Билет 1 Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің мақсаты. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Билет 8 1.Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?



бет10/14
Дата31.05.2022
өлшемі55,94 Kb.
#36011
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Билет 8
1.Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
2.Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесі

8.1.Критерий арқылы бағалаудың оқыту үшін маңызы неде?
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушымен салыстырмалы түрде бағаланып келді.
Осы орайда, мен сабақта критериалды бағалау технологиясын қолданудың артықшылығына тоқталғым келеді. Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты – бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау – бұл оқушылардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда нақты анықталған, ұжыммен қалыптастырылған, алдын-ала оқушылардың барлығына белгілі білім жетістіктерін бағалауға негізделген үдеріс. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; анық, айқындылығы; бағаның әділдігі; өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Критериалды бағалау артықшылықтары: Оқушының тек қана жұмысы бағаланады. Жұмысын бағалау алдын –ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала беріледі және оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі. Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады. Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді, білім берудің сапасы артады.
Критериалды бағалау технологиясының артықшылығы: нақтылық, әділдік, ынталандыру, белсенділікке жұмылдырады. Критериалды бағалау технологиясының оқытуды жақсартудағы 5 қағидасы мыналар:

  • Оқушылармен кері байланысты тиімді қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.

  • Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.

  • Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.

  • Өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттігі.


8.2.Оқытудың 12 жылдық білім беру жүйесі
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты
— қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
— өзін-өзі дамытуға;
— өз ойын еркін айта білуге;
— өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
— жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:
-саты — жалпы бастауыш білім беру ( 1–4-сыныптар — бастауыш мектеп. Оқу мерзімі — 4 жыл.
-саты — негізгі орта білім беру (5–10-сыныптар — негізгі мектеп). Оқу мерзімі — 6 жыл.
-саты — жалпы орта білім беру (11–12-сыныптар — жоғарғы мектеп). Оқыту ұзақтығы — 2 жыл. Негізгі міндет — бейінді оқыту



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет