Мәнерлеп оқу мәселелері/ психологиялық, грамматикалық, логикалық кідірістер
Мәнерлеп оқуға жаттықтыру барысында мұғалім әңгімелеу үлгісінің бірнеше түрлерін магнитофон таспасына жазып алып тыңдатуына болады. Балалардың саяхат кезіндегі немесе белгілі бір кинофильмнен алған әсерлерін әңгімелетіп отырып, магнитофонға жазып алып, оны қағазға түсіріп, сол әңгімені айтқан баланың өзіне қайта оқытса, екеуі екі бөлек дүние болып шығады. Өйткені, оқушы өзінің еркін сөйлескен әңгімесін тексін қағаздан оқығанда сөйлеу кезіндегі эмоциялық әсерінен айырылып қалады. Әрине, бұндай кезде сөйлеу аппаратының қызметі де, дауыс та оқушы дағдысы мен икемділігіне бағынады. Соның салдарынан балалар үшін де, үлкендер үшін де мәнерлі көркем оқу мен қарапайым сөйлеудің бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ сияқты көрінеді. Оқу мен сөйлеудің байланысын түсініп, салыстыра отырып жаттығулар түрлерін жасап үйренсе, олардың ұқсастығы мен айырмашылығы анық көрінеді. Көркем сөз шеберлерінің күйтабаққа жазылған сөздерін тыңдату арқылы да мәнерлеп оқу, көркем оқу дегеннің не екендігі туралы ұғымдар беруге болады. Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін (паузаларын) игеру. Олар: а) логикалық кідірістер; ә) психологиялық кідірістер; б) грамматикалық кідірістер болып бөлінеді. Логикалық кідіріс. Әрбір сөйлемде айтылатын ойға қазық болып, қалған сөздер соған байланысты болып тұратын жеке сөздер, сөз тіркестері бар. Ол сөздер басқа сөз табынан сәл көтеріңкілеу оқылып, тыңдаушы назарын өзіне аударады. Сөйлемдегі негізгі мағына — қай сөзге, қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанын дауыс кідірісі арқылы жеткізуге болады. Ал сөйлеу кезінде қай сөзге мағыналық кідіріс жасалатын болса, сол сөз көтеріңкілеу айтылады. Психологиялық кідіріс. Текстің мазмұн-мағынасына, ондағы қатысатын кейіпкердің іс-әрекетіне, оның көңіл-күйінің құбылуына байланысты оқылады. Текске дұрыс психологиялық кідіріс жасалып оқылғанда, тыңдаушы ерекше назар аударып, онан әрі не болатынын тағатсыз күтеді. Кейде шығарма кейіпкерімен қосына қуанып, қосыла ренжиді. Психологиялық кідіріс текст мазмұнына лайықты жасалған жағдайда тыңдаушының алған әсері ұзаққа созылады. Грамматикалық кідіріс. Мәнерлеп оқуда кебірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер — грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп те аталады.
2. Сабақ - жаратылыстану пәні бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде. Жалпы сипаттама беру
Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, әлем жайлы ой-өрістің кеңеюіне, ғылыми ұғынудың және қоршаған әлемді тұтастай қабылдаудың дамуына, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.
Бастауыш мектепте оқушыларға «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;
жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын.
Атаулы пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.
3.Дүниетану пәнін оқытудағы жергілікті жерматериалдарын пайдаланудың маңызы мен онысабақта пайдалану мүмкіндіктері.
Оқытудың көрнекілік әдістерінің басты ерекшелігі – оларды пайдалануда негізгі ақпарат көзі ретінде сөз емес, әр түрлі объектілер, құбылыстар, техникалық және көрнекі құралдар танылады. Бұл әдістер оқытудың сөздік әдістерімен сабақтасып өте жиі қолданылады. Көрсету, иллюстрация, бақылау көрнекілік принципін жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды, бұл әдістердің барлығы да оқушыларға эмоционалдық әсер етеді. Оларға да көрнекілік принципіне қойылатындай (көрсетілетін объектілердің, құбылыстардың реттілігі, қабылдаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету) сияқты талаптар қойылады. Әдістердің бұл тобына оқытудың әр түрлі техникалық құралдарын пайдалану (магнитофондағы жазбалар (құстардың дауысы), радиохабарлар, экрандық – дыбыс құралдары, телехабарлар, компъютерлік бағдарламалар) жатады.
Қазіргі жағдайда компъютер сияқты техникалық құралдарды пайдалануға басты назар аударылуда. Олар оқушыларға бұрын оқулық мәтінінен игерген көптеген мәліметтерді сапалы игеруге мүмкіндік береді.
Мұғалім сабаққа дайындалғанда әдістің сабақтағы орнын анықтайды, оның тақырыбы мен мақсатын көрсетеді, оқытатын материалын түсіндіруге қажетті көрнекі құралдарды қарап, белгілейді; суреттерді қарап, ондағы керекті обьектілерді табады; баяндаудың Жоспары:ы мен конспектісін жазады, Жоспары:ды қарапайым етіп, үш-төрт тақырыпшадан асырмауға тырысады; сөздердің дұрыс айтылуын, дауыс ырғағын қадағалай отырып, әңгіменің бүкіл мазмұнын Жоспары бойынша дауыстап айтып шығады.
Мұғалімнің баяндауы айқын, көркем және қызықтыратын болып құрылса және оқушыларды өзіне тартып, материал мазмұнына қызықтыра алса, оқушыларды жұмылдырады, оларға жауаптарын дұрыс құруға үлгі береді.
Әңгіме әдісі сурет бойынша әңгіме, оқылған тексті бойынша әңгіме, оқылатын материалдың негізінде карта бойынша әңгіме, жасалған тәжірибе желісінде әңгіме түрінде қолданылады.
Оқытуда көрнекілік әдістерін пайдаланғанда төмендегі шарттар сақталуы керек:
а) қолданатын көрнекілік оқушы жасына сай болуы керек;
б) көрнекілік шектеулі пайдаланылуы керек және оны бірте-бірте тек сабақтың қажет сәтінде
көрсету керек;
в) оқушыларға көрсетілетін дүниені жақсы көре алатындай етіп ұйымдастырылуы қажет; г) иллюстрацияны көрсеткенде басты, маңызды жақтарын бөліп көрсеткен жөн;
д) құбылыстарды көрсету кезінде берілетін түсініктерді тыңғылықты ойластыру керек;
е) көрсетілетін көнекілік материалдың мазмұнымен сәйкес болуы керек;
ж) қөрнекі құралдардан немесе көрсету қондырғыларынан ақпаратты табуға оқушылардың
өзін белсендіру.
Билет-16 1.. Әдебиеттік оқу сабағында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер