Билет Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы


)Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы



бет68/79
Дата07.06.2023
өлшемі202,52 Kb.
#99524
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79
2)Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы Шыңғысхан 1206 жылы Онон өзені бойындағы киіз туырлықтылардың Ұлы құрылтайында өзін әлем билеушісі деп жариялады. Моңғол мемлекетін құрған кезденақ, жаулап алу саясатына көшті. Шыңғыс әскерлерінің найман мен меркіттерді, Орман жұрты мен Қытайдың бір бөлігін бағындыруы, Шығыс Түркістанның, Қарлұқтардың ханы мен Алмалықтың билеушісінің өз бетімен моңғолдар билігін мойындауына әкелді. Қарақытай мемлекетінің жойылуынан кейін, Шыңғысхан Орталық Азия даласының жалғыз билеушісіне айналды. Шыңғысхан мемлекеті Хорезм шахы мемлекеті шекара аймағына жақындады. Шыңғысхан мен Хорезм шахы Мұхаммедтің арасында соғыс себептері Шыңғысханның жаугершілік әскери стратегиялық саясаты мен тастай берік қатаң әскери-әкімшілік сипатында жатыр. Мүндай жүйе Түрік қағанаты кезінде өмірге келді. Шыңғысхан империясының халқы да ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мың) болып бөлінді. Мұның үстіне экономикалық мүдде, демек, Орталық Азияны басып өтетін керуендік сауда жолдарын өз бақылауында үстап отырудан түсетін олжаны да ескермеуге болмайды. Бүкіл Орталық Азияны жаулап алу арқылы ол Иран, Ауғанстан, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдеріне жол ашты. Шыңғысхан әскері Хорезм жорығына әскери жағынан да, дипломатиялық айлашарғылар жолымен де мүқият дайындалды. Алдымен Шыңғысхан Хорезмшахтың шеткі аймағы саналатын Отырар қаласына сауда керуенін жіберді. 1218 жылы моңғол керуені Отырар қаласында опат болады. Отырарды қыпшақтың үран тайпасы билеушісінің үлы Қайыр хан (Иналчук) билеп түрды. Осылайша, моңғол-қыпшақ қатынастары шиеленісті, Шыңғысхан әскерлері үлкен дайындықтардан кейін 1219 жылы ерте көктемде Алтай асып, Ертіс бойына келеді. Шыңғысхан Ертіске келген кезде мүндағы түркітілдес тайпалар (керейіт, жалайыр, қоңырат, найман) леклегімен оның қолына қосылды. Шыңғысхан қолы Ертіске аяқ тіреген кезден бастапақ, Қазақ даласы моңғолдардың Хорезм жорығының майданына айналды. Шыңғысхан Ертістің бойында түрып әртүрлі әскеристратегиялық қадамдар үйымдастырады, соғыс тактикасын жасайды. 1219 жылы тамыз айының соңында Ертістен қозғалған қалың қол Сырдарияға еш бөгетсіз келіп жетті. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысханның екі үлы Шағатай мен Үгедей қолдары Отырарды қоршауға алды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет