2.Пайданың экономикалық табиғаты. Пайданың көлемін анықтайтын, факторлары. Бухгалтерлік және экономикалық пайдалар. Пайда нормасы. Жалпы, орташа және шекті түсімдердің арақатынасы әртүрлі нарық модельдерінде әртүрлі болады. Жетілген бәсеке үшін: МR=АТR=Р. Нарықтың басқа модельдерінде бұндай тепе-теңдік орындалмайды, олар үшін МR<АR = Р. Егер жалпы түсімнен өндірістің жалпы шығындарын алып тастаса, онда фирманың меншігінде пайда қалады.Бухгалтерлік пайда - жалпы түсім мен бухгалтерлік шығын арасындағы айырма.Экономикалық пайда (economis profit) дегеніміз жалпы түсім мен экономикалық шығындар, яғни айқын және айқынсыз шығындардың жиынтығы арасындағы айырма:п= ТR-TCмұндағы - экономикалық пайда, TR - жалпы түсім, ТС - жалпы экономикалық шығындар.Пайда нормасы – пайданың авансыланатын капиталға қатынасы. Шаруашылықты жүргізу тиімділігінің‚ кәсіпкердің қолда бар өндіріс ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалана білуінің өлшемі ретінде қолданылады.
Шешуі:
Номиналды пайыздық мөлшерлеме = 12%. Нақты % мөлшерлеме = инфляцияны ескере отырып түзетілген номиналды пайыздық мөлшерлеме = 12-14 = -2%. 2% – ға тең нақты пайыздық мөлшерлеме кезінде банкке ақша салу тиімді емес. Егер инфляция деңгейі 10% – ға дейін төмендесе, онда нақты пайыздық мөлшерлеме оң болады: 12-10 = 2 %. Бұл жағдайда ақшаны банкте сақтау тиімді.