Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


Медициналық мекемелердің негізгі түрлері



бет83/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

2. Медициналық мекемелердің негізгі түрлері.
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің тұрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналық көмекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (онын кұрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) здравпункт - МСБ немесе емхананың кұрамдас бөлігі (кәсіпорындарда, құрылыстарда, жоғары және орта оқу орындарында), мұнда алғашқы медициналық көмектен жоспарлы санитарлы-гигиеналык әрі емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі;
4) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардың асқынуларының алдын-алу бойынша емдеу-профилактикалық шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері қабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды анықтау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалық қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді;
5) диспансерлер - белгілі бір аурумен сырқаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялык, психоневрологиялық және т.б.); емдеу және алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихатты жұмыс жүргізеді;
6) жоғары квалифицирленген медициналық көмек керсететін мамандандырылған кенестік-диагностикалық орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.);
8) жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, тұрғындарға шұғыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға өзі баратын, өзі алғашқы көмек көрсететін және науқасты ауруханаға жатқызатын фельдшер басқарады; жедел жәрдем көлігіндегі казіргі кездегі құралдар стационарға дейінгі жолда шұғыл көмек көрсетуге және реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
3. Қабылдау бөлімінің құрылымы және оның негізгі қызметтері.
Қабылдау бөлімі – тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен антропометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізетін және квалифицирленген медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық бөлімше.
Қабылдау бөлімінің негізгі атқаратын қызметтері:
* Науқастарды қабылдау және тіркеу;
* Науқастарды дәрігерлік қарау;
* Шұғыл медициналық көмек көрсету;
* Стационарға госпитализацияға жіберілетін науқастардың бөлімшелерін анықтау;
* Науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізу;
* Сәйкес келетін медициналық құжаттарды дайындау;
* Науқастарды тасымалдау.
Қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта орналасады. Науқастарды қабылдауға арналған оқшауланған ыңғайлы есік болады.
Қабылдау бөлімі
Қабылдау бөлімшесінде келесілер орналасады:
* күту залы;
* бір немесе бірнеше қарау кабинеттері,
* тіркеу бөлмесі (кезекші мейірбикенің кабинеті);
* емшара кабинеті – шұғыл процедуралар жүргізіледі: асқазанды шаю, тазартқыш клизмасы және т.б.
* изолятор;
* санөткізуші (ванна-душ кабинеті);
* лаборатория;
* рентген-кабинет;
* орап-таңу – операциялық бөлме- ұсақ амбулаторлы операцияларды жүргізуге арналған;
* Ауруы белгісіз науқастар уақытша жататын бірнеше палаталар болады.
Науқастарды қабылдау және тіркеу
Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:1. ф. №001/у.2. ф. №ООЗ/у.3. ф. №066/у4. ф. №058/у.5. ф. №060/у.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене қызуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 /у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у ) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) ,060/у формасы-жұқпалы ауруларды тіркеу журналы толтырады.
4. Ойылу туралы түсінік. «Ойылу» анықтамалары. Ойылудың пайда болуына әкелетін негізгі және басқа да факторлар.
Ойылу – тері асты шел қабатының және жұмсақ тіндердің ұзақ қысылуынан, жергілікті қан айналымының бұзылуынан пайда болатын терідегі дистрофикалық, жаралы некротикалық өзгерістер немесе жұмсақ тіндердің өліеттенуі.
Ойылу пайда болатын жерлер: шығыңқы сүйектер, яғни
- науқас шалқасынан жатқанда: шүйде, жауырын, омыртқа жоталары, шынтақ, сегізкөз,
құйымшақ, үлкен ұршық, өкше;
- науқас етбетімен жатқанда: бет сүйектері, бұғана, жамбас астауының алдыңғы беті, тізе, тобықтың сыртқы бөлігі.
Ойылудың пайда болу себептері: .Мейірбикенің дұрыс күтпеуі;
- ауыр халдегі науқастардың ұзақ уақыт бір бағытта жатуы;
- дымқыл, ластанған төсек орындар мен іш киімдер;
- төсектегі бүктемелер және тағам қалдықтары;
- кірлеген тері.
Ойылудың белгілері:
1-ші кезең белгілері: эпидермис пен тері қабаттары зақымданады. Тұрақты гиперемия қызыл-көкшіл дақтармен сипатталады. Гиперемия қысым тоқтағаннан соң кетпейді. Терісі қызарып, ісіп, қабыршықтанады.
Жүргізілетін шаралар: - теріні антисептикалық ерітіндімен өңдеу (камфора спиртінің 10% ерітіндісі, 70% спирт пен жартысы су, 40% спирт пен сулы сабынды ерітіндісі);
- ойылуға қарсы дөңгелектер, жастықшаларды қолдану.
2-ші кезеңнің белгілері: тері жамылғыларының беткей бұзылулары тері асты май қабатына дейін барады. Қызыл-көкшіл дақтармен тұрақты гиперемия сақталады. Эпидермис ажырап, күлбір пайда болады. Сужауыр дамиды.
Жүргізілетін шаралар: - сужауыр айналасын антисептик ерітіндісімен өңдеу;
- сужауырға бриллиант көгінің 1-2 % спирттелген ерітіндісін жағу,
- құрғақ таңғыш қою (таңғыш күніне 2-3 мәрте ауыстырылады).
3-ші кезеңнің белгілері: бұлшық ет қабатына дейін барлық қабаттарының зақымдануы байқалады. Күлбір жарылып, жауыржара дамиды.
Жүргізілетін шаралар: - шіріген тіндерді хирургиялық жолмен алып, жараны асептикалық ерітінділермен жуу;
-майлы таңғыш (1% синтомицин эмульсиясы, Вишневский майы) қою (таңғыш күніне 2-3 мәрте ауыстырылады).
4-ші кезеңнің белгілері: терінің, тері асты торшасы мен басқа да жұмсақ тіндердің, бұлшық еттердің, ауыр түрінде сүйектерге дейін зақымдану байқалып, некроз (шіру) дамиды.
Жүргізілетін шаралар: - некроз тоқтағаннан кейін, хирургиялық жолмен өлген тіндерді алып тастау, жараға асептикалық ерітінділермен таңғыш қою(таңғышты күніне 2-3 рет ауыстырады);
-ірің болған жағдайда антисептиктер ерітіндісімен (3% сутегі асқын тотығы) өңдеу, жараны толығымен тазалап, майлы
таңғыштар қою.
Ойылуды болдырмау үшін оның алдын алу шараларын дұрыс жасау қажет.
Оның негізгі алдын алу шаралары:
- Егер пациенттің жағдайы жараса, оның жату (етбетінен, шалқасынан, оң қырынан, сол қырынан т.б.) қалпын күніне бірнеше рет өзгерту керек.
- Құнарлы тамақтану және жеке бас тазалығын сақтау.
- Науқасқа төсекті тегіс, жайлы етіп дайындау (төселетін ақ жайманың тігісі, қыртысы болмауы).
- Тері тазалығын сақтау.
- Тері ылғалдылығын төмендету.
- Науқастың төсегін күніне бірнеше рет сілкіп кайта салу керек.
- Төсек жапқыш пен іш киімінің бүктеліп қалмауын қадағалау керек
- Терісін жылы сумен жуу немесе антисептикалық ерітінділердің біреуімен
сүрту: камфора қоспасы, камфора спирті, одан кейін құрғатып сүрту керек.
- Терінің гиперемиясы (қызаруы) болған кезде, белгілі бір жердің қан
айналысын жақсарту үшін теріні құрғақ сүлгімен сүрту немесе кварцтау керек.
- Терінің суланып тұрған жерін суық сумен сабындап жуып, спиртпен сүртіп,ұнтақ себу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет