Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Билет №23 Шет тілінде сөйлеуге үйретудің мазмұны



бет37/48
Дата20.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#69605
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Билет №23

  1. Шет тілінде сөйлеуге үйретудің мазмұны.

Сөйлеу – ол тілдің сөйлеу мүшелері арқылы жүргізілетін процесс. Сөйлеу – сабақтың маңызды бөлігі. Ағылшын тілінде дұрыс сөйлем құруды үйренбей тұрып, сөйлеуді үйрену мүнкін емес. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсенді қоры болуы керек. Себебі сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды. Демек грамматика және сөздікпен жұмыс өте маңызды деп саналады.
Бағдарламада ауызша сөйлеуге мынадай талаптар қойылған: 1) Сөйлеу тілін түсіну 2) шет тілінде әңгіме жүргізе білу, сөйлей білу. Бұл - сойлеудің тәжирибелік мақсаты.
Сөйлеу екі жақты үрдіс. Ол біріншіден таңдап түсінуден, екіншіден сөйлеуден тұрады.
Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: 1) Диалогтық 2) Монологтық
Диалог- сөйлесу, әңгімелесу деген сөз.екі я одан да көп адамдардың бір-бірімен тікелей сөйлескен сөздерін диалог дейміз. Сөйлеу жасанды болмауы үшін сөйлеу тілінің ерекшеліктерімен таныстыру қажет.
1. Қысқа жауапты пайдалану. How many books do you have? – One.
2. Қысқартылған формаларды пайдалануға үйрету.Doesn’t isn’t.Can’t
3. Кейбір қысқартылған сөздерді пайдалану. Lab – laboratory Maths – mathematics
4. Әңгімелесу тіркестерін қолдану. Of course you see right In fact To tell the truth
5. Диалогтық құрылмдар әртүрлі. Олардың төрт негізгі түрін қарастырайық.
1. Сұрақ – жауап 2. Сұрақ – сұрақ 3. хабарлама – хабарлама 4. хабарлама -сұрақ
Диалогтық сөйлеуге үйретуде осы 4 түрін де қолдану қажет.
Монолог – бір кісінің сөйлеуі, ойы. Монологта белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады. Монологты үш кезеңнен тұрады: Хабарлау Айту Талдау
Ауызша сөйлеуге, яғни шет тілінің әңгімелесу түрін түсінуге және сөйлесуге үйрету үшін әрбір сабақта мұғалім ағылшынтілінде сөйлеуге тиіс. Бұл үшін ағылшын тілінде: a) сыныпқа жаңа материал берілу b) жаңа материлды түсіну c) түсінгенін тексеру d) түсінгенін бекіту керек



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет