Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы


Билет №13 Оқуға үйрету,Дауыстап және іштен оқу



бет23/48
Дата20.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#69605
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48
Байланысты:
Билет №1 Шет тілін о ыту дістемесіні бас а ылымдармен байланы

Билет №13

  1. Оқуға үйрету,Дауыстап және іштен оқу.

Оқу сөйлеу әрекетiнiң рецептивтi түрлерiне жатады. Себебi ол графикалық белгiлердi қабылдаудан түсiнуден тұрады. Оқу сөйлеу әрекетiнiң тыңдау жазу сияқты түрлерiмен тығыз байланысты. Оқу мен жазу дағдыларының шет тiлiн үйретудiң бастапқы кездегi алатын орны ерекше. Оқу мен сөйлеу тығыз байланысты. Оқудың екi түрi бар.
1. Дауыстап оқу
2. Iштен оқу.
Ағылшын тiлiн үйретудегi ең қиын процестiң түрi оқушыны оқуға үйрету. Себебi ағылшын тiлiнде 26 әрiп 44 дыбыстық белгi бар.Егер ағылшын тiлi алфавитiн өз тiлiнiң алфавитiмен салыстырсақ ұқсас әрiптер К,М,Т, ал қалғандары F,G,H,J,R,S,W,Z әрiптерi мүлдем жоқ. Ал қалған әрiптер А,С,Н,О,Ф,У,Х екi тiлге де ортақ. Бiрақ оқылуы әртүрлi. Оқуға үйрету тiлдiң алфавиттегi әрiптердi таныстырудан басталады. Ал ағылшын тiлiн үйретуде тiлдің әрiптерiн жүйесiмен бiрге дыбыстық жүйесiнде қатар үйрену керек. Сөздiң дыбыстық белгiленуi транскрипция арқылы берiледi. Оқушылар дыбыстардың ашық, үндi, дауыссыз, дауысты екенiн және дыбыстың буынның түрiнде оқылу ерекшелiктерiн бiлуi қажет. Ағылшын тiлiнде оқытуда оқудың барлық ережесiне үйрету мүмкiн емес. Бiрақ мынадай оқу ережелерiн бiлу мiндеттi.
1. А әрібiнiң ашық және жабық буында оқылуы. Car, park
2. Мына дифтонгтардың оқылуын бiлу.
Ay, oo, ou,ow.
3. Мына дауыссыз дыбыстардың оқылуын бiлу.
C, s, k, g.
Кейбiр бiр буынды сөздерді оқу да қиындық туғызады. Мыс: son -sun, eye - I. Оқу процесiн жеңiлдету үшiн жаңа сөздердi сөз тiркестерiн, фразаларды алдын-ала оқыту ғажет.
2.Дауыстап оқуға үйрету
Оқуға үйреткенде мұғалім жаттығулардың толық жүйесін оқушылардың дауыстап және іштей оқу қабілеттерін дамыту үшін пайдалану тиіс.
Дауыстап оқуға үйрету үшін мынадай әдістер қолданылады: дыбыстық, сөздік және сөйлемдік әдістер.Дыбыстық әдіс қолданылған кезде оқушы дыбыстарды және олардың графикалық символы әріптерді танып қолдануға үйретіледі.Сөздік әдісте сөз бірден енгізіледі. Бірнеше сөз үйретілгеннен кейін олар жәй сөйлемдерде беріледі. Ал, сөйлемдік әдісте оқу сөйлем арқылы жүзеге асады.Мұғалім бұнда дұрыс интонацияны да үйретеді. Осы әдістердің бірге қолданылуы жақсы оқуға негіз болады.Оқушылар сөздердің графикалық белгілері мен мағынасын оқу арқылы сәйкестендіреді. Бұл кезде көру, тыңдау, қимыл мүшелері жұмыс жасайды. Графикалық белгілер оқушының есінде сақталып қалуы тиіс. Хормен немесе топпен, мұғалімге еліктеп оқу дауыстап оқудың түрлеріне жатады және ағылшын тілі сабағында көп қолданылады. Нәтижесінде оқушы сөзді тек айтып үйренеді де, бірақ оқи алмайды. Сондықтан мұғалімдер әр кезде «сөздерді, фразаларды, сөйлемдерді өзің оқымай, оқушыларға оқуға мүмкіндік бер» деген қағиданы үнемі есте сақтауы керек.Оқуға үйрету кезінде әріп пен сөз, әріптік белгілер арқылы енгізіледі. Ол үшін тақта немесе топшамалар қолданылады.
а) жаңа әріп енгізіледі
в) әріптерден сөздер құрастырылады
с) оқушының әріптерді білуі тексеріледі
Оқыту үшін де осындай тәсілдер қолданылады.
1. Ереже бойынша оқылмайтын сөздер таныстырылады: E.g. lake, plane, have
2. Оқушылардың үнемі шатастырылып оқитын сөздері бекітіледі:
yet- let
form- from
come- some
does- goes
cold- could
wood- would
walk- work
Сөздерге қарап айырмашылық беріп тұрған әріпті табуға үйрету
though- thought
through- though
country- county
Оқуды үйретудің алғашқы кезеңінде мұғалім сөйлемді немесе мәтінді өзі оқып береді. Сонан соң мұғалім жеке оқытады, хормен оқытады, оқуды тексереді, оқушылар оқулықтан оғиды. Бұл жұмыс мына ретпен жалғасады: T-C-P1-P2-P3Дауыстап оқу оқудың түрі ретінде оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылады. Мұғалім оқуға арналған жаттығулар мен мәтіндерді таңдайды. Дауыстап оқуда мұғалім бақылаудың мынадай түрлерін қолданады:
а) диагностикалық оқу (кемшілікті анықтау үшін)
б) үлгімен оқу
с) бақылау оқуы (дұрыс оқу тексеріледі)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет