Реография тәсілі- гемодирамиканың зерттеу тәсілдерінен салыстырмалы қарапайымдылығымен; қолдануға қарсы көрсеткіштің болмауымен; жеткілікті түрде сенімді әрі алынған нәтижелердің нақты екенділігімен ерекшелінеді. Жүрек, қан-тамырлар жүйесінің әртүрлі жағдайларында яғни атеросклероз кезінде, васкулиттің гипер және гипотониялық синдромдарында және т.б.гемодинамиканы зерттеуге; сонымен бірге қан айналымының жағдайы туралы сызықтық ақпарат алуға реография әдісі мүмкіндік етеді.
Электроэнцефалография(ЭЭГ) – мидың жалпы электрлік потенциалдарын тіркеуге негізделген зерттеу әдісі. Ол мидың әртүрлі биотоктарын жазу үшін өте кең тараған арнайы специкалық құрал. Бұл тәсілмен өлшеуде адам миының биотоктары мидың бетіндегі тіркелген электродтарменен өлшейді. Биоэлектрлік құбылыс ЭКГ-да периодты және апериодты толқындармен әртүрлі валтабен және жиіліктермен байланысты.
Қазіргі кезде ЭКГ-дағы электрлік тербелістер жиілігі мен амплитудасына және әрекеттік маңызына байланысты төрт типке бөлінеді: альфа, ветта, тета, дельта
БИЛЕТ №26
Дәмсезу анализаторы. Рецепторлық, өткізгіштік және қыртысты бөлімдері. Дәм сезудің жіктелуі.
Дәм талдағыштары деп отырғанымыз дәм түйсіктерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызып,ауыз қуысына түскен тағамның әртүрлі дәмін, түрін, температурасын және мөлшерін анықтайтын анализаторлар. Олар организмнің тіршілігін, зат алмасуын, сыртқы ортаға бейімделісін қамтамасыз етеді. Дәмді толықтай түйсіну иіс сезу анализаторымен тығыз байланысты. Мысалыға, алдымен біз тағамның иіс аңғарамыз, яғни мұрынымыздың көмегімен иіс сеземіз, содан кейін тағамды жеп бастаған уақытта дәм анализаторлары іске қосылып, тағамның дәмін толықтай сезіне аламыз. Сондықтанда, дәм сезу жүйесінің негізгі мақсаты – тағамның құндылығы мен жарамдылығын анықтау және асқа тәбетті қалыптастыру.
Дәм анализаторлары перифериялық, өткізгіш және орталық бөлімдерден тұрады.