Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Назарларыңызға «Екі жұлдыз» аттты математикалық интеллектуалды шоуымызды ұсынбақпыз, ден қойып тыңдап, өздеріңізге қажеттілеріңізді тауып алуларыңызға тілектеспіз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін»
Нағыз пән математика атанғансың! – дей келе ортаға жұлдыздарымызды шақырамыз.
Бар табыстың жетекшісі өзіңсің
Бар ғылымның төре биі өзіңсің
Өмір сүру формуласы адамның
Сенің өзің аталғансың содан да дей келе «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған.» деп аталатын бірінші турымызды бастаймыз. Бұл турда жарысқа қатысушылардың әр жұбына 3 сұрақтан беріледі, сол сұрақтарға кідірмей жауап бересіздер. Әр сұраққа 1 балдан беріледі.
І – тур. «Математика – адам үшін, адам – математика үшін жаралған».
Алғаш адамдар нелерді және қалай санап үйренді?
/Адам әуелі заттарды жекелеп, топтап, түстеп санады./
«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика, сондықтан оны оқу керек». Бұл сөздің авторы кім? /Г. Галилей/
Косинустар теоремасын ашқан кім? /Орта Азияда Әл-Беруни/
Квадриллион неше нольмен өрнектеледі? /24 нөлмен/
Егер түнгі сағат 12-де күн жауып тұрса, онда 84 сағаттан кейін ашық күнді көруге бола ма? /84 сағат , 3,5 сөтке, тал түс ашық күнді көруге болады/
Қай академияның кіре берісінде «Геометрияны білмеген кісі академияға кірмесін» деп жазылған?
/Ежелгі гректің идеалист философы Платон б.э. (427-247) философиямен шұғылданғысы келгендер математиканы білуі керек деп, Академияның кіре берісіне жоғарыда айтылған сөзді жазғызыпты/.
Әкесі баласынан 25 жас үлкен, неше жылдан кейін баласы әкесінен 30 жас кіші болады?
/Әкесі баласынан ешуақытта 30 жас үлкен болмайды. Себебі жас айырмасы ешуақытта өзгермейді/.
Арифметикалық амалдар бұрын шықты ма, әлде амал таңбалары бұрын шықты ма?
Достарыңызбен бөлісу: |