Байланысты: Билет №1 Шет тілін о ыту дістемесіні бас а ылымдармен байланы
Билет №17 1.Жазуға үйрету дағдысын қалыптастыру Шет тілін үйретудегі өте маңызды және күрделі жұмыстардың бірі – жазу. Ағылшын тілін жазуға үйрену дегеніміз - сол тілдің әріптік және дыбыстық жүйесін білу, оны сөйлей, айта , қолдана білу. Жазу каллиграфиядан, орфографиядан және шығарма жаза білуден тұрады. Жазуды үйрету мынадай біліктіліктерді дамытудан тұрады:
1. Алғашқы алфавиттің әрпін жаза білу біліктілігі;
2. Дыбыстарды әріптерге немесе әріптер қосындыларына өзгерте алу біліктілігі;
3. Сөздердің, фразалардың, сөйлемдердің орфографиясын түзей алу біліктілігі;
4. Өздерінің ойларын жеткізу үшін әртүрлі жаттығулар жасай алу біліктілігі;
Бұл біліктіліктерді қалыптастыру үшін мынадай негізгі факторлар талап етіледі:
- сөзді тыңдай білу;
- сөзді айта білу, айтылу жолдарын (артикуляция) білу;
- әріптер мен әріп қосындыларын көзге елестете алу;
- жазу әрекетіндегі қол бұлшық етінің жұмысы;
Сонымен, жазуға көз, құлақ, бұлшық ет, қолдың бұлшық еті, тіл, көмей қатысады. Соңғы маңызды факторлардың бірі – дұрыс жазудың қалыптасуы үшін керекті ережелерді білу.
Жазуға үйренуде кездесетін қиынщылықтардың бірі – таныс емес әріптердің болуы: s, r, l, f, g, q.
Бұл қиыншылықты жеңу үшін сабақ үстінде бұл әріптерді дұрыс жазғызып, көп жаттығулар жасату қажет. Келесі бір қиындық - кейбір сөздердегі әріптер мен әріп қосындыларының бірдей оқылуы: I – eye, write – right; Және әріптердің кейбір сөздерді оқылып, оқылмауы: help – hour;
Ағылшын тілінде әріптерге қарағанда, дыбыстар көп, сол үшін қиын сөздерге назар аудару керек. Ал, ағылшын орфографиясын білу үшін, оның заңдылықтарын білу қажет. Олар:
- у әрпіне аяқталған сөздерге s жалғауының қосылу жолдары: day – days; бірақ: city –cities; дауыстыларға «еd» жалғанады: play – played; дауыстыларға –ing жалғану: write – writing; сын есім шырайларының жалғаулары: clean – cleaner – the cleanest;
Шет тілінде жазуға үйрету үшін көп жаттықтыру қажет. Мысалы, ең алғашқы жаттығу түрі карточкалар арқылы каллиграфияны оқыту; Бұл жаттығу түрінде оқушы берілген карточканың бірінші бөлігінде мұғалім нұсқауымен әріптің үлкен және кішкентай белгілерін жазады, кейіннен карточканың екінші бөлігіне сөздер жазады. Мұғалім әріптерді, сөздерді жазғанда өзінің әр қимылын түсіндіру керек, ал балалар сол қимылдарды бірінші ауада, кейін дәптерлеріне жазады.
Және жаттығудың қиын түрі – диктант. Диктант жұмысы да әр сыныптың жас және жеке ерекшеліктерін, білімдерін ескеріле таңдалынып алынады. Диктант көлемі: 6-сынып – 20 сөз, 7-сынып – 30сөз; 8-сынып – 50-60 сөз; 9-сынып – 60-70 сөз; 10-11 сынып – 70-100 сөз.