеу- мектепте химия пәнін оқытудағы негізгі мәселелер. Заттар әлемін (олардың құрамын, құрылымын, бір заттың басқа затқа айналуын) зерделей отырып, оқушылар практикалық қызмет үшін тиянақты білім алуы тиіс. Осыған байланысты күнделікті сабаққа:

  • мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);

-зертханалық тәжірибелер;
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары болмақ. Жаңа ақпараттық техникаларын пайдалану соңғы уақытта мектептегі білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Мультимедиялық технологиялар көбіне компьютерлік сыныптарда қолданылады. Қазіргі уакытта сабақ материалына байланысты көптеген компакт-дискілер бар. Мектептегі химия сабағын компьютердің көмегіне сүйеніп өткізуге көп мүмкіндіктер жасалған. Жаңа материалды түсіндіруде интерактивті компьютерлік графиканы пайдалануды көздейтін аппараттық-бағдарламалық құралдарды пайдалануға болады. Компьютерлік графикалық материал презентациялық монитор көмегімен көрсетіледі. Химия пәні бойынша компьютерлік тестілеуді қолдану оқушылардың интеллектуалдық танымын арттырады.

  1. Сабақ оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Сабаққа қойылатын педагогикалық талаптар. Сабақ түрлері. Тапсырма: сізге ең танымал (мамандық бойынша) тақырыпта біріктірілген сабақ жоспарын жасаңыз.

Сабақ - нақты бағдарлама мен сабақ кестесімен жүргізетін, міндетті түрде мұғалім басшылық жасайтын, балаларды ізденіске түсіретін, оларға түсінікті формада бе-рілетін білім және тәрбие негіздерін қамтиды.Мұғалімнің жаңа са-бақты жүйелі түсіндіруі, оқушылардың оқулық және кітаппен өзді-гінен жұмыс істеуі, оқушылардың жазу мен сызу жұмыстары, лабора-ториялық жұмыстар, тәжірибе көрсету және экскурсия жүргізу талап етіледі. 20-шы жылдары кеңестік дидактикада оқыту формаларын ұйымдастыру басты бағыт болып саналды. 1919 жылы П.П. Блонский оқушылардың оқу жұмысын студиялық жүйе түрінде ұйымдастыруды ұсынды. Мектепте оқытылатын тақырыптарды ол бірнеше циклге бөл-ді. Жұмыс сыныпта емес, кабинет-зертханаларда немесе «өмірдің өзінде» жүргізіледі. Мұғалім сабақта оқушыларға нұсқау беріп, қажет болса көмектесетін еді. Сабақ мұғалімнің мектеп жоспары мен бағдар-ламасы негізінде жасаған оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Оқытудың негізгі формасы-сабақ.Сабақты ұйымдастырудың формасы оқу процесінің міндетін іске асырудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттерінің сыртқы көрінісі.Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты,мазмұны мен әдістері жүзеге асырылады. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани адамгершілік қаситеттері мен ақыл-ойқабілеттерін дамыту мақасттары көзделеді. Сабақ күрделі психолгиялық және дидактикалық процесс,онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.
Сабақ жоспары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет