Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология



бет41/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша анықтайды. Егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;
тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:
қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққы
тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия.
тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия.
артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу – толық, бос, жіп тәрізді болады;

  • тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды:

  • тамыр соғу – қанағаттанарлық кернеу күші

  • тамыр соғуы күшті (қатты), тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).

3)Көзге тамшы тамызу
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні, колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

  3. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

  4. Антисептикалық түрде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  5. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

  6. Оң қолыңызбен тамызғышты алып, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

  7. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқастан жоғары қарауын сұраңыз.

  8. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, көзден 1,5 см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

  9. Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

  10. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

  11. Екінші көзінде тамшыны сол тізбектілікпен тамызыңыз.

  12. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

  • екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

  • бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

  • егер де көзден іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет