Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


)Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті



бет63/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79
3)Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті 1-билет
31-билет
1)Кеңестік әдебиетінің қалыптасуы Соғыстан кейінгі жылдары жазба әдебиет те дамыды. Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды. Әдеби жанр түрі көп болғанымен, тақырыптарды таңдау аясы шектелді. Көркемөнер мен әдебиетті жаңғыртпақ болған өнер адамдарының шығармашылығына шек қойылды. 20-30-жылдардағы қуғын-сүргінге ұшырап, таптық методологияға негізделген әдебиет социалистік құрылыстың тек жақсы жақтарын, халықтың социалистік жасампаз өмірін, халықтар достығын, жаңа қоғамдық қатынастарды бейнеледі. Соғыстан кейінгі уақытта әдебиетшілер шығармашылығы қатаң идеологиялық бақылауға алынды. Соған қарамастан 40-жылдардың аяғы мен 50-жылдардың басы Қазақстан кеңестік әдебиетінің гүлденген кезі болды. 1947 жылы М. Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді.
2)1917жылғы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар Үнді халқының ұлт-азаттық күресінің идеясы Дж. Неру былай деп жазған: «Біз бостандықты жақында ғана жеңіп алдық, бірақ біздің күресімізге дем берген ұлттық сезім жүрегімізді әлі де жылытып отыр; ол әрбір азиялықтың жүрегіне жылу ұялатады, өйткені өткен кездегі отаршылдық туралы естелік оның ақыл-ойынан әлі өшкен жоқ. Сонымен ұлтшылдық Азияның кез келген бөлігінде әлі де нақты күш болып отыр».
Ұлттық демократияшыл зиялылар ұлттың азаттық идеясын таратушы, қазақ халқының ұлттық сана-зезімін оятушы, отаршылдыққа қарсы күреске дем беруші болды. Оны Шыңғыс 3ан ұрпағы, Ресейдің либералдық –демократиялық қозғалысының жоғарғы білімді қайраткері, бұрын кадет партиясы Орталық Камитетінің мүшесі болған Әлихан Бөкейханов басқарды. Көрнекті ағартушылар мен демократтар, революциялық қозғалысқа белсене қатысушылар А.Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков, Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар, Ж. Ақбаев және басқа көптеген адамдар оның пікірлестері мен серіктеріне айналды. Алаш қозғалысының әлеуметтік негізі даланың бетке ұстарлары - билердің батырлардың, жартылай феодал байлардың мүдделерін білдірген, капиталистік даму жолына бағдар алған зиялылар болды.Олар сондай-ақ оппозициядағы кең көлемді демократияшыл бұқара- шаруалардың, жұмысшылардың қала демократиясының мүдделерін де білдірді. Қозғалыстың әлеуметтік негізінің ауқымдылығын азаттық қозғалысының жалпы ұлттық көлемімен, оның демократиялық, ағартушылық және отаршылдыққа қарсы сипатымен түсіндіруге болады. Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру идеясы қозғалыстың негізгі өзегіне айналды. Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында «Алаш» партиясының облыстық, ішінара уездік съездеріболып өтті. Мәселен, қазақтардың 1917 жылғы сәуір айында болған Жетісу облыстық съезі жергілікті өзін-өзі басқару орындарының өкілеттігіне жататын мәселелер жиыгтығын қарады. Олардың қатарында азық-түлікпен жабдықтау, жергілікті өзін-өзі басқару, сот ісін жүргізу, салық салу, білім беру және ағарту проблемаларын шешу көзделді. Аграрлық мәселе қызу талқыланды. Атап айтқанда, съезд «облысқа сырттан әкеліп қоныстандыруға жол бермеу» қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет