7. Венозды, артериальды қысым туралы түсінік. Систолалық және диастолалық қан қысымының қалыпты көрсетілімдері. «Жұмысшы қан қысым» туралы түсінік.
1. Қан қысымы – жүректің жиырылып, босаған кезеңіндегі қан тамырлары қабырғасындағы қан қысымы. Оны сау адамның да, ауру адамның да, жүрек қан тамырлары жүйесінің күйін бағалау мақсатында өлшейді. Қан қысымы жүректің қан шығару мөлшеріне, қанның ағуына, жалпы шеткі қан тамырларының қарсылығына, қан тамырлары қабырғаларының созылмалылығына байланысты. Қан қысымы систола (ең көп), диастола (ең аз) және пульсті (тамыр) қысымдар болып бөлінеді.
Систола қысымы – тамырдағы қан толқыны ең көп көтерілген қысым, ол артерия жүйесінде жүректің сол жақ қарыншасы жиырылғаннан кейін- ақ пайда болады.
Диастола қысымы – жүректің босаңсуының соңындағы қысым, тамырдағы қан толқыны түскен кезде болады.
Систола және диастола қысымдарының арасындағы айырма пульстік қысым деп аталады.
Веналық қысым төмен болады, венадағы қан қысымы қан шығаратын әдіспен өлшенеді. Қан капиллярлар кедергісінен өткен соң, оның қысымы төмендейді. Жіңішке венулаларда қан қысымы с.б.б. 6-15мм. Орташа жуандықтағы веналарда ол одан да төменірек, ал қуысты ірі веналарда қысым с.б.б. теріс 2-5 мм болуы мүмкін. Мұнда қан қысымын анықтау үшін оған кең түтікті ине кіргізіп, инені Вальдман флеботонометрімен байланыстырады. Адамның шынтақ ойығындағы венасында қан қысымы су бағанасы бойынша 60-120мм болады.
Қан қысымын өлшеу – жүрек қан тамыры және дем алу жүйелері аурулары кезінде қолданылатын маңызды диагностикалық әдіс. Қан қысымының қалыпты мөлшері бірқатар себептерге, әсіресе жасына, жүйке жүйесінің жағдайына, тәулік уақытына, т.б. байланысты белгілі бір кезде өзгеріп отырады. Систола қысымы 120-дан 140 мм сынап бағанасына, диастола 60-тан 80 мм сынап бағанасына өзгеріп отырады. Қан қысымы таңертең 5-10 мм сынап бағанасына кем болады.
8. Қызба туралы түсінік, қызбаның жіктелуі. Қызба дегеніміз дене қызуының көтерілуі.Жылу реттегіш және патогенді тітіркендіргіштердің әсеріне жауап ретінде пайда болады.
Қызбаның барысында үш незігі кезең болады оны мейірбике жақсы білуі тиіс, себебі бұл кезде оның мінез-құлқының өз ерекшеліктері болады.
Бірінші кезең дене қызуының көтеріле бастау кезеңі.
Белгілері: Науқастың денесі тітіркенеді,түршігеді, терісі құс еттенеді, еріні көгеріп, аяқ- қолы жансызданып,тоңады, басы ауырып, әлсірейді, көңіл күйі нашарлайды.
Көрсетілетін көмек: Сырқат аяғына жылытқыш қою, қою тәтті шәй беру, қымтап жабу, желорай болдырмау, сырқаттың барлық физиологиялық қызмет атқаруын мұқият қадағалау
Екінші кезең- қызудың өте жоғары көтерілуі- ол улану күйінің күшеюі
Белгілері: Аузынан ыстық леп шығады, шөлдейді, ерні кеберсіп, жарылады, қатты әлсізденіп, денесі, аяқ- қолы сырқырап ауырады, дщене қызуы тым жоғарлағанда сандырақтап(бред),елес(галлюцинация) болуы мүмкін.
Көрсетілетін көмек: жедел дәрігерді шақырту, бұл кезенде сырқатты жалғыз қалдыру өте қауіпті. Ол төсегінен атып тұрып, құлап түсуі, терезеден қарғып кетуі т.б мүмкін. Сырқатқа жеке күзет орнату.Үнемі бақылауда ұстау қажет.
Шешіндіріп, үстіне жеңіл жайма жабу, басына, күре тамырлар өтетін тұсына салқын компресс (2 ас қасық сірке қышқылы 0,5л су) , бас тұсына мұзды мұйық іліп қою, көп мөлшерде сұйықтық беру (морс, жеміс шырыны, кепкен жеміс сусындары, шәй), жалпы жағдайын қадағалау. Күре тамырының соғуын (пульс), қан қысымын бақылау, 5-6 рет шағындап қоймалжың, тез сіңетін, каллориясы жоғары, дәруменді тағам беру.
Ауыз қуысының күтімін жасау, ерні жарылған жағдайда май жағу, дәрігердің белгілеулерін орындап, негізгі ауруын емдеу.
Үшінші кезең- қызбаның төмендеу кезеңі. Ол екі түрге бөлінеді. Кризистік және лизистік.
Кризистік- дене температурасының күрт төмендеуі- жоғарыдан төмен өте тез (40-тан 36°Сқа дейін) түсуі .Шұғыл шаралар жүргізуді талап етеді. Бұл қан тамыры тонусының кенет төмендеуінен, қан қысымының азаюынан, тамырдың нашар соғуы салдарынан болады.
Белгілері:
1. Қызудың кенеттен төмендеуі тердің шамадан тыс бөлініп, организмнің әлсіреуіне соқтырады, аяқ-қолдары суйды, еріндері көгереді.
Көрсетілетін көмек:
1. Дәрігерді шақыру оның белгілеулері бойынша күре тамыр қысымын көтеретін дәрілер егу (кофеин, мезатон1%)
2. Сырқаттың аяқ- қолына жылытқыш қойып, қымтап жабу
3. Ыстық шай немесе кофе беру.
4. Көп терлеуіне байланысты сырқатты құрғата сүртеді, іш киімдерін ауыстырады, төсек жаймаларын ауыстыру.
Лизистік- дене қызуының біртіндеп төмендеуі
Белгілері:Тері шып- шып терлейді, әлсірейді, науқас қызуы төмендеген соң ұйықтап кетеді
Көрсетілетін көмек:Оятуға болмайды, ұйқы күшті қалпына келтіреді, қызба кезінде науқасқа терісіне ерекше күтім қажет, ойылудың алдын алу шараларын жасау керек