Шаңғы
Балаларды шаңғы тебуге үйрету әдістемесі М.П.Голощекина талдап жасаған. Шаңғымен жүру – сүйек аппаратына және бұлшық еттердің барлық топтарына, оның ішінде тұрғаны дұрыс қалыптастыруға көмектесетін жоғарғы үдемелі циклді қозғалыс. Шаңғы тебумен жүйелі түрде айналысу табынның дұрыс қалыптасуына көмектеседі, жүрек – қан тамыр, тыныс алу, жүйке жүйелерін нығайтады, барлық негізгі дене қасиеттерін ептілік, шапшаңдық, көзбен мөлшерлеу, тепе – теңдік сақтау, күш, төзімділік дамытуға көмектеседі. Балаларды шаңғымен жүруге үйретуге дайындық алдын ала жүргізіледі. Бағдарламада шаңғымен жүруге 3-4 жастан бастап үйрету көзделеді. Спорттық жаттығулар бойынша мазмұнына 3-4 жаста шаңғы ларды киіп, шеу, оларды орны қою,сырғанау адымдарымен жүру. 4-5 жаста бірінің артынан бірі сырғанап алға жылжу, оңға және солға қарай жүріп бұрылу, жартылай шырша сияқты аттап төбешікке шығу. 5-6 жаста бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға жылжу, қиылысқан бос жерлермен жүру, байыпты қарқынмен 0,5 – 1 км жерге шаңғымен жүріп өту бір орында тұрып айналып оңға,солға аттау, аласа тәреу бойымен төмен түсу, өз еріктерімен шаңғы алып, орнына қою , киіп,қайта шешу, қолдың астына алып жүру тапсырмалары ұсынылады. Коньки Балаларды конькиге тебуге үйрету әдістемесін Л.Н.Пустинникова талдап жасаған. Конькимен сырғанау бұлшық еттердің негізгі топтарын, әсіресе аяқтың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйесін күшейтеді, зат алмасуды жақсартады. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды алңашқы тұру қалпын дұрыс ұстай білуге, екпіндеп жүгіруге және екі аяқты кезек тіреп оң аяқпен және сол аяқпен сырғанауға, оңға және солға бұрыла білуге, тежеуге және тоқтауға, конькилі ботинканы киюге, конькиді, киімді күтіп ұстауға үйрету керек.
Шана Шанамен сырғанау, әртүрлі қимылдарды өзіне қамти отырып, бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, шынығуға көмектеседі. Сонай-ақ балалардың ерік-жігер қасиеті, жағымды эмоциялары дамиды. Балаларды бірін-бірі шанаға мінгізіп сырғанауға, шананың жанында әр түрлі жаттығуларды орындауға,шананы жотаға алып шығуға, әртүрлі қалыпта және қосымша тапсырмаларды орындап шанамен төмен қарай сырғанауға үйретіледі. Бұған қоса балаларды төбешіктерді жасауңа тартып, төбешіктерді және шаналарын жөндеп күтуге үйретеді. Сәби жастағы балаларды шанамен ересектерге сырғанатады. Балалар 3 жасына шаналарына қуыршақтарын отырғызып, қар салып жіппен сүйреп жүреді. Неғұрылм ересек жасында балалар тура жолмен , шеңбермен айналдырып, бұралаң жолмен бірін-бірі сырғанатады және әртүрлі тапсырмаларды орындайды. Жотадан төмен қарай сырғанау кезінде балалар белгіленген ережелерді сақтауы керек.
Велосипед Балаларды үш дөңгелекті велосипедті тебуге 2 жасынан , екі дөңгелектіні тебуге 5 жасынан бастап үйретіледі: оларды қалай отыруға, одан түсуге, тура, биік, бұралаң жолдармен айдаған кезде велосипедті жүргізе білуге, оңға,солға, артқа бұрылуға, тежеуге тоқтауға үйретеді. Тәрбиеші велосипедтің, тапсырманың баланың шама-шарқына сай болуын және ереженің орындалуын қадағалайды. Бағдарламада
3-4 жастағыларға велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед тебу;
4-5 жаста шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедмен жүру, оңға және солға бұрылыс жасау, оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру ұсынылған.
Жүзу Бала организміне жан-жақты ықпал жасайтын циклді қимыл. Балаларда табанның, қол басының, саусақтардың, мойынның бұлшық еттері дамиды. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзуге үйрету әдістемесін Т.И.Осокина талдап жасаған. Жүзу кезінде сүйек жүйелері нығаяды, организмді шынықтыру, терморегуляция жүзеге асады, зат алмасу , ішкі органдардың жұмысы жақсарады. Ашық хауызда шомылу, жүзу кезіндегі су, күн, ауа балаларға өте пайдалы әсер етеді. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүзеге былай үйретуге болады: қолды судан шығармай кроль әдісімен жүзу, қолды судан шығара етпеттеп кроль әдісімен жүзу, шалқалап кроль әдісімен жүзу. Бағдарламада:
3-4 жастағылар үшін суға кіру және шомылу, су ішінде ойнау
4-5 жастағыларға суға түсу және бату, су ішінде ойнау, су ішінде отырып аяқты жоғары көтеріп, төмен түсіріп қимылдар жасау, судан секіру, суға бетін батыру, суға басын батырып отыру,өз еркімен жүзуге талпыну
5-6 жаста судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау, су түбінде қолын артқа,алға сермеп жүру, суға басын батырып отыру, арөамен және кеудемен сырғанап, суға демін жіберу жаттығулары ұсынылған.
3) Балалар бақшасындағы жапсырмалаудың ерекшеліктері, жапсырмалау түрлері. Екінші сәбилер, естияр топтарында оқыту әдістемесі.
Мектепке дейінгі мекемедегі бағдарламаның шығармашылық сала -сының бірі жапсыру сабағы. Жапсыруға үйрете отырып, балалардың логикалық ойлау қабілеттерін, қол моторикасын, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра түсеміз. Аппликация (жапсыру) -(латынша арріісаііо — салу) дегеніміз - кез келген материалдан кесіліп алынған әр түрлі формалардан, фигуралардан белгілі бір фонға сәйкестендіре отырып тігу немесе жапсыру арқылы көркем бейне жасау әдісі. Жапсыру - мектепке дейінгі жастағы балалардың жапсыру арқылы жасалатын іс-әрекетінің бір түрі. ейнелеу іс-әрекетінің барлық түрлері, соньщ ішіне аппликация да кіреді, балаларда белгілі бір білімнің қалып- тасуына, іскерліктерінің дамуына, дағды мен жеке бастың тәрбиесінің қалыптасу-ына бағытталады.Аппликацияның өзіндік ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрылысы, көлемі, жазықтық формасы мен композициясы туралыбілімді белсене меңгеруге мүмкіндік береді. Қиылған формалардыәрлі-берлі жылжытуға, бір форманы екіншісінің үстіне салып көріп салыстыруға аппликацияның мүмкіндігі мол. Бүл композиялық білім мен іскерлікті жедел игеруге көмеқтеседі, ол тек сюжетті және декорациялық аппликация жасау үшін ғана емес, сондай-ақ сурет салу үшін де маңызды. Жапсырмалаудың ерекшелігі балаларға заттардың түр-түсі туралы, олардың құрлысы, көлемі, жазықтық пішіні мен жиынтығы туралы білімді меңгертуге мүмкіндік береді. Пішіндерді қиып ары-бері жылжытуға, бір пішінді екіншісінің үстіне салып, салыстыруға мүмкіндік береді.
Жапсырмалау түрлері:
- заттық
- симметриялы
- сюжетті
- сәнді
Достарыңызбен бөлісу: |