Физиологиялық қызметтерді зерттеу әдістері.
. Физиологияның зерттеу әдістері:
Бақылау әдістер- Физиологиялық құбылыстарды қалыпты жағдайда және әр түрлі әсерлерден кейін қадағалауға мүмкіндік береді. Тірліктік әрекеттер жылжымалы болғандықтан, бұл әдетте, 2-3 үрдісті қамти алады.
Тіркеу әдістер- Физиологиялық құбылыстарды механикалық және электрлік тәсілдермен жазып алады.
Тітіркендіру әдістер- Тірі құрылымдардың, ағзалар мен тіндердің күйін өзгерту мақсатымен механикалық ( кесу, түйреу), биологиялық (егу, уландыру), химиялық(тұздар, қышқылдар, дәрілер), физикалық (дыбыс, сәуле, электр ағыны, температура, т.б.) түрткілердің әсерін қолданады.
Электрофизиологиялық әдістер-Қозғыш тіндер мен ағзалардың электрлік құбылыстарын және әртүрлі электрлік емес көрсеткіштерді (ультрадыбыс, электромагнит толқындары, т.б.) тіркегіш мен күшейткіштер қолданып осы амалмен тіркейді.
Өткір тәжірибе әдістер- Жануарларға вивисекция (тәнтілу), олардың мүшелерін, ағзаларын, тіндерін оқшаулау тәсілдерін жасайды.
Созылмалы әдістер- Жануарларға тірідей операция жасап, олар жазылғаннан кейін ұзақ уақыт бақылайды. Бұл әдісті физиологияға алғаш енгізген И.П. Павлов болатын, сөйтіп ол организмді бөлшектеп қараудың (анализ) орнына, біртұтас жүйе ретінде (синтездік) тексеруге мүмкіндік жасады.
Аспаптық әдістер- Физиологиялық зерттеулер нәтижесінде медицинаға әртүрлі үрдістерді тексеру, ауруларды анықтау (диагноз) және емдеу (терапия) үшін арнайы аспаптар ұсынады.
БИЛЕТ №2
Физиология тарихы. Физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық ғалымдардың рөлі (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин, К.В.Судаков, А.П. Полосухин, Н.У. Базанова және тб.).
. Физиологиялық даму тарихына үңілетін болсақ, жаңа дәуірге дейінгі IV ғасырда өмір сүрген ғалымдар Гиппократ пен Аристотельден бастау алғанын байқаймыз. Себебі олардың еңбектерінен адам ағзасының негізін және онда жүріп жатқан көптеген құбылыстарды түсінуге деген іс-әрекеттері байқалады. Бірақ олар ғылымның дұрыс дамымауы салдарынан көптеген сұрақтар мен құбылыстардың жауабын таба алмаған. Себебі, физиологияның бастапқы кезеңдерінде тірі ағзаны тәжірибелер жасау арқылы бақылау мүмкін болмады. Алайда, олардың тірі ағзадағы тірліктік әрекеттер туралы түсініктері дұрыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |