Билет 1 Бағалаудың өлшемдік технологиялары пәнінің мақсаты. Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер


Билет 11 1.Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты. Критериалды бағалаудың міндеттері



бет13/14
Дата31.05.2022
өлшемі55,94 Kb.
#36011
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Билет 11
1.Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты. Критериалды бағалаудың міндеттері.
2.Сабақта оқушылар бір-бірін бағалау керек. Сіз оларға қандай амал қолданар едіңіз?

11.1.Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты. Критериалды бағалаудың міндеттері.
Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:

  • Мектепте оқыту сапасын жоғарлату

  • Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

Критериалды бағалаудың міндеттері:

  • Сабақтың әр бөліктеріндегі әр оқушының дайындық деңгейін анықтауға;

  • Бағдарламаға сәйкес оқу мақсаттарын орындау қабілеті;

  • Жеке оқушының даму жетістігін бақылауға;

  • Оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындауға;

  • Әртүрлі жұмыс барысындағы алған өз бағасының әділдігіне көзін жеткізуге;

  • Оқу бағдарламасының тиімділігін саралауға;

  • Сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана арасындағы кері байланысты қамтамасыз етуге



11.2.Сабақта оқушылар бір-бірін бағалау керек. Сіз оларға қандай амал қолданар едіңіз?
Бағалау тек мұғалім тарапынан жүзеге асырылмай, оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалау жағына ойысқан. Әр сабақта оқушылар өзінің және өзгелердің әрекеттері мен білім деңгейіне талдау жасап оларға баға беріп отырады. Сабақ соңында міндетті түрде пікірлерін екі жұлдыз, бір ұсыныс ретінде айтып отырады. Бұл да өз кезегінде оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға итермеледі, сындарлы сөйлеуге ынталандырды, басқалардың идеясын құрметтеуге және бағалауға дағдыландырды әрі оқушылардың пәнге қызығушылығы артты. Ең бастысы, шәкірттер бір біріне бауыр басып, өзін және жолдастарын бағалай біледі. Олардың бойында өздеріне деген сенімділік пайда болды, құлшыныстың, белсенділіктің артқанын байқадым.
Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды, бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет