Билет 1 Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің мақсаты. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Билет 12 1.Технология. Жаңа оқыту технологиялары



бет14/14
Дата31.05.2022
өлшемі55,94 Kb.
#36011
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Билет 12
1.Технология. Жаңа оқыту технологиялары.
2.Халықаралық білім беру кеңістігіндегі оқу нәтижелерін бағалау.

12. 1.Технология. Жаңа оқыту технологиялары.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы.

негізгі, басты міндеттері мынадай:
- əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу;
- білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу;
- өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;
- аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.
Жаңа педагогикалық технология: ынтымақтастық педагогикасы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, проблемалы оқыту технологиясы, тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы, түсіндіру, басқарып оқыту технологиясы, деңгейлік саралап оқыту технологиясы, міндетті нəтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модельдік оқыту технологиясы, жобалап оқыту технологиясы.
Жаңа инновациялық педагогикалық технологияның
12.2.Халықаралық білім беру кеңістігіндегі оқу нәтижелерін бағалау.
Халықаралық білім кеңістігінде оқунәтижелерін бағалау құралдары
Халықаралық сарапшылар PISA-2012 зерттеуінде жаратылыстану-ғылыми сауаттылықтың мынадай құрамдастарын қарастырады: «ғылым мен технологияға жүгінетін өмірлік жағдайларды тану (бағалау контексті); ғылыми білімдер негізінде материалдық өлемді (технологияны қоса) ұғыну, ол қоршаған орта мен оның заңдары туралы білімді, сондай-ақ дара жаратылыстану ғылымдары туралы білімді меңгеруді болжайды (зерттеу білімінің компоненті); ғылыми сұрақтар тұжырымдау машықтарынан құралған біліктіліктерді меңгеру, меңгерген ғылыми білімдерге жүгіну және оларды қолдану, дөлелденген фактілер негізінде ой түю (зерттеудің білікті компоненті); жаратылыстану- ғылыми білімге қызығушылық, жаратылыстану-ғылыми білімге құмарлықты өзіндік құндылықтар жүйесіне енгізу, мысалы, табиғи ресурстарға және қоршаған ортаға қатысты жауапты өрекет етудің қалыптасқан уәждемесі (бағалаудың аффектілік өлшемі).
Тапсырмалар құрылымы өлшеудің 4 өзара байланысты аспектісінен құралады: Контекст: жаратылыстануға және технологияға байланысты шынайы жағдайлар: тұлғалық (оқушының өзіне, оның отбасына, достарына байланысты); әлеуметтік (жергілікті ортамен
байланысты); ғаламдық (өлемнің әр бұрышында орын алған құбылыстарға байланысты).
Жағдайлардың 5 тобы қарастырылды: «Денсаулық», «Табиғи ресурстар», «Қоршаға орта», «Қауіп, тәуекел көздері», «Жаратылыстану мен технология байланысы». Біліктіліктері:ғылыми сұрақтарды ажырату және қою; құбылыстарды ғылыми түсіндіру; ғылыми дөлелдерді қолдану.
Білімдері: жаратылыстану-ғылыми - шынайы өлем туралы білімдері; ғылым туралы - адам өткізетін зерттеулер туралы өдіснамалық білімдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет