2) Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу.
Негізгі алмасу – стандартты жағдайда қолданылған энергияның мөлшері. Негізгі алмасу процессін зерттеу жүргізу үшін:
Адам физиологиялық тыныштық қалпында болуы тиіс;
Ауа температурасы 18-20 градус;
Адамның қарны аш, тамақтанғаннан кейінгі 12-14сағаттан кейін болуы керек.
Негізгі алмасу деңгейін анықтар алдында зерттелушінің жасын, бойын, салмағын, жынысын анық білу керек. Негізгі алмасу – адамның 1кг салмағына жұмсалатын энергия мөлшерімен анықталады.
Негізгі алмасудың ауытқуларын анықтау- Рид формуласымен жүзеге асырылады. Бұл формула қан қысымы, жүрек соғу жылдамдығы және ағзадағы жылу өндірісі арасындағы байланыстың болуына негізделген..
Қажетті құрал-жабдықтар: сфигмоманометр, фонендоскоп, секундомер.
Жұмыстың жүзеге асырылу барысы: арнайы кестелермен зерттелушінің негізгі алмасуының нормасын анықтап, тәуліктік зат алмасуының ккал-ын есептеп аламыз. Кейін, зерттелушінің пульс жиілігін, артериялық қан қысымын Коротков әдісі бойынша 2минуттық интервалмен анықтаймыз. Анықталған деректерді Рид формуласына салып, есептейміз:
Негізгі алмасудың ауытқу мөлшері
Рид формуласымен есептеуді жеңілету үшін номограмманы қолдануға болады. Номограммалық кестеде пульс жиілігі мен қан қысымын сызғышпен байланыстырып, негізгі алмасудың ауытқу мөлшерін анықтауға да болады.
Қорытынды: Рид формуласының көмегімен нақты ауытқу мөлшерін анықтай алмаймыз, формула шамамен негізгі алмасудың ауытқу мөлшерін көрсетеді. Нормадан 10 % дейін ауытқу қалыпты деп есептелінеді. Бұл формуланы кейбір ауруларға диагноз қою үшін тексеріс ретінде клиникада қолданады.
35-билет
1) Торлы қабықтағы фотохимиялық процестер. Торлы қабықтың биполярлы және ганглиозды клеткаларының функциялары.
Торлы қабықта жарық сезгіш пигменттер орналасады. Олар жарық түскен кезде оңып кетеді. Адамдар мен жануарлардың торлы қабығындағы таяқшаларында родопсин деп аталатын, ал сауытшаларында йодопсин деген көру пигменттері болады. Сондай-ақ сауытшалар құрамында жасыл түсті сіңіретін - хлоролаб және қызыл түсті сіңіретін – эритролаб деп аталатын пигменттер бар.
Родопсин пигменті – ретиналь деген А витаминінің альдегиді мен опсин деген екі нәруыздан тұрады. Жарық сәулесінің бір кванты әсерінен осы белоктардың өзгерісі пайда болады. Мысалы, ретиналь редуктаза ферментінің көмегімен алғашқыда люмиродопсин және метародопсин деген аралық заттарды түзе отыра, А витаминіне айналады.
Көзді қараңғылаған кезде родопсин құрастырылады, ал ағзаға А витамині жетіспесе родопсиннің құрастырылуы бұзылады. Оның салдарынан адамда қараңғыда мүлдем көзі қалатын «ақшам соқыр» деп аталатын ауру пайда болады.
Торлы қабықтағы фотохимиялық әсерленістер үнемді түрде өтеді. Себебі, қатты жарқыраған жарық болсада таяқшадағы родопсиннің кішкене мөлшері ғана жұмсалады. Яғни, аз ғана мөлшері ыдырайды.
Торлы қабықта биполярлы және ганглиозды деп аталатын жасушалар орналасқан. Олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Себебі, көптеген жарық рецепторларынан қозу толқыны бір ганглиозды жасушаға жинақталады. Ал, ол бірнеше биполярлы жасушалармен байланысқан болады.Бір ғана ганглиозды жасушалардың бір ғана биполярлы жасушалармен байланысуы тек торлы қабықтың ортаңғы бөлігінде ортаңғы шұңқыр маңында жүзеге асады. Осылайша әрбір ганглиозды жасуша аксондары көру жүйесінің талшықтарын құрайды. Ал, ганглиозды жасушалармен байланысқан фоторецепторлар қабылдағыштық өрісті құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |