3)Бұлшық етке инъекцияны орындау Мақсаты: емдік - бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жерлері:бөксенің жоғарғы-сыртқы бөлігі, санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі.
Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, сепсис май эмболиясы (тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит, АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 40-60 мм инъекцияға арналған инені, мақта шариктерін қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі: Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:
бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;
санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;
иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.
Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).
Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау керек.
Тері антисептигімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз (стандартты қараңыз).
Шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
МАҚСАТТАҒЫ дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).
Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.
Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: алдымен үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырған үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.
Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтің поршенінен ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).
Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.
Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см-ден кем қалдырмаңыз.
Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.
Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.