Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау. Қолдану көрсетілімдері



бет60/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.
Дайындаңыз:

  • сыйымдылығы 50 мл бір рет қолданылатын контейнерді, контейнердің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімін, палатасының №, науқастың аты-жөнін, жасын, зерттеу мақсатын, күнін);

  • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы - 370С.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның келісімін алыңыз.

  2. Қақырық ерте таңертең (ашқарынға) асқа дейін алынады.

  3. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

  • тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында контейнерді ұстауды; оған жанаспай - бірнеше терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді; 3-5 мл мөлшердей қақырықты контейнерге жинаңыз;

  • қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

  1. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде лабораторияға жіберіңіз.

Ескерту:

  • егер де жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

  • қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа көрсету қажет.

3) Әйелдердің қуығын катетерлеу
Мақсаты: Дер кезінде қуықтағы несепті шығару, кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қайта қалпына келтіру, қуықты жуу.
Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы, қуықты жуу және оған дәрілік, рентгенконтрастық ерітінділерді енгізу, зәр бөліну мүшелеріне және жыныс жүйелеріне операциядан кейінгі кезең, зәр бөліну мүшелерін эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәрді алу, қалдық зәрді анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет