Билет 1 Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің мақсаты. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Билет 2 1. Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінің міндеттері



бет3/14
Дата31.05.2022
өлшемі55,94 Kb.
#36011
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
БОТ 1-12

Билет 2
1. Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінің міндеттері
2. 12 жылдық білім беру жүйесінің ерекшеліктері.


2.1. Бағалаудың өлшемдік технологиялары» пәнінің міндеттері
Бағалау – оқу процесінің (студент әрекеттерінің, сабақтың, пәннің, курстың) қаншалықты нәтижелі екендігін анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асырылып жатқандығын анықтау.
Пəннің міндеттері:
- Бағалаудың өлшемдік технологияларының ғылыми негізін ашу;
- Пəндік жəне метапəндік нəтижелерді бағалау өлшемдерін жоспарлау;
- Білім беру жүйесінің талаптарына жауап беретін кретериалды бағалау жүйесін жасау;
- Тұлғаның функциональдық сауатылығын қамтамасыз ететін, түйінді құзыреттілікті қалыптастыратындай бағалау жəне өзін -өзі бағалау механизмін анықтау;
- Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің талаптарын анықтау.
2. 12 жылдық білім беру жүйесінің ерекшеліктері.
12 жылдық оқытудағы басты мақсаты
— қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;
— өзін-өзі дамытуға;
— өз ойын еркін айта білуге;
— өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;
— жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12 жылдық білім беру ерекшелігі — білім беру парадигмасының өзгеруі, яғни білім, білік, дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу.
12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:
-саты — жалпы бастауыш білім беру ( 1–4-сыныптар — бастауыш мектеп. Оқу мерзімі — 4 жыл.
-саты — негізгі орта білім беру (5–10-сыныптар — негізгі мектеп). Оқу мерзімі — 6 жыл.
-саты — жалпы орта білім беру (11–12-сыныптар — жоғарғы мектеп). Оқыту ұзақтығы — 2 жыл. Негізгі міндет — бейінді оқыту
Билет 3
1. Қазақстандағы тестілеу жүйесі.
2. Сабақтын түрлері мен оқыту әдістеріне сипаттама беріңіз.


3.1. Қазақстандағы тестілеу жүйесі.
ТЕСТ (англ. test) — сынау, тексеру, талдау. «Тест» – психология мен педагогикада сыналушының білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу.
Қазақстанда тестілеу жүйесінің енгізілуі 1992 жылдан басталды. Орта білімді бітірушілер мен олардың жоғары оқу орнына түсудегі білім деңгейін айқындау мақсатында Республикалық тестілеу орталығы құрылды. Тестілеу алғашында жаңаша ақпарат технологиялар әдісімен жоғары оқу орнына түсу емтиханы ретінде айдаланылды.
2004 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілді, ҰБТ – жалпы білім беру ұйымдары бітірушілерінің мемлекеттік қорытынды аттестаттауы мен орта білімнен кейінгі жоғары білім ұйымдарына қабылдау емтихандарын біріктірді. ҰБТ жалпы білім жүйесіндегі білім сапасын сырттай бақылайтын тәуелсіз жүйе ретінде қалыптасты. Сонымен қатар талапкерлерді кешенді тестілеу жүйесі (ТКТ) – ақпараттық технологияларды пайдаланып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан қалыптасқан. ТКТ-ге мектепті бұрынғы жылдары бітіргендер қатысты.
Ұлттық тестілеу орталығында 2006 жылы ҚАЗТЕСТ жүйесі құрылды, ҚАЗТЕСТ – мемлекеттік тілді меңгеруді бағалау мақсатында TOEFL, IELTS, DALF/DELF, СЕLI, DSH, TÖMER, ТРКИ сияқты басқа да тіл білімін бағалаудың халықаралық жүйелеріне негізделіп жасалған тестіленушінің коммуникативтік компетенцияларын бағалауға бағытталған жүйе.
3.2. Сабақтын түрлері мен оқыту әдістеріне сипаттама беріңіз.
Сабақ классификациясы (жiктелуi) – сабақтарды құрылысы жөнiнен топастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз бередi. Бұл мəселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пiкiрлер əлi де қалыптаспаған.
Мысалы, И. Н. Казанцев сабақты жiктеудi оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына жəне өткiзу əдiсiне қарай белгiлесе, С. В. Иванов оқыту процесiнiң ерекшелiктерiне қарай анықтайды. Ал Данилов пен Есипов сабақтың негiзгi дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерiн топтастыру ұстанымдары əртүрлi болғанымен де, iшкi мазмұндары бiр-бiрiне өте ұқсас келедi.
И.Н. Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ – əр пəннен оқу жылының басында өтетiн сабақтар.
2. Кiрiспе сабақ – бағдарламаның күрделi тараулары мен тақырыптарынан өтетiн бiрiншi сабақ.
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы – жаңа оқу материалы өтетiн сабақ.
4. Пысықтау сабағы – өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы – оқушылардың бiлiмi мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Тəжiрибелi сабақ – оқушылардың алған бiлiмiн өмiрде қолдану жолдарын көрсететiн сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы – өткен күрделi тараулар мен тақырыптарды қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың бiлiмiн тексеретiн сабақтар.
9. Бiлiм сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған бiлiмiн бағалау сабақтары.
10. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында əр пəннiң жылдық курсын қорыту сабақтары.
С.В. Иванов бойынша:
1. Кiрiспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3. Жаңа бiлiмдi меңгеру сабағы.
4. Меңгерген бiлiмдi тəжiрибеде қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау жəне қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабағы
Метод (əдіс – жалпы мəні) – белгілі тəртіппен немесе ретретімен алдына қойған мақсатқа жетудегі іс-əрекет тəсілі. Оқыту немесе үйрету əдісі – оқытушы мен оқытушының бірігіп іс-əрекет тəсілдері арқылы білімін, біліктілігін, дағдысын меңгере отырып, дүниеге көзқарасын қалыптастыру.
Оқыту әдістерін тандау әдетте сабаққа оқу материалының мазмұнын таңдаған кезде жүреді. Ол дидактикалық мақсатқа, оқушылардың білім деңгейіне мұғалімнің өзінің дайындық деңгейіне байланысты.
Оқыту әдістері білім көзіне байланысты:Сөздік, көрнекілік,тәжирибелік болып бөлінеді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
• әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
• әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
• ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
• әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
• әңгіменің әсерлілігі;
• тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
• мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет