Билет мейіргер ісінің даму тарихы және философиясы. Кәсіптік этика мен деонтология


Билет 24 1)Рентгенологиялық зерттеу әдістері



бет64/102
Дата08.10.2024
өлшемі243,11 Kb.
#147202
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102
Байланысты:
Мейіргер ісі жауап

Билет 24
1)Рентгенологиялық зерттеу әдістері
Рентгенодиагностика деп ағзаны рентген сәулесімен зерттеуді айтамыз. Оның негізгі тәсілдері – рентгеноскопия, рентгенография және рентгенофлюорография.
Рентгеноскопия - ішкі ағзаны рентгенмен көру және оның анатомдық –физиологиялық ерекшелігі мен қызметін зерттеу.Рентгенография –ішкі ағзаларды рентгенге түсіру.
Рентгенофлюорография –рентген экранынан ірі флюорографиялау, бұл тәсіл жалпы сауықтыру және қалыпты диагностикалық зерттеулерде қолданылады.
Паренхимальды ағзалар (өкпе, жүрек, бүйрек) және сүйекке тексеруді дайындықсыз өткізуге болады. Ал қуыс ағзалар (ас қорыту жүйесі, тамыр, зәр шығару ағзалары, өт қабымен өт жолдары) тексерер алдында ерекше контраст затпен толтырылады.
Компьютерлі томограф.
Жиі қолданылатын рентгенологиялық зерттеу тәсілдері
1. Асқазан рентгеноскопиясы мен рентгенографиясы (асқазанмен қоса өңеш
пен 12 елі ішекті де тексереді).
2. Өкпенің рентгеноскопиясы мен рентгенографиясы.
3. Бронхография –контрасты зат енгізгеннен кейінгі бронх ағашының бейнесі.
4. Ирригоскопия мен ирригография –тоқ ішекке қолданылады.
5. Холецистоскопия мен колецистография -өт қабы үшін қолданылады.
6. Холеграфия -өт жолдарына контраст жіберіп рентгенге түсіру.
7. Рентгеноскопия мен рентгенография –ішкі ағзаларды рентгенмен көру.
8. Көк тамыр арқылы урография –контрасты затты ағзаға жіберіп, бүйрек және есеп жолдарын рентгенге түсіру.
2) Таблетканы, капсуланы, дражені, пилюлЯны қолдану
Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюляны (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

  2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, (дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  4. Науқасқа дәрі-дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Қолыңызды антисептикалық түрде тазартыңыз.

  6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

  7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

  8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюляны науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

  9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.

Ескерту:

  • қабығы бар таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

  • науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

  • дражелер, капсулалар, пилюлялар өзгермеген түрде қолданылады.

  • ашқарынға мақсаттағы дәрі-дәрмектерді таңертеңгі тамаққа 30-60 минут бұрын қалғанда үлестіру керек;

  • тамаққа дейінгі мақсаттағы дәрі-дәрмектерді тамақ қабылдағанға дейін 15 минут бұрын үлестіру керек;

  • тамақ қабылдаған уақытқа мақсаттағы дәрі-дәрмектерді науқас тамақпен ішеді.

  • тамақтан соң мақсаттағы дәрі-дәрмектерді науқас тамақты қабылдағаннан кейін 15-20 минут аралығында ішуі керек.

  • ұйықтататын дәрі-дәрмектерді науқасқа ұйқыға дейін 30 минут қалғанда береді.

3)Ер адамның қуығын катетерлеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет