Билет №6 Жыраулар поэзиясы. Асан қайғының «Еділ бол да, Жайық бол» толғауының тақырыбы мен идеясы


 «Ұйқас және оның түрлері» тақырыбында ой бөлісіңіз, мысал келтіріңіз



бет2/2
Дата29.12.2023
өлшемі18,85 Kb.
#144960
1   2
Байланысты:
6билет

3. «Ұйқас және оның түрлері» тақырыбында ой бөлісіңіз, мысал келтіріңіз.
Қазақ
поэзиясында ұйқастардың түрі көп. Бірақ ең негізгі және көп қолданылатындары
мыналар:

 

1. Қара өлең ұйқас 5. Шалыс ұйқас

2. Шұбыртпалы ұйқас 6. Егіз ұйқас

3. Ерікті ұйқас 7. Аралас келетін ұйқас

4. Кезекті ұйқас 8. Осы күнгі ерікті ұйқастар

1.Қара өлең ұйқасы
Бұл - бұрыннан келе жатқан ұйқастың бір түрі. Қазақ халқының фольклорындағы тақпақ, бір ауыз өлеңдерінің көбі осы ұйқаспен құрылған.
2. Шұбыртпалы ұйқас
Махамбет, Абай, Жамбыл т.б. халық ақындарының өлеңдерінде көп кездесетін
ұйқастың бір түрі - шұбыртпалы ұйқас. Шұбыртпалы ұйқаста өлеңнің барлық жолдары да ұйқасып отырады. Ұйқаспайтын жол не бір, не екі, онда да, ой бітер жердегі аяққы жолы ғана ұйқастан тыс қалады. Бір шумақтағы жолдардың бәрі бір ұйқаспен келеді.


3. Ерікті ұйқас
Қара өлең ұйқасы не шұбыртпалы ұйқас, не төменде айтылмақ ұйқастардың қай-қайсысын алсақ та, алдыңғы бір шумағының жолдары қалай ұйқасса, шумақтың
басқа жолдары да сол ережеге бағынады. Белгілі бір тәртіптен аспайды. Бірақ өлеңнің бәрі бірдей белгілі тәртіппен құрала бермейді. Ұйқастары бірде олай, бірде бұлай болып келетін өлеңдер де бар. Бұлар көбіне жырларда кездеседі. 


4. Кезекті ұйқас

Шумақтың бір жолы ұйқаспай, екінші жолы ұйқасып келсе, кезекті ұйқас дейміз.

Мысалы:

Сәулең болса кеудеңде,
Танымассың, көрмессің,
Мына сөзге көңіл бөл!
Қаптаған соң көзді шел.
Егер сәулең болмаса,
Имамсыздық намазда
Мейлің тіріл, мейлің өл!
Қызылбастың салған жол т.б. (Абай)

Кезекті ұйқас өлеңнің шумағына қарай осы ретпен келе береді. Егер өлеңнің
бір шумағы 4 жолдан тұрса, онда 1-3-жолдары бос қалады, ұйқасатын 2-4-жолдары болады. Ал шумақ бірнеше жолдардан тұрса, жоғарғы тәрізді, ылғи тақ жолдары ұйқассыз қалып, жұп жолдары ұйқасып отырады.
5. Шалыс ұйқас
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір
түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол
ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.

Мысалы:

Шаң шығармас жол дағы,

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ.

(Абай)
6. Егіз ұйқас
Абайдың көп өлеңдерінде ұйқастың жаңа түрін, жоғарғы келтірген өлең
ұйқастарынан өзгеше түрлерін кездестіреміз.

Мысалы:
Алыстан сермеп, ,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Толғауы тоқсан қызыл тіл
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған;


7. Аралас келетін ұйқас

Біз келтірген ұйқастардың бірнешелерінен жиналып кеп жасалған ұйқастар бар.
Бір шумақтың бірнеше тармақтары шалыс ұйқастан, бірнеше тармақтары шұбыртпалы ұйқастан, не егіз ұйқас, не басқа ұйқастардан құралады. Сөйтіп, бір шумақтың өзінің ішінде басқа ұйқастың тармақтары қосылып кеп, жаңаша бір ұйқас туғызады. Осы сықылды ұйқастарды аралас келетін ұйқас деп атайды.


8.Осы күнгі ерікті ұйқастардың бұрынғы жырда келетін ерікті ұйқастардан
айырмасы - жыр өлеңдерінің ұйқастары ерікті түрде келгенмен, әр тармағының буын сандары белгілі мөлшерден онша көп аспайды. Көбіне-ақ 7-8 буын болып отырады. Ал осы күнгі ерікті ұйқастардың әр тармағының буын сандары артық, кемді келе береді. Бұл сықылды ерікті ұйқастың соңына  көбірек түскен ақынның бірі - Сәбит. Сәбиттің «Көмір - коммунизм», «Жүйткі, қара айғырым», «Ақ аю» тағы бірнеше өлеңдері осы ағыммен жазылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет