7–дәріс Тақырыбы: Жапсыру техникасы Мақсаты



бет1/2
Дата27.02.2023
өлшемі404,46 Kb.
#70106
  1   2
Байланысты:
7-дәріс


7–дәріс
Тақырыбы: Жапсыру техникасы
Мақсаты:Жапсыру техникасының түрлерімен таныстыру. Қағаз және қатырма қағаздан бұйымдар жасауды үйрету.
Дәріс жоспары:

  1. Көркем еңбек сабағындағы қағазбен жұмыстың маңызы, жапсыру түрлері

  2. Жапсыру сабағында қолданылатын әдіс –тәсілдердің ерекшеліктері

1. Жапсырмалау (жапсыру) - дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық- кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгеру. Жапсырудың негізгі құралы қағаз болып табылады.


Қағаз жазуға, сызуға, сурет салуға және түрлі қажеттіліктерге жарайтын ағаштан жасалған материал.
Қағаз дайындау кезеңдерін кесте түрінде көрсетуге болады.
Ағаш дайындау
Ағашты орманнан әкету
Қағаз фабрикаларында қағаз жасау

Қағаз қалай жасалады?


Қағаз жасайтын шикізатты дайындау үшін ағаштарды кеседі. Бұтақ, жапырақ, тамырынан тазартады. Сонан соң ұсақталғанша үгітеді де, ол ұнтағы шыққанша майдалана береді. Бұдан соң ұлпа әр түрлі өңдеуден өтеді. Дымқыл әрі борпылдақ ұнтақ машинадан өтіп, тығыз да теп – тегіс аппақ қағазға айналады.
Қағаз тұңғыш рет 2-ғасырда Қытайда жасалды, Еуропада 11 – 12-ғасырларда пайда болды. Оған негізгі материал ретінде зығыр, мақта, кендір пайдаланылды. Қағаздың 600-ден астам түрі бар. Қағаз 11 топқа бөлінеді:
баспалық қағаз (баспаханалық, офсеттік, иллюстрациялық, картографиялық, т.б.) – тегістігімен, түсінің ақтығымен ерекшеленеді, баспа бояуы жақсы жұғылады. Тұсқағаздар мен газеттік қағаздар да осы топқа кіреді.
Жазбалық қағаз (жазуға, конверттік, карточкалық, т.б. поштаға арналған қағаздар) – бетінің жылтырлығымен, жақсы желімделгіштігімен және сия сормайтындығымен ерекшеленеді.
Сызба және сурет салу қағазы (сурет салу, сызба сызу қағаздары, сызбалық мөлдір және калькалық), әдетте толтырғышсыз (немесе аздап қосылған) массадан жасалады. Мөлдір болу үшін кейбір сорттары көбірек суланып, жоғары қысыммен каландрленеді. Электр оқшаулағыш қағаздың (конденсаторлық, кабельдік, телефондық, оқшаулағыш-орамдық, т.б.) механикалық беріктігі жоғары әрі жақсы диэлектрлік қасиеттерімен сипатталады.
Сіңіргіш қағаз (сүзгілік, сорғыштық, т.б.) фибра, жарғақ, санитарлық-гигиеналық бұйымдар, т.б. өндіру үшін қолданылады. Бұлар кеуектеу келеді де, сұйықты жақсы сіңіреді.
Аппараттық қағаз (таспалық, перфокарталық, т.б.) өте жоғары механикалық беріктігімен сипатталады. Жарық сезгіш қағаз фотографиялық және жарықпен көшіруге қажетті, т.б. қағаз жасауға пайдаланылады.
Көшірмелік қағаз арнайы өңделіп дайындалады.
Орамдық қағаз тағамдық және өнеркәсіптік бұйымдарды орауға, бууға, т.б. пайдаланылады. Бұлар берік талшықты материалдардан және өндіріс қалдықтарынан жасалады.
Өнеркәсіптік-техникалық қағаз патрон, зімпара, диффузор жасауға, жіпке қосуға, дыбыс жазуға қолданылады. Қағаз массасын дайындау бірнеше сатыдан өтеді: талшықты материалдарды ұнтақтау, талшық түріне орай құрам дайындау, массаны бояу, желімдік ерітінді және үстемелер даярлау, т.б.

2.Көркем еңбек сабағында қолданылатын әдіс –тәсілдер


Аппликация (жапсыру) -(латынша арріісаііо — салу) дегеніміз - кез келген материалдан кесіліп алынған әр түрлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отырып тігу немесе жапсыру арқылы көркем бейне жасау әдісі. Аппликацияға әр түрлі материалдар пайдаланылады: былғары, киіз, шұға, ағаштың қабығы, тері, мата, ши, қағаз т.б. Қағаздан аппликация жасау XVI ғасырда пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет