Өндірістің мақсаты, нәтижесі және тиімділігі. Ресурстар және өндіріс факторлары түсініктері. Өндіріс факторларының өзара алмастырылуы.Өндіріс факторлары, яғни еңбек, капитал, жер - сатып алу, сату объектісі болып табылады, ал оларды сату мен сатып алу іске асырылатын нарықтарды ресурстар нарықтары деп атайды. Әрбір фактордан біз табыс аламыз. Еңбектен-еңбекақы, жерден-рента, капиталдан-пайыз, кәсіпкерлік қабілеттен-пайда. Еңбек нарығы өндіріс факторлары нарығына жатады. Нарықтық экономикада өндіріс факторларын осы факторларды иеленушілер, яғни үй шаруашылықтары ұсынып отырады. Көпшілік отбасыларындағы табыстың басты көзі - еңбек. Жеке тұлға өзінің еңбегі үшін еңбекақы алады, яғни еңбекақы - жалдамалы жұмысшының еңбегінің бағасы болады.Жер рентасы - жекеменшіктен түсетін пайданың бір түрі, жерге капитал қолданғаны үшін жер иесіне төленетін ақы. Ғалымдар жер рентасының екі түрін бөліп қарастырған, олар: абсолюттік рента (К.Маркс, Ф. Энгельс) және дифференциалдық рента (оны А.Смит пен Д.Рикардо зерттеген).
Экономикалық жүйелердің мәні, әртүрлі жіктелу өлшемдері, түрлері және ұйымдастыру үлгілері.Әртүрлі экономикалық жүйелер негізгі экономикалық сұрақтарды өздігінше шешеді. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:1. Меншік түрлері бойынша;2. Экономиканы ұйымдастыру түрлері бойынша.Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйелерді төмендегідетүрлерге бөледі:а) дәстүрлі экономика;э) әкімшілдік-әміршілдік экономика; б) нарықтық экономика;в) аралас экономика.