2)Халі ауыр науқастың көзін күту. Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, халі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: дәке тампондарын, лотокті, пинцетті (іскекті), ундинканы, көз стакандарын, 1:2000 фурациллин ерітіндісін, вазелин майын, мензуркаларды, физиологиялық ерітіндіні, тамызғыштарды, қолғаптарды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
Қолыңызды антисептикалық түрде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.
Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.
Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.
Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).
Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.
Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет әр-түрлі тампондармен қайталаңыз.
Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде: сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.
Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.
Қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Қолданылған қолғапты, тампондарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.