Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


БИЛЕТ 3 1)Қабылдау бөлімінің құрылымы және оның негізгі қызметтері



бет6/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

БИЛЕТ 3
1)Қабылдау бөлімінің құрылымы және оның негізгі қызметтері.
Қабылдау бөлімі – тіркейтін, қабылдайтын, біріншілік қарау мен антропометрия жүргізетін, келіп түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізетін және квалифицирленген медициналық көмек көрсететін маңызды емдік-диагностикалық бөлімше.
Қабылдау бөлімінің негізгі атқаратын қызметтері:
* Науқастарды қабылдау және тіркеу;
* Науқастарды дәрігерлік қарау;
* Шұғыл медициналық көмек көрсету;
* Стационарға госпитализацияға жіберілетін науқастардың бөлімшелерін анықтау;
* Науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеуден өткізу;
* Сәйкес келетін медициналық құжаттарды дайындау;
* Науқастарды тасымалдау.
Қабылдау бөлімшесі бірінші қабатта орналасады. Науқастарды қабылдауға арналған оқшауланған ыңғайлы есік болады.Қабылдау бөлімі
Қабылдау бөлімшесінде келесілер орналасады:
* күту залы;бір немесе бірнеше қарау кабинеттері,тіркеу бөлмесі (кезекші мейірбикенің кабинеті);
* емшара кабинеті – шұғыл процедуралар жүргізіледі: асқазанды шаю, тазартқыш клизмасы және т.б.
* изолятор;санөткізуші (ванна-душ кабинеті);лаборатория;рентген-кабинет; орап-таңу – операциялық бөлме- ұсақ амбулаторлы операцияларды жүргізуге арналған;Ауруы белгісіз науқастар уақытша жататын бірнеше палаталар болады.Науқастарды қабылдау және тіркеу.Қабылдау бөлімінде түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады:
1. ф. №001/у 2. ф. №ООЗ/у. 3. ф. №066/у. 4. ф. №058/у. 5. ф. №060/у.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене қызуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді. Сонымен қатар, ауруханалық науқастың медкартасының сыртқы бетін (003 /у формасы). Сырқатнаманың төлқұжат бөлімін, ауруханадан шыққан науқастардың санақ картасының сол жақ (066/у ) жартысын, педикулез немесе басқа да жұқпалы ауру анықталғанда СЭС - ке шұғыл хабарлама (058/у формасы) ,060/у формасы-жұқпалы ауруларды тіркеу журналы толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет