Цифрлық технологиялар-ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, XXI ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптардың бірі. Бүгінгі таңда тұжырамдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру, білім беруді цифрландыру. Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшумен байланысты. Біз онлайн оқулықтармен виртуалды зертханалар туралы , ашық білім беру мазмұны , әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтады. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітаптары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналады. Оқу үрдісі әрбір білім алушының идентификаторымен байланыстыратын болады, бұл бағалау және бағаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мектептерді цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға, оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар , оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалдв ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды. Сонымен қатар онлайн курстардың бірыңғай платформасы баршаға ақпараттық ағындарға жылдам бейімделуге, ақпаратты бағалауға, ерекше жағдайларда шешімдер қабылдауға , бір сқзбен айтқанда, XXI ғасырдағы дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.
2.eGov порталы ұсынатын мүмкіндіктер . eGov –дегеніміз бұл түрлі мемлекеттік деректер қорынан пайдаланушы туралы жеке және де жалпы ақпараты бар eGov.kz электрондық үкімет порталы. Бұл порталдың мүмкіндіктері өте зор. Бұл портал арқылы үйден шықпай онлайн түрде ,өзіңізге керекті мәліметтерді алуға мүмкіндік береді. Өзіңізге жеке кабинет ашуға болады ол жерден өзіңіз жайлы жеке құжаттарыңызды көре аласыз . Мысалы : Жеке басты куәландыратын құжаттар, тіркелген мекен-жайы және туған жері, неке қию туралы мәліметтер, медициналық ұйымға тіркелу, тұрғын үйге тіркелу туралы мәліметтер. Бұл порталдың сервистері өте көп .Олар eOtinish- мемлекеттік органдарға өтініш беру, ХҚКО-на электронды кезекті брондау, ЭЦК-ны қашықтан алу, жылжымалы мүлік кепілінің бар болуын іздеу, чектерді тексеру , соталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама, зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу. Осы құжаттардың барлығын осы портал арқылы алуға болады.
3.Google Meet платформасымен жұмыс жасау барысы. Google Meet –жоспарланған онлайн сабақтар мен қосымша кеңес беру кездесулеріне арналған платформа. Бұл платформа өте жеңіл, жылдам интерфейске ие және 250 адамға дейінгі кездесулерді оңай басқаруға мүмкіндік береді. Осы платформа жеке, немесе топтық, мәтіндік, дауыстық немесе бейне чаттарды қосатын байланыс.
Платформамен жұмыс жасау барысы:
Браузерде www.gmail.com сілтемесін теріңіз
• Кіру батырмасы.
• Өзіңіздің корпоративтік электрондық поштаңыз.
• Құпия сөзді енгіземіз
• Әрі қарай басамыз
• Gmail поштаның бастапқы беті ашылады
• Әрі қарай Google қосымшасы арқылы Google Meet-ке кіріңіз
• Кездесуге қосылу немесе өзіңіздікін құру командасын басыңыз
• Кездесудің атына сабақтың атын немесе группа атын жазыңыз (латын әріптерін қолданыңыз, сандарды да қолдансаңыз болады)
• Жалғастыру басыңыз
• Әрі қарай meet.google.com-ға микрофон мен камераны қолдануға рұқсат беріңіз, Рұқсат беремін басыңыз
• Қосылу басыңыз
• Әрі қарай қатысушыларды шақыруға терезе ашылады (Қосу батырмасы). Немесе сілтемені көшіріп алып, студенттеріңізге жібере аласыз (WhatsApp, Telegramm және т.б.) Қатысушыға сілтемені жібергеннен кейін, қатысушы өзінің атын жазып, кездесуге қосыла алады. Қатысушы мобильдік құрылғыларға арнайы қосымшаны жүктей алады (Android и iOS).
•Рұқсат беруді басамыз.
•Кездесуді жазу командасы арқылы кездесуді жаза аласыз
•Егер сіз өзіңіздің жұмыс үстеліңіздегі презентация немесе т.б. көрсеткіңіз келсе, Негізгі экранда көрсету → Бүкіл экран командасын қолданыңыз
• Ашылған терезеде Авто қосу → Аудио және бейнеге рұқсат беру таңдаңыз
• Қолжетімділік беру терезесінде Бүкіл экранды таңдаңыз
• Содан кейін Рұқсат беремін басыңыз .
• Содан кейін сіз өзіңіздің жұмыс үстеліңізге қосыласыз, әрі қарай презентация және т.б. көрсете берсеңіз болады
• Кездесуді жазу үшін Кездесуді жазу командасын таңдаңыз
• Жұмыс үстеліңізден шыққыңыз келсе, Тоқтату басыңыз
• Сабағыңыз біткеннен кейін Жазбаны тоқтату батырмасы арқылы жазбаны тоқтатыңыз
• Жазба автоматты түрде Google Дискта сақталады Сақталған жазбаларды көру үшін:
• Поштаның негізгі бетіне өтіңіз
• Жоғарғы жақта белгісін басыңыз
• Содан кейін Дискты басыңыз
• Meet Recordings папкасын ашыңыз
• Бейнежазбалармен терезе ашылады .Бұл бейнежазбаларға қолжетімділік беру үшін, тышқанның оң жағын басып Ортақ қолжетімділікке сілтемені көшіру командасын таңдаңыз Көшірген сілтемені “UNIVER” жүйесінде → Қашықтықтан оқыту курстары → Өткізілген сабақтар хаттамасын жүргізгенге қолдануға болады.