Билет №1 Қозғыш тіндер


Дәм талдағышының шеткі бөлімі



бет33/65
Дата30.03.2023
өлшемі245,42 Kb.
#77656
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65
Байланысты:
физио ответы билетов 103 (1) (2)

Дәм талдағышының шеткі бөлімі – дәм сезу баданасының рецепторларынан тұрады. Олар тілдің ұшында, екі бүйірінде және түпкі жағында көп кездеседі. Адамда 10 мыңнан астам дәм сезу баданасы болады. Олардың әрқайсысы 8-12 қабылдағыш және тірек жасушаларынан тұрады. Дәм баданалары тілдің біртік тәрізді емізекшелерінде орналасады. Және де олардың ұшқары жері өте сезімтал микротүктерден тұрады. Дәмді заттар дәм сезуші жасушаларға бадананың төбесіндегі тесік арқылы өтеді.Түкті рецепторлар химиялық затармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде мембранадағы натрий каналдарының ашылуы қозуға кетіріп, рецепторлық потенциалды тудырады, әрі қарай ол әрекет потенциалына айналып таралады.
Дәм талдағышының өткізгіш бөлімі дәм баданасынан шығатын сезгіш жүйке талшықтарынан басталады, афференттік серпіністер тіл, жұтқыншақ және кезеген жүйкесінің құрамында cопақша мидың жалқы будасына келеді. ІІ нейронның аксоны медиалды ілмектің құрамында таламусқа жетеді, онда ІІІ нейрон орналасады, оның аксондары сепіністерді ми қыртысына жеткізеді .
Дәм талдағышының орталық бөлімі ми қыртысының денесезу аймағында, артқы орталық қатпардың төменгі бөлігінде орналасады. Бұл аймақтың көптеген нейрондары көп сезімді,ияғни олар дәмді сезуден басқа механикалық, температуралық және ноцицептивтік әсерлерге де жауап қайтарады.
Дәм сезу мүшесіне тілде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасқан дәм сезу бүртіктері жатады. Дәм сезу бүртіктері төрт дәмді сезеді: тәттін, ащыны, қышқылды, тұзды. Тілдің ұшындағы рецепторлар тәттіні, түп жағындағылар ащыны, бүйір бөліктеріндегілер қышқылды және тұздың дәмін сезеді. Қабылдағыштарда туған қозу рефлекторлық доға арқылы ми қыртысының дәм сезу аймағына жетеді.
2 Рид формуласымен негізгі алмасуды есептеу.

Негізгі алмасудың қалыптан ауытқуын Рид формуласымен есептеу үшін, алдымен зерттелушінің 3 рет 1 – 2 мин сайын оң қолдың максимальді және минимальді артериялық қысымын, пульсін өлшейді. Эмоционалды тыныштық және бұлшықет ширығуының жоқтығы кезінде зерттелушіні арқасына жатқызған қалпында пульсін есептейді. Есептеу үшін минимальді көрсеткіштерді алып, Рид формуласымен есептейді: Ауытқу дәрежесі = 0,75*(пульс жиілігі+пульс қысымы*0,74)-72





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет