Билет №25 Методика


Екінші сәбилер тобындағы жапсыру



бет3/3
Дата06.03.2023
өлшемі24,81 Kb.
#71959
1   2   3
Байланысты:
25 билет

Екінші сәбилер тобындағы жапсыру.Екінші сәбилер тобында жапсыру сабағы басталады. Қолдарының майда бұлшық еттері жеткілікті дамымағандықтан, қозғалыс үйлесімділігінің нашарлығынан, өз әрекеттерін бақылауы әлсіз болғандықтан екінші сәбилер тобындағы балалардың жас ерекшелігі мен жапсыру жұмыстарының өзіндік ерекшелігі ескеріле отырып, оларға қайшы берілмейді: олар барлық пішіндер мен сұлбаларды дайын күйінде алады.
Бұл жаста қайшы берілмейдібарлық формалар мен силуэттерді дайын күйінде алады.Негізгі түрлерімен танысады, түстерді салыстырып айыра білуге және дұрыс атауға үйренеді.Сәндік аппликация сабағында балаларда ырғақ пен симметрияны сезініп дамытады.Жоғарыда ,төменде, бұрышында, ортасында,жанында,қатарында, бір – бірінің кейін сияқты кеңістік ұғымдарын меңгереді.Негізгі бағдарламалық міндеттерге формаларды қағазға салу мен жапсыру тәсілдерін үйрену кіреді. Аса ауыр тиетіні жапсыру тәсілін меңгеру болып табылады.
Естиярлар тобындағы жапсыру. Мектеп жасына дейінгі естиярлар тобындағы балалардың білімі, іскерлігі екінші сәбилер тобындағыға қарағанда арта түседі. Балалардың қолының еттері қатайып, дами түседі және іс – әрекетті мақсатты түрде бақылау пайда бола бастайды. Бұлардың барлығы жапсыру бойынша сабақты сапалы өткізуге бағытталады. Тәрбиеші балалардың қайшыны қалай ұстағанын, олардың қалай ашқанын, бұның кімдерге қиынға түскенін бақылап тұрады. қайшымен жұмыс істеу қию тәсілдері көрсетіледі.тік үшбұрыштардан қисық кесінділер кесуге, шаршылы диагоналы бойынша кесуге,қағаздан трапеция мен үшбұрыш қиып алуды үйренуі керек.Сәндік жұмыстарды орындау үшін өте үлкен емес дайын шеңбер, сопақша, гүлдер мен жапырақтардың силуэттері ұсынылады. Естиярлар тобында қию алғаш рет жүргізіледі. Сондықтан басты назар қайшымен жұмыс істеу техникасына аударылады, қию тәсілдері көрсетіледі. Бірінші сабақта тәрбиеші қайшыны қалай дұрыс ұстау керектігін көрсетеді. Қағазды кесу тәсілдерін көрсете отырып тәрбиеші алдымен қайшының жүзін ашып, сол қолымен қағаздың жіңішке тілкемін салады да, қайшының сақиналарын басып қалып, кішкентай тілкемнен тік үшбұрыш немесе жолақ шығатынын көрсетуі керек. Жалпақ қағаз тілкемін кескен кезде қайшының жұмыс істеу тәсілін көрсету керек. Балаларды дөңгелек формаларды кесу тәсіліне үйрету процесінде қағазды қолда жайымен айналдыра отырып оларды шаршының, үшбұрыштың тек қана бұрыштарын кесу керектігіне үйрету керек. Бұл – балалар үшін ең қиын тәсілдің бірі, сондықтан алдымен жаттығу үшін жай қағаз, сонан соң түрлі-түсті қағаз беру керек. Қиюдың әдістерін барлығына көрсет. Барлық көрсететін әрекетін нақты сөзбен түсіндіріп, кейде бейнелі салыстыруға жүгінеміз. Сопақшаны қандай қағаз дайындамасынан және қалай қиюға болатынын сұрау балалар үшін аса пайдалы болып табылады. Балалар ойлана отырып, бұл форманы тік үшбұрыштың бұрышын кесіп тастап барып алуға болатынын айтады. Тәрбиеші бұрыштың айналдырыла кесілетінін пысықтайды. Қию техникасын меңгеруді түрлі қызықты аппликациялық бейнелеуді жасаудың кепілі деп түсінулері керек. Алдыңғы тәжірибелерге сүйене отырып мұнымен балалардың белсенді ойлауын, дұрыс шешім табу қабілетін дамытуға болады. Бірқатар жағдайларда репродукциялық әдіс тиімді болып табылады. Тәрбиеші балалардың қайшыны қалай ұстағанын, олардың қалай ашқанын, бұның кімдерге қиынға түскенін бақылап тұрады. Кейде қағазға әуелі саусағымен сызық «сызып», қайшыны сол бойынша жүргізуді ұсынуына болады. Бұл қию тәсіліне байыпты көзбен қарауына көмектеседі. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер бірлікте және өзара тығыз байланыста қарастырылады. Көрнекі құралдардың көмегінсіз-ақ тапсырманы түсіндіре алатын тәрбиеші сөзінің ролі артады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет