Билет №1 Қозғыш тіндер



бет3/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

Гиппократ – бүкіл медицинаның атасы болып саналады. Себебі, ол ұсынған ауруды анықтау, емдеу мен болжау,дәрігерлердің этикасы туралы көзқарастары әлі күнге дейін қолданыс табуда.
Аристотель – жануарлар туралы көп жылдар бойы зерттеп, еңбектері зоология, салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология ғылымдарының пайда болуына жол ашты. Сондай-ақ физиологияның даму тарихын айтқанда тағы да бірқатар ғалымдарды сөз етсек болады. Мәселен, тәжірибелік физиологияның дамуына жол ашқан К.Гален, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр Әль Фараби, шығыстың екінші дарынды ғұламасы Абу Али ибн Сина немесе Авиценна және т.б. ғалымдар физиологияның дамуына айтарлықтай үлестерін қосты.
Ал,енді физиологияның дамуындағы шетелдік және отандық ғалымдардың рөлі жөнінде сөз етейік. Олардың ішінде орыс физиологтары И.М.Сеченов, И.П.Павлов және П.К.Анохин ерекше орын алады.
И.М.Сеченов – алғаш рет қандағы еріген газдарға талдау жасады, орталық жүйке жүйесіндегі қозудың жинақтау мен тежелу құбылыстарын ашты. Сонымен қатар еңбек физиологиясының негізін қалаушы болып табылады. Алғаш рет психикалық іс әрекеттердің физиологиялық заңдылықтарын ашқан болатын. Осы еңбектерінің арқасында оны физиология тарихында «Орыс физиологиясының атасы» деген атаққа ие болған.
И.П.Павлов – қанайналымының реттелу тетіктерін зерттеп,жүрек қызметін реттейтін үш түрлі жүйке талшықтарының болатынын анықтады. Сондай-ақ асқорыту физиологиясын зерттеді. Осы ас қорыту саласындағы жасаған еңбектері үшін оған 1904 жылы дүниежүзілік Нобель сыйлығы берілді. И.П.Павловтың тағы да маңызды еңбектерінің бірі – шартты және шартсыз рефлекстер әдісін енгізуі. Олар организмнің мінез әрекеті негізін қалаушы психикалық әсерленістерді тексеруге мүмкіндік береді. 1935 жылы И.П.Павловқа «Дүниежүзілік физиологтардың атасы» атағы берілді.
П.К.Анохин – И.П.Павловтың шәкірті болғандықтан, оның ілімін жалғастырып, ми қызметі жөніндегі зерттеулерді жалғастырды. Шартты рефлекстің жаңа әдістері арқылы оның қалыптасу тетігінен және ішкі тежелуден қателіктер тапты. Сондай-ақ ол әрекеттік жүйе теориясының негізін қалады және оның жас кезеңдерінде іріктеліп, қажетті кезде қалыптасуы жөнінде системогенез ілімінің негізін қалады.
А.П.Полосухин – отандық физиологияның негізін салушы.Себебі, ол бастаған отандық физиологтар вегетативті жүйелерді, қанайналымын,тынысалу және қан жүйесі салаларында зерттеулер жүргізіп, үлкен жетістіктерге жетті. Сондай-ақ ол шәкірттерімен бірге силикоз ауруының дерттену себептері мен клиникасына зерттеу жүргізді.
Н.У.Базанова – тұңғыш қазақ әйелдерінің арасынан шыққан ғалым-физиолог, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҒА акедемигі. Оның зерттеу бағыты көбінесе ауылшаруашылық және жануарлар физиологиясына арналды. Н.У.Базанованың жетекшілігімен жас төлдердің ас қорыту жүйесін,зат және энергия алмасу үрдістеріне арналған зерттеулер жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет