Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология



бет91/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

17. Егуден кейін болатын асқынулар
Асқыну себептері
Асептика ережелерінің бұзылуы
Инъекция орнын дұрыс таңдамау
Егу жасау техникасының дұрыс сақталмауы
Инфильтрат
Т ері астына және бұлшықетке жасалған инъекциялардан кейін жиі кездесетін асқынулар.
Инфильтрат пайда болуының негізгі себептері:
а) инъекция үшін өткір емес инені қолдану;
б) Бұлшықет ішілік инъекция үшін тері асты немесе тері ішіне инъекцияларын орындауға арналған қысқа инемен егу жасау нәтижесінде
в) Инъекция орнын дұрыс анықтамау және егулерді әрдайым бір жерге орындау, сонымен қатар асептика ережелерін сақтамау инфильтрат пайда болуын тудырады.
Асқыну емі: Инфильтрат болған жерге қыздыру компресі, жылытқыш қою
Абсцесс
Жұмсақ ұлпалардың іріңді қабынуы, қуыс пайда болып,оның ішінде іріңнің жиналуы. Абсцесс пайда болуының негізгі себептері инфильтрат туғызушы себептерге ұқсас. Бірақ бұл кезде асептика ережелерін бұзу себебінен жұмсақ ұлпалардың инфекциялануы.
Асқыну емі: хирургиялық ем
Иненің сынуы
а)Инъекция жасауға ескі қалданыстан шыққан инелерді қолданылуы;
б)Егер инъекция жасар алдында науқаспен психопрофилактикалық кеңес жүргізілмей,науқастың егу кезінде жамбас бұлшықеттерінің қатты жиырылуы
в)Инені конюлясына дейін енгізген жағдайда
Асқыну емі: Иненің сынығын емделушіден шығарып алу немесе хирургиялық ем
Майлы эмболия
Тері ішіне және бұлшықетке егу жасаған кезде иненің кездейсоқ тамырға түсуі нәтижесінде немесе майлы ерітінділерді қателікпен көктамырға енгізгендн пайда болатын асқыну. май артерияға түскен жағдайда оны бітеп тіннің қоректенуін бұзады,некрозға соқтырады. Некроз белгілері : егус жасалған жердің ауырсынуы,ісік, терінің қызаруы немесе көгеруі,денесінің немесе егу орнының қызуының жоғарылауы.Егер май ерітіндісі көктамырға енгізілсе ол өкпе тамырларына түсіп,кенеттен тыныс тарылу ұстамасынжөтел, цианоз(кеуденің жоғарғы бөлігінің көгеруі)
Асқыну емі: дәрігер нұсқауымен
18. Пункцияны (плевралды, абдоминалды, стерналды, люмбалды, буын ішіне) өткізу кезінде медбикенің рөлі.
1. Пункция алдында мейірбике:керекті құралдарды дайындайды,құралдарды залалсыздандырады,емделушіні дайындайды,емделушіні пункция жасайтын жерге жеткізеді.
2. Емделушіні қажетті жайға келтіреді.
3. Пункция орнын өңдеуіне болады.
4. Пункция уақытында дәрігерге көмектеседі:,керекті құралдарды әпереді,резеңке түтікке қысқыш салып және алып тұады
5. Пункция жасау барысында емделушінің жағдайын қадағалап отырады.
6. Пункция аяғында пункция орнына өңдеу жасайды.
7. Пункциядан кейін емделушіні палатасына жеткізеді, онда ол 2 сағаттан кем жатпау керек.
8. Емделушінің жағдайын қадағалап отырады.
9. Пробирканы ішіндегімен зертханаға апарады.
10. Құралдарға залалсыздандыру алдындағы тазарту жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет