Билет №25 Методика Балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру жұмыстарындағы балабақша мен отбасы арасындағы байланыс.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:
- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;
- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;
- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;
- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;
- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.
Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:
біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;
екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.
Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану. Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.
Балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асырудың теориялық тұжырымдары мен педагогикалық эксперименттік жұмыстары барысында қол жеткен нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
1.Теориялық – әдіснамалық әдебиеттерге талдау жасай келе, «Математикалық ұғым», «сан ұғымы», «қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «санай білу», «ұлттық құндылық» және т.б. ұғымдарының мән-мағынасы ашылып, зерттелу жағдайы айқындалды.
2. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми-теориялық аспектілерн қарастыруда
Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдіснамалық тұрғыдан талдау жасалды.
3. Балабақша мен отбасының бірлескен жұмыстарының әдістемелік-теориялық тұрғыларын сипаттауда отбасы мен балабақшаның сабақтастық мәселелері қарастырылды.
4. ҚР МЖМББС МДОжТ «Таным» білім беру саласының «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» кіші білім беру саласының мақсаттары мен міндеттері талданды.
5. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру барысында кездесетін өзекті мәселелеріне тоқталдық:
- балаларды мектепке дайындау үрдісі әлеуметтік – педагогикалық жағынан әр-түрлі жағдайда өтілуі;
- ата аналар мен көптеген педагог-тәрбиешілер баланың мектепке дайындығы дегенді "санай білу", "сан ұғымын түсіну" деп балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесін жалпылама қабылдауы;
- отбасы мен балабақшаның бірлескен әрекетін ұйымдастыру шараларының әлі де қолға алу керек;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының басым көпшілігі белгілі бір аспектілерді шешуге бағытталған және көбіне теориялық жағын көбірек қамтыған.
- мектепке дейінгі бүлдіршіндердің қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесіне арналған жұмыстардың аздығы мәселесі;
- мектепке баратын бүлдіршіндерге арналған арнайы әдебиеттер мен мемлекеттік тілдегі тәрбиешілерге арналған әдебиеттер тапшылығы да мектепке дайындық үрдісінің шарықтауына кері әсерін береді.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру барысында кездесетін өзекті мәселелер:
- балаларды мектепке дайындау үрдісі әлеуметтік – педагогикалық жағынан әр-түрлі жағдайда өтілуі;
- ата аналар мен көптеген педагог-тәрбиешілер баланың мектепке дайындығы дегенді "санай білу", "сан ұғымын түсіну" деп балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесін жалпылама қабылдауы;
- отбасы мен балабақшаның бірлескен әрекетін ұйымдастыру шараларының әлі де қолға алу керек;
- ғылыми зерттеу жұмыстарының басым көпшілігі белгілі бір аспектілерді шешуге бағытталған және көбіне теориялық жағын көбірек қамтыған.
- мектепке дейінгі бүлдіршіндердің қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесіне арналған жұмыстардың аздығы мәселесі;
- мектепке баратын бүлдіршіндерге арналған арнайы әдебиеттер мен мемлекеттік тілдегі тәрбиешілерге арналған әдебиеттер тапшылығы да мектепке дайындық үрдісінің шарықтауына кері әсерін береді.
2) Спорттық жаттығуларға жалпы сипаттама (шаңғымен жүру, коньки тебу, шанамен сырғанау, велосипед тебу, жүзу).
Мектепке дейінгі жаста техниканы дұрыс игеру негізі, дене қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ моральдыө-ерік қалыптасуы игеріледі, олар дене шынықтыру жаттығулары және спорттың сан-алуан түрлерімен одан әрі ойдағыдай айналысуға мүмкіндік береді. «Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларында» шаңғы, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу тәрізді спорттық жаттығулар көзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, жүйке жүйелерін дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ шынықтыруға көмектеседі. Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе-теңдік, күш, төзімділік дамиды. Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік және кешкі мезгілдерде балалар таза ауада болып келгеннен кейін ұйымдастырылады. Бұл жаттығулар барлық топта бір мезгілде , шағын топпен және жеке жүргізіледі.